Көкпекті ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 253 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 тамызда № 7437 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңы 27 бабына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Көкпекті ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Көкпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Капарович Темиржановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Смаилов

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 6 тамызы
№ 253 қаулысына қосымша

Көкпекті ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулылары

      1. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 74 "Азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4479, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2016 жылдың 5 мамырында жарияланған) қаулысы;

      2. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 72 "Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы "Азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,спорт және ветеринария, саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 74 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5003, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 31 мамырындажарияланған) қаулысы;

      3. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 428 "Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы "Азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,спорт және ветеринария, саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 74 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген нөмірі 5383, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 8 ақпанында жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады