Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 27.12.2017 № 465 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1–тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңының 18-бабының 4) тармақшасына, 96-бабына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес аудандық коммуналдық мүлік жекешелендірілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Зырян ауданы әкімінің орынбасары А. К. Букатовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданынының әкімі | А. Кәрімов |
Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 412 қаулысына қосымша |
Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық мүліктің тізімі
№ | Мүліктің атауы | Мүліктің орналасқан жері | Мүліктің балансұстаушысы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Құрастырылған, болат құбырлар | Зырян қаласы, аудандық қазандығынын аумағы | "Жылу орталығы" мемлекеттік кәсіпорны |
2 | Бұрынғы газды су дайындау цехтың ғимараты | Зырян ауданы, Октябрьск кенті, Калинина к-сі, 5 | "Зырян ауданы Октябрьск кентінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі |