2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 13 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 05 ақпанда № 4395 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 109 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 22.04.2016 № 109 қаулысымен (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының, 5) тармақшасының, 20-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесінің 6, 7, 8, 18-тармақтарының негізінде, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында және жұмысқа орналасуда қиыншылық көретін халықтың әр түрлі топтарын қолдау үшін, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
      2. 2016 жылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың қоса беріліп отырған тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары бекітілсін.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатынан еңбекақысының мөлшері 2016 жылға белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде бекітілсін.
      4. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қантардағы "2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" (2015 жылдың 11 ақпандағы № 3677 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, "Жұлдыз" - "Новая жизнь" газеттерінде 2015 жылғы 1 наурыздағы № 16-17 санында жарияланған) № 5 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Р.Смаиловаға жүктелсін.
      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Р. Сагандыков

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 18 қантардағы
№ 13 қаулысымен бекітілген

2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың тізімі, ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және нақты шарттары

№ п/п
Ұйымдардың атауы
Қоғамдық жұмыс түрлері
Атқарылатын жұмыстар көлемі
Сұраныс (жария-ланған қажет-тілік)
Ұсыныс (бекітіл-ген)
Қаржы-ландыру көзі
1
2
3
4
5
6
7
1.
"Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Аумақты жинау, көріктендіру 
күніне 0,5 гектар
 
15
15
Көкпекті ауданының бюджеті
2.
"Көкпекті селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Аумақты жинау, көріктендіру
күніне 1 гектар
 
58
58
Көкпекті ауданының бюджеті
3.
"Бастаушы селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Аумақты жинау, көріктендіру
күніне 0,5 гектар
 
8
8
Көкпекті ауданының бюджеті
4.
"Белое селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Аумақты жинау, көріктендіру 
күніне 0,5 гектар
 
6
6
Көкпекті ауданының бюджеті
5.
"Биғаш селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Аумақты жинау, көріктендіру 
күніне 0,5 гектар
 
5
5
Көкпекті ауданының бюджеті
6.
"Құлынжон селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Аумақты жинау, көріктендіру 
күніне 0,5 гектар
 
8
8
Көкпекті ауданының бюджеті
7.
"Көкжайық селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Аумақты жинау, көріктендіру 
күніне 0,5 гектар
 
8
8
Көкпекті ауданының бюджеті
8.
"Қ.Аухадиев атындағы селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Аумақты жинау, көріктендіру 
күніне 0,5 гектар
 
8
8
Көкпекті ауданының бюджеті
9.
"Мариногорка селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Аумақты жинау, көріктендіру 
күніне 0,5 гектар
 
8
8
Көкпекті ауданының бюджеті
10.
"Миролюбовка селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Аумақты жинау, көріктендіру 
күніне 0,5 гектар
 
8
8
Көкпекті ауданының бюджеті
11.
"Сарыбел селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Аумақты жинау, көріктендіру 
күніне 0,5 гектар
 
6
6
Көкпекті ауданының бюджеті
12.
"Палатцы селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Аумақты жинау, көріктендіру 
күніне 0,5 гектар
 
8
8
Көкпекті ауданының бюджеті
13.
"Самар селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Аумақты жинау, көріктендіру 
күніне 1 гектар
 
48
48
Көкпекті ауданының бюджеті
 
14.
"Тассай селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Аумақты жинау, көріктендіру 
күніне 0,5 гектар
 
7
7
Көкпекті ауданының бюджеті
15.
"Теректі селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Аумақты жинау, көріктендіру 
күніне 0,5 гектар
 
6
6
Көкпекті ауданының бюджеті
 
16.
"Үлкенбөкен селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Аумақты жинау, көріктендіру 
күніне 0,5 гектар
 
7
7
Көкпекті ауданының бюджеті
 
17.
"Үлгілімалшы селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Аумақты жинау, көріктендіру 
күніне 0,5 гектар
 
5
5
Көкпекті ауданының бюджеті
18.
"Шұғылбай селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Аумақты жинау, көріктендіру 
күніне 0,5 гектар
 
5
5
Көкпекті ауданының бюджеті
 
19.
Көкпекті ауданы әкімдігінің "Көкпекті" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
Аумақты жинау, көріктендіру,жайларды жинау
күніне 0,5 гектар
 
5
5
Көкпекті ауданының бюджеті
20.
Көкпекті ауданы әкімдігінің "Самар" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
Аумақты жинау, көріктендіру,жайларды жинау
күніне 0,5 гектар
 
5
5
Көкпекті ауданының бюджеті
21.
"Сәулет, құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"мемлекеттік мекемесі
Аумақты жинау, көріктендіру, жайларды жинау
күніне 0,3 гектар
 
2
2
Көкпекті ауданының бюджеті
22.
"Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Көкпекті аудандық бөлімі (келісім бойынша)
Аумақты жинау, көріктендіру, жайларды жинау

күніне 0,3 гектар
 
2
2
Көкпекті ауданының бюджеті
23.
"Көкпекті ауданының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
Аумақты жинау, көріктендіру, жайларды жинау
күніне 0,3 гектар
 
2
2
Көкпекті ауданының бюджеті
24
"Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
Ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуде көмек 
айына 90 құжат
10
10
Көкпекті ауданының бюджеті

      Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары:
      Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күн беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, жұмыс жағдайларын қорытындылай келе, жұмыс уақытын ұйымдастырудың тиімді түрлері қолданылады.
      Еңбекақысы жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы, орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделігіне байланысты жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру, зейнетфқы жәңе әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
      Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады