Ескерту. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімдігінің 31.05.2018 № 225 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6)тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыc орындары санынан қосымшаға сәйкес, мөлшерінде белгіленсін.
2.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Нұрғожин |
Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "22" желтоқсандағы № 458 қаулысына қосымша |
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Тізімдік саны бар ұйымдар | Квота мөлшері (%) |
---|---|
елуден жүз адамға дейін | 2 |
жүзден екі жүз елу адамға дейін | 3 |
екі жүз елуден артық адам | 4 |