Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 03.03.2020 № 54-339-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | И.Әділхан |
Аудандық мәслихат хатшысы |
Б.Муталиев |
Бұл шешім Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінде нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылғы 15 шілдедегі №3781 нөмірімен тіркелген.
Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 4-35-VІ шешімімен бекітілген |
Шардара ауданының әлеуметтік көмеккөрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудіңжәне мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы
1. Осы Шардара ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудін, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Әлеуметтік көмек Шардара ауданының аумағында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі.
1. Жалпы ережелер
3. Осы қағидада қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкімтеінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Шардара ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
8) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
9) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын аудандағы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
10) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
12) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі - ШАК) - отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
13) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі-жеке жоспар) - уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;
14) отбасы мүшелерін (адамды) әлеуметтік бейімдеу олардың жеке мұқтаждығына байланысты "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырылған әлеуметтік қолдаудың өзге де шараларын көздейді;
15) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты - ШАК тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
16) отбасының жиынтық табысы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептелетін, шартты ақшалай көмек тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда ақшалай, сол сияқты заттай нысанда алынған табыстың жалпы сомасы;
17) әлеуметтік келісімшарт - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім.
4. Осы қағиданың мақсаты үшін әлеуметтік көмек ретінде Шардара ауданы әкімдігінің мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек мынадай мереке күндеріне ұсынылады:
1) 8 Наурыз "Халықаралық әйелдер күніне"- көпбалалы аналарға, оның ішінде:
"Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) 21-23 наурыз "Наурыз мейрамы" - қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, атап айтқанда:
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың, ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) 7 мамыр "Отан қорғаушы күніне" орай:
жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге, біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) 9 мамыр "Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне":
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелген қорғанысына қатысқан қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСРОдағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдарына, немесе сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелген қалаларда болған адамдарына, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және теңiзшi балалар ретiнде болғандарға, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдарға, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қатынас жолдары Халық комиссариаты, Байланыс Халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин ССР-i, Беларусь ССР-i, Литва ССР-i, Латвия ССР-i, Эстон ССР-i аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдарға, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларына, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің басқа да міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқару кезінде жаралану, контузия алу немесе зақымдану нәтижесінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7 және 8 баптарында көрсетілген адамдардың отбасыларына, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасыларына, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасыларына, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталмаған адамдарға, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) 6 шілде "Астана күніне" орай – Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлері, зейнеткерлер, аудан мектептеріндегі жетім және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан үздік оқушыларды Астана қаласына саяхатқа, бір адамға 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінен аспайтын мөлшерде;
6) 1 желтоқсан "Тұңғыш Президент күніне" орай - үйде тәрбиеленетін және оқытылатын, әлеуметтік қызмет көрсетілетін мүгедек балаларға, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) 16 желтоқсан "Тәуелсіздік күні" мерекесіне – Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалары бар отбасыларға, жалғызілікті қарттарға Ұлттық телехабар тарату қызметіне қосылуын қамтамасыз ету мақсатында біржолғы әлеуметтік көмек ретінде 13,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 80 жастан асқан қарттарға, мүгедектерге, жалғызілікті зейнеткерлерге, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
8) Шардара ауданында тұрақты тұратын қатты отын алу үшін жылына бір рет жалғызілікті қарттарға, жүріп-тұруы қиын 1 топтағы мүгедектеріне, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын, әлеуметтік қызмет көрсетілетін мүгедек балаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 17.03.2017 № 13-93-VI (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.03.2018 № 25-172-VI (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
9. Әлеуметтік көмек мынадай санаттағы азаматтарға ұсынылады:
1) 80 жастан асқан жалғызілікті қарт адамдарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
2) жұқтырған иммундық тапшылықтың синдромы балаларында бар отбасыларына (кәмелетке толған соң індет жұқтырған азаматтарға) ай сайын 21,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) әлеуметтік такси қызметін ұсынуға - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп тұруы қиын мүгедек балаларға, бірінші, екінші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшін, ай сайын 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге өмір сүру сапасын жақсартуға әлеуметтік көмек, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, зейнеткерлерге және мүгедектерге санаторий-курорттық емделуге жолдама алу үшін, біржолғы 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен алпыс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына, жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның тұрғын үйіне зиян келтіруіне байланысты, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектерге қол арбамен қамтамасыз етуге:
серуендеуге арналған қоларбаға біржолғы 55,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бөлмеге арналған қоларбаға біржолғы 24,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, мүгедек балаларға арналған қоларбаға біржолғы 24,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, балалардың церебралды салдары ауруы бар мүгедек балаларға арналған қоларбаға біржолғы 55,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
10) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен алпыс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына, жұмысқа қабілетсіз аз қамтамасыз етілген мүгедектерге, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
11) отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға ірі қара мал алуға, бiржолғы 92 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
12) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
13) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасына, біржолғы 2500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтар бір ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру қажет.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста алпыс пайызынан аспайтын табыстың болуы.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін аудандық мәслихат бекітеді.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
14) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленингардты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа да себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері) біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 17.03.2017 № 13-93-VI (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
10. Аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында, ұлттық валюта курсының төмендеуі орын алған айдан бастап үш ай мерзімге отбасына ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету. Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап үш айға тағайындалады және ай сайын төленеді.
