Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 225 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 14 маусымда № 5-13-139 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 369 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімдігінің 22.12.2020 № 369 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 46–бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 8-тармағына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14010 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 458 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4848 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 6 ақпандағы жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Нұрғожин

  Катонқарағай ауданының
әкімдігінің
2018 жылғы "31" мамыр
№ 225 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

№    

Ұйымның атауы

Жұмысшылардың саны (адам)

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (бірліктер)

1

"Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" аумақтық мемлекеттік мекемесі

451

4

18

2

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Катонқарағай орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

226

3

7

3

"Катонқарағай мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

115

3

4

4

"Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

102

3

3

5

"Рыков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

56

2

1

6

"Ново-Березовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

52

2

1

7

"Өрел орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

68

2

1

8

"Солдатово орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

2

1

9

" Қабдөш Дамитов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

87

2

2

10

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Катонқарағай аграрлық техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

81

2

2

11

"Үлкен Нарын орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

66

2

1

12

"Солоновка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

57

2

1

13

"Малонарым орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

63

2

1

14

"Чернова орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

58

2

1

15

"Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

55

2

1

16

"Ново-Хайрузовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

2

1

17

"Мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерге және қарт азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Катонқарағай аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

57

2

1

18

"Үлкен Нарын ауылындағы "Балбөбек" бөбекжай бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

58

2

1

19

"Үлкен Нарын ауылдық лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

52

2

1

20

"Катонқарағай ауданының балалар, жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

52

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады