Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 19 сәуiрдегi № 29/154-V "Семей қаласы мәслихатының регламентiн бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3346 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 мамырдағы № 42 "Семей таңы", "Вести Семей" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 6 маусымда жарияланған) шешімі;
Семей қаласы мәслихатының 2015 жылғы 16 шілдедегі № 43/238-V "Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 19 сәуiрдегi № 29/154-V "Семей қаласы мәслихатының регламентiн бекiту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4082 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 тамыздағы № 67 "Семей таңы", "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының | |
төрағасы | Қ. Құсайынов |
Қалалық мәслихаттың | |
хатшысы | Б. Ақжалов |