РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Қажановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлаң ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Д. Батырбаев |
Келісілді | |
Ұлан аудандық мәслихатының хатшысы | Н. Сейсембина |
2016 жылғы "6" қаңтар |
Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "6" қаңтар № 2 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.
2. Білім беру саласы мамандарының лауазымдары:
1) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
2) психолог;
3) тәрбиеші;
4) әдіскер;
5) зертханашы;
6) логопед;
7) дефектолог.
3. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
1) директор, басшы;
2) бөлімше басшысы;
3) директордың, басшының орынбасары;
4) сектордың, бөлімнің меңгерушісі;
5) сектор басшысы;
6) барлық аталымдағы суретшілер;
7) аға ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер;
8) мұражайдағы бас сақтаушы, қор сақтаушысы;
9) экскурсия жетекшісі;
10) мұражай қараушысы;
11) әдіскер, аға әдіскер;
12) мұрағатшы.
4. Спорт саласы мамандарының лауазымдары:
1) басшы, директор;
2) директордың, басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
3) нұсқаушы, әдіскер-нұсқаушы;
4) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы.
5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің басшысы және орынбасары;
2) ветеринарлық дәрігер;
3) ветеринарлық эпизоотолог;
4) ветеринарлық паразитолог;
5) ветеринарлық терапевт;
6) ветеринарлық техник;
7) ветеринарлық санитар
8) ветеринарлық фельдшер;
9) малды қолдан ұрықтандыру жөніндегі оператор.