РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ""Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 ақпандағы № 37 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3707 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 "Пульс! Зыряновска" және "Көктас таңы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16-тармағының 12) тармақшасы жойылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі | А. Кәрімов |