Зырян ауданының мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 30/5-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 10/3-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 желтоқсанда № 4779 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2019 жылғы 16 қазандағы № 54/2-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 16.10.2019 № 54/2-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Зырян ауданының мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 30/5-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3321 тіркелген, 2014 жылғы 22 мамырдағы "Көктас таңы", "Пульс! Зыряновска" № 20 газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы П. Потапенко
      Зырян ауданының
      мәслихат хатшысы Л. Гречушникова

  Зырян ауданының
мәслихатының 2016 жылғы
29 қарашадағы № 10/3-VI
шешіміне қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының негізінде әзірленген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
      2) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      3) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Зырян ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Шығыс Қазақстан облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      5) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      8) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін қалалар, кенттер, ауылдық округтердің әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      3. Осы Қағиданың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Зырян ауданының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидалармен қарастырылған тәртіпте көрсетіледі.
      5. Осы Қағидалар Зырян ауданының аумағында тіркелген тұлғаларға таралады.
      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек мөлшерлерін анықтау

      8. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі:
      1) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      2) қадағалаусыз қалған, оның ішінде девианттық мінез-құлықты кәмелетке толмағандар;
      3) туғаннан үш жасқа дейінгі бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктері шектелген балалар;
      4) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктерімен байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар адамдар;
      5) Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулары бар адамдар;
      6) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар;
      7) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездікке ұшыраған адамдар;
      8) баспанасыздар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
      9) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар;
      10) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      11) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян алған адамдар;
      12) белгіленген шектен аспайтын өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдар (отбасылар).
      9. Адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысының шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде белгіленсін.
      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 50 (елу) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
      11. Кірісті есепке алусыз ай сайынғы әлеуметтік көмек, әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулары бар және медициналық мекемлердің тізімі бойынша амбулоториялық емделуде жүрген адамдарға - 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі (сома емделуді нақты алуы бойынша тағайындалады).
      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардың санатының тізбесі және шекті мөлшерлері:
      1) 15 ақпан – Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күні, жауынгер-интернационалисттерді еске алу күні, басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға – 50 айлық есептік көрсеткіш;
      2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз:
      "Алтын алқа" алқасымен, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналарға – 5,05 айлық есептік көрсеткіш;
      "Күміс алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналарға – 5,05 айлық есептік көрсеткіш;
      төрт және одан аса бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға - 5,05 айлық есептік көрсеткіш;
      3) Халықаралық радиациялық апаттар мен авариялардың құрбандарын еске алу күні - 26 сәуір - 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға - 50 айлық есептік көрсеткіш;
      4) Жеңіс күні - 9 мамыр:
      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 50 айлық есептік көрсеткіш;
      қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелді қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 50 айлық есептік көрсеткіш;
      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдарға - 50 айлық есептік көрсеткіш;
      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болған адамдарға - 50 айлық есептік көрсеткіш;
      екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдарға - 50 айлық есептік көрсеткіш;
      қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу – көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу – көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелері экипаждарының жұмыскерлеріне – 50 айлық есептік көрсеткіш;
      қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – 50 айлық есептік көрсеткіш;
      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, гетто және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 50 айлық есептік көрсеткіш;
      қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына – 50 айлық есептік көрстекіш;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталғандарға - 5 айлық есептік көрсеткіш;
      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға– 50 айлық есептік көрсеткіш
      6) Қазақстан Республикасының Конституция күні – 30 тамыз – Қазақстан Республикасының алдында сіңірген ерекше еңбектері үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға – 10,6 айлық есептік көрсеткіш.

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей және табыстарын растаусыз Зырян ауданының уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша Зырян ауданының әкімдігімен бекітілген тізімі бойынша көрсетіледі.
      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;
      5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.
      Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.
      15. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға жібереді.
      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      21. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      22. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Үлгілік қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      23. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      24. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас артқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектен тартқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      25. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның жергілікті бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      26. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болғанда;
      2) алушы Зырян ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
      4) өтініш беруші ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіпте қайтарылуы қажет.

5. Қорытынды ереже

      28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі және есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

О внесении изменения в решение маслихата Зыряновского района от 17 апреля 2014 года № 30/5-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение маслихата Зыряновского района Восточно-Казахстанской области от 29 ноября 2016 года № 10/3-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 23 декабря 2016 года № 4779. Утратило силу решением маслихата района Алтай Восточно-Казахстанской области от 16 октября 2019 года № 54/2-VI

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Алтай ВосточноКазахстанской области от 16.10.2019 № 54/2-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", маслихат Зыряновского района РЕШИЛ:
      1. Внести в решение маслихата Зыряновского района от 17 апреля 2014 года № 30/5-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3321, опубликовано в газетах "Көктас таңы", "Пульс! Зыряновска" от 22 мая 2014 года № 20) следующее изменение:
      Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии П.Потапенко
      Секретарь маслихата
      Зыряновского района Л. Гречушникова

  Приложение
к решению маслихата
Зыряновского района
от 29 ноября 2016 года
№ 10/3-VI

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504, определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих правилах:
      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее-уполномоченная организация)- юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан, для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме.
      2) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;
      3) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Зыряновского района по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;
      4) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики Восточно-Казахстанской области;
      5) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;
      6) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;
      7) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;
      8) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Зыряновского района", финансируемый за счет местного бюджета, осуществляющий оказание социальной помощи;
      9) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акимов городов, поселков, сельских округов для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;
      10) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи
      3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом Зыряновского района (далее МИО) в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.
      4. Лицам, указанным в статье 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и статье 16 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.
      5. Настоящие Правила распространяются на лиц, зарегистрированных на территории Зыряновского района.
      6. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие).
      7. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых акиматом Восточно-Казахстанской области.

