Кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы № 22-2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 сәуірде № 5577 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46- бабының 2- тармағының 4) тармақшасына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі "Тіркелген салық мөлшерлемелерін бекіту туралы" № 13-3/7 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-97 нөмірімен тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2009 жылғы 13 маусымда жарияланған), Зайсан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қарашадағы "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" № 8-2/6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4789 нөмірімен тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2017 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Бошақов
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Ыдырышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады