Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, "Күршім ауданы Теректі ауылдық округінің және Теректі ауылының атын өзгерту туралы" Күршім аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 қазандағы № 5/6-VI шешімі және Күршім ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 292 қаулысы, "Әкімшілік-аумақтық бірлікті және елді мекендердің құрамдас бөліктерін атау және қайта атау туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 28-7-V шешімі және Бородулиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 307 қаулысы негізінде, облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 1 қарашадағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысының Күршім және Бородулиха аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Күршім ауданы бойынша:
Теректі ауылдық округі Марқакөл ауылдық округі;
Теректі ауылы Марқакөл ауылы;
Бородулиха ауданы бойынша:
Ленин ауылдық округі Құнарлы ауылдық округі болып қайта аталсын.
2. Осы шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Облыс әкімі |
Ж. Шаймарданов | Д. Ахметов |
Облыстық мәслихат | |
Хатшысы | В. Головатюк |