Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына, 11-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11094) бұйрығын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 4-4-12/14144-1 хаты негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған басым ауылшаруашылық дақылдарының тізбесі;
2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың 2016 жылға арналған нормалары (1 гектарға) белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.М. Мусинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының | |
әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы "18" қазандағы № 324 қаулысына 1 қосымша |
2016 жылға арналған басым ауылшаруашылық дақылдарының тізбесі
р/с № | Басым ауылшаруашылық дақылдарының атауы |
1 | Жаздық бидай |
2 | Күздік бидай |
3 | Күздік қара бидай |
4 | Қарақұмық |
5 | Тары |
6 | Арпа |
7 | Сұлы |
8 | Дәнді-бұршақты дақылдар |
9 | Майлы дақылдар (күнбағыс, сафлор, зығыр, жаздық рапс, күздік рапс, қыша, арыш, қытай бұршақ) |
10 | Картоп |
11 | Көкөніс және бақша дақылдары |
12 | Қорғалған топырақта өсірілетін көкөністер |
13 | Ағымдағы жылы егілген көпжылдық шөптер |
14 | Бірінші, екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер |
15 | Біржылдық мал азығы дақылдары |
16 | Судан шөбі |
17 | Сүрлемдік жүгері және күнбағыс |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы "18" қазандағы № 324 қаулысына 2 қосымша |
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың 2016 жылға арналған нормалары (1 гектарға)
р/с № | Басым ауылшаруашылық дақылдары | 1 гектарға субсидиялар нормасы, |
1 | Дәнді дақылдар (жаздық бидай, күздік қара бидай, күздік бидай) | 600 |
2 | Жемдік дақылдар (арпа, сұлы) | 3000 |
3 | Жарма дақылдары (қарақұмық, тары) | 5000 |
4 | Бұршақ дақылдары (асбұршақ, аңқа) | 3000 |
5 | Сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс | 4000 |
6 | Судан шөбі | 3000 |
7 | Біржылдық мал азығы дақылдары (жемшөпке арналған дәнді және майлы дақылдар) | 2000 |
8 | Ағымдағы жылы егілген көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер | 3000 |
9 | Суармалы жерде ағымдағы жылы егілген көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер | 6000 |
10 | Екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер | 1500 |
11 | Суармалы жердегі екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер | 3000 |
12 | Ағымдағы жылы егілген көпжылдық астық тұқымдас шөптер | 3000 |
13 | Суармалы жерде ағымдағы жылы егілген көпжылдық астық тұқымдас шөптер | 4000 |
14 | Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін егілген (оның ішінде өткен жылғы күзде) бiрiншi, екiншi және үшiншi өсу жылдарындағы көпжылдық шөптер (тек қана көнежастағы егістікті жырту ескеріледі) | 3000 |
15 | Суармалы шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін егілген көпжылдық шөптер (тек қана көпжылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ескеріледі) | 6000 |
16 | Майлы дақылдар (күнбағыс, сафлор, зығыр) | 3500 |
17 | Рапс, арыш, қыша | 7000 |
18 | Қытай бұршақ | 15000 |
19 | Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерiн қолданып өсiрiлетін қытай бұршақ | 30000 |
20 | Көкөністер | 60000 |
21 | Бақша дақылдары | 15000 |
22 | Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерiн қолданып өсiрiлетін көкөніс және бақша дақылдары, картоп | 150000 |
23 | Өнеркәсіптік үлгідегі қорғалған топырақта өсірілетін көкөністер (екі дақыл айналымына арналған) | 4500000 |
24 | Фермерлік үлгідегі қорғалған топырақта өсірілетін көкөністер (екі дақыл айналымына арналған) | 3000000 |
25 | Картоп | 60000 |