Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 қаңтардағы № 2 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 04 ақпанда № 4388 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 199 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 21.04.2016 № 199 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Қажановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ұлаң ауданы әкімінің міндетін атқарушы Д. Батырбаев
      Келісілді
      Ұлан аудандық мәслихатының хатшысы Н. Сейсембина
      2016 жылғы "6" қаңтар

  Ұлан ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "6" қаңтар 2
қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;
      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.
      2. Білім беру саласы мамандарының лауазымдары:
      1) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      2) психолог;
      3) тәрбиеші;
      4) әдіскер;
      5) зертханашы;
      6) логопед;
      7) дефектолог.
      3. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
      1) директор, басшы;
      2) бөлімше басшысы;
      3) директордың, басшының орынбасары;
      4) сектордың, бөлімнің меңгерушісі;
      5) сектор басшысы;
      6) барлық аталымдағы суретшілер;
      7) аға ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер;
      8) мұражайдағы бас сақтаушы, қор сақтаушысы;
      9) экскурсия жетекшісі;
      10) мұражай қараушысы;
      11) әдіскер, аға әдіскер;
      12) мұрағатшы.
      4. Спорт саласы мамандарының лауазымдары:
      1) басшы, директор;
      2) директордың, басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
      3) нұсқаушы, әдіскер-нұсқаушы;
      4) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы.
      5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің басшысы және орынбасары;
      2) ветеринарлық дәрігер;
      3) ветеринарлық эпизоотолог;
      4) ветеринарлық паразитолог;
      5) ветеринарлық терапевт;
      6) ветеринарлық техник;
      7) ветеринарлық санитар
      8) ветеринарлық фельдшер;
      9) малды қолдан ұрықтандыру жөніндегі оператор.

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Постановление Уланского районного акимата Восточно-Казахстанской области от 06 января 2016 года № 2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 04 февраля 2016 года № 4388. Утратило силу - постановлением Уланского районного акимата Восточно-Казахстанской области от 21 апреля 2016 года № 199

      Сноска. Утратило силу - постановлением Уланского районного акимата Восточно-Казахстанской области от 21.04.2016 № 199.
      Примечание РЦПИ.
       В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового Кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Уланский районный акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить перечень должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности согласно приложению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Уланского района Д. Қажанова.
      3. Постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Исполняющий обязаности
      акима Уланского района Д. Батырбаев
      Согласовано
      Секретарь маслихата Уланского района Н. Сейсембина
      "6" январь 2016 года

  Приложение к постановлению акимата Уланского района № 2
  от 6 января 2016 года

Перечень должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

      1. Должности специалистов социального обеспечения:
      1) руководитель и заместитель руководителя государственного учреждения и казенного предприятия;
      2) специалист по социальной работе.
      2. Должности специалистов образования:
      1) учитель всех специальностей;
      2) психолог;
      3) воспитатель;
      4) методист;
      5) лаборант;
      6) логопед;
      7) дефектолог.
      3. Должности специалистов культуры:
      1) директор,руководитель;
      2) руководитель подразделения;
      3) заместитель директора, руководителя;
      4) заведующий сектором, отделом;
      5) руководитель сектора;
      6) художники всех наименований;
      7) старший научный сотрудник, младший научный сотрудник, ведущий научный сотрудник, научный сотрудник;
      8) главный хранитель в музеях, хранитель фондов;
      9) экскурсовод;
      10) музейный смотритель;
      11) методист, старший методист;
      12) архивист.
      4. Должности специалистов спорта:
      1) руководитель, директор;
      2) заместитель директора, руководителя по учебной работе;
      3) инструктор, инструктор-методист;
      4) старший тренер, тренер.
      5. Должности специалистов ветеринарии:
      1) руководитель и заместитель руководителя государственного учреждения;
      2) ветеринарный врач;
      3) ветеринарный эпизоотолог;
      4) ветеринарный паразитолог;
      5) ветеринарный терапевт;
      6) ветеринарный санитар;
      7) ветеринарный техник;
      8) ветеринарный фельдшер;
      9) оператор по искусственному осеменению животных.