2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      8. Перечень категорий получателей социальной помощи:
      1) дети сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей;
      2) безнадзорные несовершеннолетние, в том числе с девиантным поведением;
      3) дети от рождения до трех лет с ограниченными возможностями раннего психофизического развития;
      4) лица, со стойкими нарушениями функций организма, обусловленные физическими и (или) умственными возможностями;
      5) лица, имеющие социально значимые заболевания и заболевания, представляющие опасность для окружающих;
      6) лица неспособные к самообслуживанию, в связи с преклонным возрастом, вследствие перенесенной болезни и (или) инвалидности;
      7) лица, подвергшиеся жестокому обращению, приведшее к социальной дезадаптации и социальной депривации;
      8) бездомные (лица без определенного места жительства);
      9) лица, освобожденные из мест лишения свободы;
      10) лица, находящиеся на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции;
      11) лица, получившие ущерб вследствие стихийного бедствия или пожара;
      12) лица (семьи) со среднедушевым доходом семьи, за квартал, предшествующий кварталу обращения, не превышающим установленного порога.
      9. Установить порог среднедушевого дохода лица (семьи) в размере двухкратной величины прожиточного минимума.
      10. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи. Предельный размер социальной помощи составляет 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей.
      11. Ежемесячная социальная помощь без учета доходов оказывается лицам, имеющим социально значимые заболевания и заболевания, представляющие опасность для окружающих и находящимся на амбулаторном лечении по спискам медицинских учреждений в размере – 2,5 месячных расчетных показателей (сумма назначается по фактическому получению лечения);
      12. Единовременная социальная помощь к памятным датам и праздничным дням предоставляется следующим категориям граждан:
      1) День вывода войск с территории Афганистана, день памяти воинов- интернационалистов- 15 февраля-участникам боевых действий на территории других государств-50 месячных расчетных показателей;
      2) Международный женский день – 8 марта:
      многодетным матерям, награжденным подвеской "Алтын алқа", орденами "Материнская слава" I и II степени или ранее получившим звание "Мать-героиня" - 5,05 месячных расчетных показателей;
      многодетным матерям, награжденным подвеской "Күміс алқа" - 5,05 месячных расчетных показателей;
      многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей – 5,05 месячных расчетных показателей;
      3) Международный день Памяти жертв радиационных аварий и катастроф – 26 апреля – лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях и учениях – 50 месячных расчетных показателей;
      4) День Победы – 9 Мая:
      инвалидам и участникам Великой Отечественной войны – 50 месячных расчетных показателей;
      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, проходившим в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии – 50 месячных расчетных показателей;
      лицам вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшим штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входившим в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившимся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии – 50 месячных расчетных показателей;
      лицам, которым в период Великой Отечественной войны находились в составе частей, штабов и учреждений, входивших в состав действующей армии и флота в качестве сыновей (воспитанников) полков и юнг –50 месячных расчетных показателей;
      лицам, принимавшим участие в боевых действиях против фашистской Германии и еҰ союзников в годы второй мировой войны на территории зарубежных стран в составе партизанских отрядов, подпольных групп и других антифашистских формирований – 50 месячных расчетных показателей;
      работникам спецформирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего Союза ССР, морского и речного флота, летно-подъемного состава Главсевморпути, переведенных в период Великой Отечественной войны на положение военнослужащих и выполнявших задачи в интересах действующей армии и флота в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также членов экипажей судов транспортного флота, интернированных в начале Великой Отечественной войны в портах других государств – 50 месячных расчетных показателей;
      гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденные медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда" – 50 месячных расчетных показателей;
      бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны – 50 месячных расчетных показателей;
      супругам военнослужащих, погибших во время Великой Отечественной войны, не вступившим в повторный брак – 50 месячных расчетных показателей;
      награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 5 месячных расчетных показателей;
      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к инвалидам Великой Отечественной войны - 50 месячных расчетных показателей;
      5) День Конституции Республики Казахстан- 30 августа- лицам, которым назначены пенсии за особые заслуги перед Республикой Казахстан - 10,6 месячных расчетных показателей.

3. Порядок оказания социальной помощи

      13. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается, по спискам, утверждаемым акиматом Зыряновского района по представлению уполномоченной организации без истребования заявлений и без подтверждения доходов получателей.
      14. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму поселка, сельского округа представляет заявление с приложением следующих документов:
      1) документ, удостоверяющий личность;
      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;
      3) сведения о составе лица (семьи) согласно приложению 1 к Типовым правилам оказания социальной помощи, установлению размеров и определения перечня категорий нуждающихся граждан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2013 года № 504;
      4) сведения о доходах лица (членов семьи);
      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.
      Лицам (семьям), находящимся в трудной жизненной ситуации, вследствие стихийного бедствия и пожара, заявление подается в течение трех месяцев со дня наступления события.
      15. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      16. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким поселка, сельского округа в течение одного рабочего дня направляют документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).
      17. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к Типовым правилам оказания социальной помощи, установлению размеров и определения перечня категорий, нуждающихся граждан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2013 года №.504 и направляет их в уполномоченный орган или акиму поселка, сельского округа.
      Аким поселка, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.
      18. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.
      19. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима поселка, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с Законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.
      20. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.
      21. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.
      22. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.
      В случаях, указанных в пунктах 17 и 19 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима поселка, сельского округа.
      23. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.
      24. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:
      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;
      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);
      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного порога для оказания социальной помощи.
      25. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных местным бюджетом на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      26. Социальная помощь прекращается в случаях:
      1) смерти получателя;
      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Зыряновского района;
      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;
      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.
      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.
      27. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      28. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".