"Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 49 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 сәуірде № 4319 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 345 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 23.11.2016 № 345 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. М. Ихсанғали) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. М. Мәкенге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2016 жылғы 1 наурыздағы № 49
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тіл саясатын жүргізу саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090006, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілді кең ауқымды қолдану үшін жағдай жасау, мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүзеге асыру және Батыс Қазақстан облысында тұратын халықтар тілдерін дамыту болып табылады.
      14. Міндеттері:
      1) мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру;
      2) мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;
      3) қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;
      4) тіл мәдениетін жетілдіру;
      5) ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену.
      15. Функциялары:
      1) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      2) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
      4) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асыру;
      5) ұлттық-мәдени бірлестіктердің ана тілдерін дамыту мәселесі бойынша қызметтерін үйлестіру;
      6) Батыс Қазақстан облысында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру;
      7) Қазақстан Республикасы азаматтарының ағылшын тілін меңгеруі үшін жағдай жасау;
      8) облыстық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау;
      2) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      3) өзінің құзыреті мен өкілеттігі шегінде мемлекет меншігіндегі мүлікті пайдалануды жүзеге асыру;
      4) өзінің заңды мәртебесінен және осы Ережеден туындайтын басқа да құқықтар, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігі жүктейтін құқықтар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
      1) "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      2) "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдер басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      4) "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      6) "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
      9) гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      10) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков"

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 1 марта 2016 года № 49. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 4 апреля 2016 года № 4319. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 23 ноября 2016 года № 345

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 23.11.2016 № 345 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      Руководствуясь Гражданским кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков".
      2. Государственному учреждению "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" (Ихсангали М. М.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Западно-Казахстанской области Макена Б. М.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким области Н. Ногаев

  Утверждено
постановлением акимата
Западно-Казахстанской области
от 1 марта 2016 года № 49

Положение
о государственном учреждении
"Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере государственной языковой политики.
      2. Государственное учреждение "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: индекс 090006, Республика Казахстан, Западно-Казахстанская область, город Уральск, улица Х. Чурина, дом 116.
      9. Полное наименование государственного органа – государственное учреждение "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков".
      Если государственному учреждению "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности
государственного органа

      13. Миссией государственного учреждения "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" является эффективное осуществление государственной языковой политики, создание условий для полномасштабного применения государственного языка во всех сферах общественной жизни, а также развитие языков народов проживающих в Западно-Казахстанской области.
      14. Задачи:
      1) повышение престижа употребления государственного языка;
      2) повышение востребованности государственного языка;
      3) усовершенствование и систематизация лексического фонда казахского языка;
      4) совершенствование языковой культуры;
      5) изучение английского и других иностранных языков.
      15. Функции:
      1) осуществление контроля за соблюдением законодательства Республики Казахстан о языках территориальными подразделениями центральных исполнительных органов и районными исполнительными органами;
      2) осуществление контроля за соблюдением законодательства Республики Казахстан о языках в части размещения реквизитов и визуальной информации;
      3) дает рекомендации об устранении нарушений требований, установленных законодательством Республики Казахстан о языках, применяет меры административного воздействия на основании и в порядке, предусмотренных законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях;
      4) осуществление комплекса мер областного значения, направленных на развитие государственного и других языков;
      5) координация деятельности национально-культурных объединений по вопросам развития родных языков;
      6) организация обучения государственного языка граждан Республики Казахстан, проживающих в Западно-Казахстанской области;
      7) создание условий для обучения английскому языку гражданам Республики Казахстан;
      8) обеспечение деятельности областной ономастической комиссии.
      16. Права и обязанности:
      1) сохранение языкового многообразия в Казахстане;
      2) запрашивать и получать от государственных органов, иных организаций, должностных лиц и граждан необходимую информацию по вопросам государственной языковой политики;
      3) в пределах своей компетенции и полномочий осуществлять пользование имуществом, находящимся в государственной собственности;
      4) иные права, вытекающие из его юридического статуса и настоящего Положения, а также права возложенные акиматом и акимом области.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственным учреждением "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" назначается на должность и освобождается от должности акимом Западно-Казахстанской области в установленном законом порядке.
      19. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков":
      1) организует и руководит работой государственного учреждения "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков", несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" задач и осуществления им своих функций;
      2) определяет обязанности и полномочия руководителей отделов и работников государственного учреждения "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков";
      3) ведет работу по борьбе с коррупцией и несет персональную ответственность за работу в этом направлении;
      4) в соответствии с действующим законодательством назначает и освобождает от должностей работников государственного учреждения "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков";
      5) в установленном законодательством порядке решает вопросы поощрения, оказания материальной помощи, наложения дисциплинарных взысканий на работников государственного учреждения "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков";
      6) утверждает положения об отделах и должностные инструкции работников государственного учреждения "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков";
      7) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;
      8) представляет государственное учреждение "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" в государственных органах и иных организациях;
      9) проводит работу по вопросам гендерной политики и несет персональную ответственность в этом направлении;
      10) в установленном порядке решает вопросы финансово-экономической и хозяйственной деятельности, контролирует рациональное и целевое исполнение бюджетных средств;
      11) в соответствии с законодательством Республики Казахстан осуществляет и другие полномочия.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      20. Государственное учреждение "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      21. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" относится к коммунальной собственности.
      22. Государственное учреждение "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков" осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.