"Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 01 ақпандағы № 132 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 ақпанда № 4405 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 1015 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 30.06.2016 № 1015 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес және "Мемлекеттік басқару органдарының құрылымының кейбір мәселелері туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы қаулысын орындау үшін, Семей қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Қаулы алғашқы ресми жарияланған қүнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов

  Семей қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "01" ақпан
№ 132 қаулысымен
бекітілген

"Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен, сондай-ақ осы Ережемен белгіленген құзыреті шегінде мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
      7. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігімен бекітіледі.
      8. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Достоевский көшесі, 10, индексі 071400.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қала аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көркейту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
      14. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) қаланың тіршілік қызметін инженерлік қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуін және дамытуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      2) бюджеттік саланың мекемелері мен тұрғындар алатын коммуналдық қызметтер сапасының деңгейін тұрақтандыру және одан әрі өсіру мәселелерінде коммуналдық саладағы кәсіпорындармен өзара әрекет ету;
      3) қалада қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу және көгалдандырудың, санитарлық жағдайының, көріктендірудің қажетті деңгейін қамтамасыз ету;
      4) апаттық және тозған тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастыру;
      5) заңнамамен белгіленген құзыреті шегінде қала аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
      6) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету.
      15. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) көрсетілетін коммуналдық қызметтер деңгейін жоғарылатуға жағдай жасау;
      2) сумен қамту, канализация, жылу, электр желілері объектілерін және басқа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен көріктендіру объектілерін салуды, қайта жаңартуды және жөндеуді ұйымдастыру;
      3) көше жарықтандыру желілерін күтіп ұстау және жарықтандыру, қала аумақтарын көріктендіру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      4) қала аумағының санитарлық жағдайын күтіп ұстау, жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқтарды жерлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      5) нормативтік-құқықтық актілермен ұсынылған өкілеттер шегінде коммуналдық қызметтер саласында баға (тарифтік) саясатын қалыптастыруға қатысу;
      6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін, көріктендіру объектілерін салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оның орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
      7) тұрғын ғимараттарын күтіп ұстау мәселелері бойынша меншік пәтер иелері кооперативтеріне және үй-жай иелеріне құқықтық және ұйымдастырушылық көмек көрсету;
      8) үй жайлар иелерінің кооперативтерін құруға жан-жақты көмек көрсету және тұрғын ғимараттары мен инженерлік жабдықтарды күтіп ұстау бойынша кондоминиумдарды және меншік пәтер иелері кооперативтерін қолдау мәселелерінде өзара әрекет ету;
      9) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін күтіп ұстау және жөндеудің ұйымдастырушылық нысанын енгізу бойынша іс-тәжірибелерді жалпылап, ұсыныстарды әзірлеу;
      10) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау және жекешелендіру шарттарын жасасу, қажет болған жағдайларда жалдаушы мен оның отбасы мүшелерінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп тану туралы шаралар қабылдау;
      11) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;
      12) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке алуды, сақтауды және бөлуді қамтамасыз ету;
      13) иесіз, қараусыз қалған жылжымайтын тұрғын үй мүліктерін анықтап, одан әрі оны қаланың коммуналдық мешігіне тапсыру;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеке санаттағы азаматтарға тұрғын үй беру бойынша қала әкімдігі актілерінің жобаларын және ұсыныстарды дайындау;
      15) көріктендіру және тұрғын үй-коммуналдық маңызы бар объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік комиссияның жұмысына қатысу;
      16) қаланың көріктендіру объектілерін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін дамытудың мақсатты бағдарламаларын қаржылық және материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысу;
      17) жасыл желектерді кесуге актілер беру;      
      18) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөнінде комиссияларға қатысу;
      19) маусымдық пайдаланымға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратын) дайындау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
      20) мекеме құзыретінің шегінде қала әкімінің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, оларды ғылыми сараптамаға бағыттау;
      21) құзыреті шегінде мәселелерді қарастыру кезінде барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттің мүддесін қорғау;
      22) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
      16. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік тұрғын үй қорының мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін қорғайды және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғайды;
      2) көріктендіру саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы қала әкіміне және орындаушы органдарға ұсыныстар енгізу;
      3) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетімен және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде қатысу үлестерімен, мемлекеттік заңды тұлғалар құқықтарының субектісімен иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыру, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыретіне ұқсас шешімдер қабылдау;
      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (хаттарын, шағымдарын, арыздарын, сұраныстарын) уақытында қарау және олар бойынша Мекеме құзыреті шегінде шешім қабылдау;
      5) әзірлеушісі мекеме болып табылатын, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық монитоингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақтылы шаралар қабылдау;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындау.

3. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесімен басшылықты "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) дара басшылық қағидасында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталатын құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетінше шешеді;
      2) белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұрайды және алады;
      3) мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен, мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңесті шақырады;
      4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
      5) сенімхатсыз мекеменің атынан әрекет етеді, барлық ұйымдарда оның мүдделерін қорғайды;
      6) шарттар жасасады;
      7) сенімхаттар береді;
      8) банк шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;
      9) Қазақстан және шетел оқу орталықтарында қызметкерлерді оқыту, тәжірибелері, іс-сапарлары және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге түрлері бойынша мекеменің жоспары мен тәртібін бекітеді;
      10) барлық қызметкерлер үшін міндетті болып табылатын нұсқауларды, бұйрықтарды береді;
      11) мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      12) мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауап береді;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      22. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекiтiлген мүлкі коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел жилищно–коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области"

Постановление акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 01 февраля 2016 года № 132. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 17 февраля 2016 года № 4405. Утратило силу - постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 30 июня 2016 года № 1015

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 30.06.2016 № 1015.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 39 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" и во исполнение постановления акимата города Семей от 19 января 2016 года "О некоторых вопросах структуры органов государственного управления", акимат города Семей ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Отдел жилищно–коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким города Семей Е. Салимов

  Утверждено
постановлением акимата
города Семей
от "01" февраля2016 года
№ 132

Положение о государственном учреждении "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере жилищно-коммунального хозяйства города Семей.
      2. Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, в пределах компетенции, установленной законодательством, а также настоящим Положением.
      6. Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области" утверждаются акиматом города в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области": Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область, город Семей, улица Достоевского, 110, индекс 071400.
      9. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области" осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области".

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области"

      13. Миссия государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области": осуществление государственной политики в сфере жилищно-коммунального хозяйства и благоустройства на территории города.
      14. Задачи государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области":
      1) организация и обеспечение функционирования и развития систем инженерного обеспечения жизнедеятельности города;
      2) взаимодействие с предприятиями коммунальной сферы в вопросах стабилизации уровня и дальнейшего роста качества коммунальных услуг, получаемых населением и учреждениями бюджетной сферы;
      3) обеспечение необходимого уровня благоустройства, санитарного состояния, озеленения и проведения комплекса мероприятий по созданию и поддержанию благоприятной окружающей среды в городе;
      4) организация сноса аварийного и ветхого жилья;
      5) реализация государственных программ на территории города в пределах компетенции, установленной законодательством;
      6) организация мероприятий по сохранению и надлежащей эксплуатации жилищного фонда, обеспечение жильем отдельных категорий граждан в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      15. Функции государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области":
      1) способствование повышению уровня оказываемых коммунальных услуг;
      2) организация строительства, реконструкции и ремонта объектов водоснабжения, канализационных, тепловых, электрических сетей и других объектов жилищно-коммунального хозяйства и благоустройства;
      3) организация работ по освещению и содержанию сетей уличного освещения, благоустройство и озеленение городских территорий;
      4) организация работ по санитарному содержанию территории города, содержанию мест захоронений и захоронение безродных;
      5) в пределах полномочий, предоставляемых нормативными правовыми актами, участие в формировании ценовой (тарифной) политики в сфере коммунальных услуг;
      6) разработка планов мероприятий по строительству, реконструкции и капитальному ремонту объектов жилищно-коммунального хозяйства, объектов благоустройства, и осуществление контроля за их исполнением;
      7) оказание правового и организационного содействия кооперативам собственников квартир и владельцам помещений в вопросах содержания жилых зданий;
      8) оказание всесторонней помощи и содействия в создании кооперативов собственников помещений и взаимодействие в вопросах поддержки кооперативов собственников квартир и кондоминиумов по содержанию жилых зданий и инженерного оборудования;
      9) разработка рекомендаций, обобщение опыта по внедрению организационных форм содержания и ремонта объектов жилищно-коммунального хозяйства;
      10) заключение договоров найма и приватизации жилья из государственного жилищного фонда, в необходимых случаях принятие мер по признанию нанимателя и членов его семьи утратившими право пользования жилищем из государственного жилищного фонда в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      11) проведение инвентаризации жилищного фонда;
      12) обеспечение учета, сохранения и распределения жилья из государственного жилищного фонда;
      13) выявление бесхозяйного, выморочного недвижимого жилого имущества с последующей передачей его в коммунальную собственность города;
      14) подготовка предложений и проектов актов акимата города по предоставлению жилья отдельным категориям граждан в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      15) участие в работе государственных комиссий по приемке в эксплуатацию объектов жилищно-коммунального назначения и благоустройства;
      16) участие в решении вопросов финансового и материального обеспечения целевых программ развития жилищно-коммунального хозяйства, объектов благоустройства города;
      17) выдача актов на снос и на обрезку зеленых насаждений;
      18) принятие участия в комиссиях по приемке выполненных работ по отдельным видам капитального ремонта общего имущества объекта кондоминиума;
      19) осуществление мероприятий по подготовке жилого дома (жилого здания) к сезонной эксплуатации;
      20) разработка проектов нормативных правовых актов акима и акимата города в переделах компетенции учреждения, направление их на научную экспертизу;
      21) представление интересов государства во всех государственных органах при рассмотрении вопросов в пределах компетенции;
      22) осуществление иных функций, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области":
      1) представлять интересы государства по вопросам государственного жилищного фонда и защищает его имущественные права в судах, организациях всех форм собственности;
      2) вносить предложения акиму города и в исполнительные органы о совершенствовании деятельности в сфере благоустройства;
      3) осуществлять права владения и пользования государственным пакетом акций акционерных обществ и долями участия в товариществах с ограниченной ответственностью, субъекта права государственных юридических лиц, в том числе принимать решения, аналогично компетенции уполномоченных органов соответствующей отрасли согласно законодательству Республики Казахстан о государственном имуществе;
      4) осуществлять своевременное рассмотрение обращений (писем, жалоб, заявлений, запросов) физических и юридических лиц и принимать по ним решения в пределах компетенции учреждения;
      5) осуществлять правовой мониторинг нормативных правовых актов акима и акимата, разработчиком которых являлось учреждение и своевременно принимать меры по внесению в них изменений и (или) дополнений или признанию их утратившими силу;
      6) осуществлять иные права и выполнять иные обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области"

      17. Руководство государственным учреждением "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области" задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом города.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области" имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области":
      1) действует на принципах единоначалия и самостоятельно решает вопросы деятельности учреждения в соответствии с его компетенцией, определяемой законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением;
      2) запрашивает и получает в установленном порядке от исполнительных органов материалы, необходимые для решения вопросов, входящих в компетенцию учреждения;
      3) созывает в установленном порядке совещания по вопросам, входящим в компетенцию учреждения, с привлечением представителей заинтересованных организаций;
      4) определяет полномочия работников учреждения;
      5) без доверенности действует от имени учреждения, представляет его интересы во всех организациях;
      6) заключает договоры;
      7) выдает доверенности;
      8) открывает банковские счета и совершает иные сделки в соответствии с законодательством;
      9) утверждает порядок и планы по командировкам, стажировкам, обучению работников в казахстанских и зарубежных учебных центрах и иным видам повышения квалификации работников;
      10) издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников учреждения;
      11) принимает на работу и увольняет с работы работников учреждения;
      12) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на работников учреждения;
      13) принимает меры по противодействию коррупции, и несет за это персональную ответственность;
      14) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      21. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области"

      22. Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области", относится к коммунальной собственности.
      24. Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области"

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей Восточно-Казахстанской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.