Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына, "Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 9-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 98 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3071, 2013 жылғы 24 қазандағы № 127 (16908) "Дидар", 2013 жылғы 25 қазандағы № 126 (19419) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының | |
әкімі | Д. Ахметов |