Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 06.08.2020 № 253 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 139 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес айқындалсын.
2. Тізбе келісуге Көкпекті аудандық мәслихатына ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Ж.Акимоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Сагандыков |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. Беспаев |
"17" __03___ 2016 жыл |
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "16" _03___ № _74_ қаулысына № 1 қосымша |
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мен басшының орынбасары, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі және күндіз келу бөлімінің меңгерушісі.
2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде барлық мамандықтар дәрігерлері, емдеу-дене шынықтыру кабинетінің нұсқаушысы, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, медициналық бике, психолог, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, жұмыспен қамту орталығы (қызметі) құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының, тобының) маманы, күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметші.
3. Педагогикалық қызметшілер және соларға теңестірілген адамдар, оның ішінде барлық мамандықтар мұғалімдері, мұғалім-дефектолог, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы, әдіскер, музыкалық жетекші, психолог мұғалімі.
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "16" __03__ № _74_ қаулысына № 2 қосымша |
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 20.12.2017 № 428 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, орталық, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары, лагерь бастығы, оның ішінде: кітапхана, интернат, шеберхана, өндіріс, кабинет, оқу - өндірістік пункт, әдістемелік кабинет меңгерушісі.
2. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдары: барлық мамандық мұғалімдері, аға тәрбиеші, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, аға шебер, шебер, аға тәлімгер, оқытушы, концертмейстер, әдістемеші, көркем жетекші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, әлеуметтік педагог, педагог–ұйымдастырушы, қосымша білім педагогы, педагог–психолог, логопед-мұғалімі, дефектолог мұғалімі, алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушы оқытушысы.
3. Мамандар (бас, аға) оның ішінде: кітапханашы, медбике, тәлімгер, хореограф, нұсқаушы, әдіскер, жаттықтырушы.
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "_16__" __03___ № __74__ қаулысына № 3 қосымша |
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Мәдениет саласы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорынның басшылары.
2. Мамандар (бас, аға) оның ішінде: клуб меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі, мәдени шараны ұйымдастырушылар, көркемдік жетекшілер, әртістер, бишілер (хореограф), музыкалық оператор, кітапханашылар, клуб жөніндегі маман, экскурсия жетекшісі, музыканттар, қоюшы-режиссер, үйірме жетекшісі.
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "_16_" __03__ № _74_ қаулысына № 4 қосымша |