РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының, 5) тармақшасының, 20-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесінің 6, 7, 8, 18-тармақтарының негізінде, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында және жұмысқа орналасуда қиыншылық көретін халықтың әр түрлі топтарын қолдау үшін, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
2. 2016 жылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың қоса беріліп отырған тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары бекітілсін.
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатынан еңбекақысының мөлшері 2016 жылға белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде бекітілсін.
4. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қантардағы "2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" (2015 жылдың 11 ақпандағы № 3677 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, "Жұлдыз" - "Новая жизнь" газеттерінде 2015 жылғы 1 наурыздағы № 16-17 санында жарияланған) № 5 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Р.Смаиловаға жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Сагандыков |
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қантардағы № 13 қаулысымен бекітілген |
2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың тізімі, ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және нақты шарттары
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары:Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күн беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, жұмыс жағдайларын қорытындылай келе, жұмыс уақытын ұйымдастырудың тиімді түрлері қолданылады.
Еңбекақысы жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы, орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделігіне байланысты жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру, зейнетфқы жәңе әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.