РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1 бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 10 бабының 2-тармағына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 19 сәуiрдегi № 29/154-V "Семей қаласы мәслихатының регламентiн бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3346, 2014 жылғы 30 мамырдағы № 42 "Семей таңы", "Вести Семей", "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 6 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Семей қаласы мәслихатының регламентiнде:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының | |
төрағасы | А. Арғынбекова |
Қалалық мәслихатының | |
хатшысы | Б. Ақжалов |