Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 01 тамыздағы № 1532 "Өскемен қаласы әкімінің аппараты және атқарушы органдарының қызметтік куәлік беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 3755 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 қаңтарда № 4819 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27, 50-баптарына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен қаласы әкімінің аппараты және атқарушы органдарының қызметтік куәлік беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы" 2016 жылғы 01 тамыздағы № 1532 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4661 тіркелген, 2016 жылдың 9 қыркүйегінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылдың 22 қыркүйегінде "Алдаспан", "Устинка" газеттерінде жариялан-ған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының
      әкімі Е. Аймұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады