Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 07.03.2018 № 22-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының 5 тармағына, 444-бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Зайсан ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 378-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 444-бабында белгіленген бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ф.Мухаметқалиев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Д.Н.Ыдырышев |