11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірынғай мөлшерде белгіленеді.
12. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыста белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Шардара ауданы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжаты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаты;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларға (одан әрі – Үлгілік қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатын ұсынады.
16. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
17. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
18. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
19. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
20. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
21. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
22. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
23. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
24. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
25. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
26. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
27. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
28. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
29. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
30. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
31. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
32. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
33. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
34. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
35. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
36. Алынып тасталды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 06.03.2019 № 38-249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
37. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда;
5) әлеуметтік келісімшарттың және отбасының белсенділігін арттырудың келісімшартында көрсетілген міндеттемелерін бұзылуы және (немесе) орындалмауы жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
38. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
39. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Әлеуметтік көмек көрсетудің,оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін Айқындаудың үлгілік қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Отбасыны тіркеу нөмірі_______________
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
______________________________________________________
(Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.)(үйiнiң мекенжайы, телефоны)
Р/с | Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә. | Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы | Туған жылы |
Өтiнiшберушiнiңқолы ____________________ Күнi ______________
Отбасы құрамы туралы мәлiметтердi растауға
уәкiлеттi органның лауазымды адамының Т.А.Ә _________________________
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымша Нысан |
ШАК тағайындау үшін әңгімелесу парағы
Өтініш берушінің Т.А.Ә.______________________________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә.
_____________________________________________________________________
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде
шартты ақшалай көмек алуға жүгінген күн _____________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы: ___________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс
орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері):
Отбасы мүшелері | Кәсібі | Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері | Жалпы жұмыс өтілі | Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі | Еңбек дағдылары мен шеберлігі | Жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы |
Өтініш беруші | ||||||
Зайыбы (жұбайы) | ||||||
Басқа ересектер |
Еңбек қызметінің мүмкіндіктері (пікір):
Өтініш беруші: ______________________________________________________
Зайыбы
(жұбайы): ___________________________________________________________
Отбасының басқа да ересек мүшелері: _________________________________
Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас ____________________________
_____________________________________________________________________
Отбасындағы қиындықтар ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) – жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі маманының бағасы _________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Проблемалар, алаңдаушылық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі
келтіреді _________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы _________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басқа _______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тараптардың қолы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік Қатысушы(лар)
бағдарламалар бөлімі
___________________ (қолы) _________________ (қолы)
___________________ (күні) _________________ (күні)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның
(отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
20__ ж. "___" _______
_____________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ____________________________________
2. Тұратын мекенжайы __________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған
өмірлік қиын жағдай
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______
адам, оның ішінде:
Р/с | Т.А.Ә. | Туғанкүні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірлік қиын жағдай |
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам.
Балалардың саны: ______________________________________________
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______
адам, оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы
мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы
мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан
қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер,
туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың,
мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)__________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй,
қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше - көрсету керек):
________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:_______________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_____________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
6. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан
түскен мәлімделген табыс) ________________________________________________________________________________
_______________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек
өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
_______________________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен
қамтамасыз етілуі ___________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы _____
_____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
________________________ ________________________
Комиссия мүшелері:
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. жәнеқолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш
берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
_____________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Учаскелік комиссияның 20__ ж. ___ ______№ ______ қорытындысы
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына
байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар
және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру
нәтижелерінің негізінде
_____________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты
әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды
қоса берілген құжаттармен ___ данада
20__ ж. "___" ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе
уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына 5-қосымша Нысан |
ШАК тағайындау бойынша отбасының белсенділігін арттырудың
әлеуметтік келісімшартын тіркеу журналы
Р/с | Тіркеу нөмірі | Өтініш берушінің Т.А.Ә. | Мекенжайы | Сомасы | Өтініш берушінің қолы | Ескертпе |