Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 24.01.2024 № 11/195-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8, 11 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 – бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аягөз қаласы бойынша бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Касымжанов |
Аягөз аудандық | |
мәслихат хатшысы | С. Искаков |
Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8/69-VI шешіміне қосымша |
бағалау аймағының нөмері | Бағалау аймағының шекаралары | Түзету коэффициенті |
---|---|---|
1 | Қаланың орталық бөлігі: солтүстіктен Ш.Уалиханов көшесімен, оңтүстік-шығыс жақтан Х.Дүйсенов көшесімен, оңтүстік жақтан Ғаббасов көшесінің екі жағымен, одан әрі Нуралинов көшесінен "Алматы-Өскемен" тас жолына дейін, батыс жағынан "Алматы-Өскемен" тас жолы бойымен Қарағанды облысына шығатын тас жолға дейін, ары қарай, бұрынғы май зауыты территориясымен қоса алып, тас жол бойымен "Алматы-Өскемен" тас жолынан 150 м орналасқан темір жол тармағынан айналма жолға дейін | 1,6 |
2 | Бұрынғы Казсельхозтеха және Трансельхозтехника ауданы, АЭС, бұрынғы геолог-партиясы территориясы, 9-шы шағын аудан (Солтүстік), ТУСМ | 1,4 |
3 | Батыс бөлігі: бұрынғы "Ет комбинаты" ауданы, РЭЧ ауданы | 1,2 |
4 | Оңтүстік бөлігі: 6-шы және 7-ші квартал территориясы | 0,8 |
5 | Магистралды теміржол желісінен кейін орналасқан қаланың шығыс бөлігі, "Жаңа ауыл" шағын ауданы, 1,2,3,4,5 квартал, 6-шы пункт | 0,7 |
6 | Бұрынғы сыра зауыты ауданы. Солтүстік жағынан Қарағанды облысына шығатын тас жол бойымен, шығыс жағынан "Алматы-Өскемен" тас жолы бойымен, оңтүстік жағынан Аягөз өзені бойымен, батыс жағынан Аягөз қаласы шекарасымен | 1,0 |
7 | Оңтүстік әскери қалашық территориясы | - |
8 | Негізгі құрылыстың солтүстігінде және оңтүстігінде орналасқан, ауылшаруашылығы мақсатында қолдануға берілген; резервке және басқа, қала құрылысына тартылмаған Аягөз қаласының территориясы | 0,5 |