Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 4-35-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 13-93-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 11 сәуірде № 4030 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 4-35-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3781 тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдедегі "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Шардара ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

      7 тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) Шардара ауданында тұрақты тұратын қатты отын алу үшін жылына бір рет жалғызілікті қарттарға, жүріп-тұруы қиын 1 топтағы мүгедектеріне, үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:

      "1) 80 жастан асқан жалғызілікті қарт адамдарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      12) тармақшадағы:

      "10" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;

      9 тармақ:

      мынадай мазмұндағы 14) тармақшасымен толықтырылсын:

      "14) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленингардты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа да себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері) біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасының
      өкілеттігін атқарушы Б.Муталиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Б.Муталиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады