Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 14.03.2018 № 19/167-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 444 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жарма ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 378 бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі және Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 444 бабында белгіленген біріңғай жер салығының базалық мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
2.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | М.Асанова |
Мәслихат хатшысы | А. Сахметжанова |