Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27, 50-баптарына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен қаласы әкімінің аппараты және атқарушы органдарының қызметтік куәлік беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы" 2016 жылғы 01 тамыздағы № 1532 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4661 тіркелген, 2016 жылдың 9 қыркүйегінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылдың 22 қыркүйегінде "Алдаспан", "Устинка" газеттерінде жариялан-ған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының | |
әкімі | Е. Аймұқашев |