Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. М. Ихсанғали) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. М. Мәкенге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
2016 жылғы 1 наурыздағы № 49 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
"Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тіл саясатын жүргізу саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090006, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
13. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілді кең ауқымды қолдану үшін жағдай жасау, мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүзеге асыру және Батыс Қазақстан облысында тұратын халықтар тілдерін дамыту болып табылады.14. Міндеттері:
1) мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру;
2) мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;
3) қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;
4) тіл мәдениетін жетілдіру;
5) ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену.
15. Функциялары:
1) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
2) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
4) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асыру;
5) ұлттық-мәдени бірлестіктердің ана тілдерін дамыту мәселесі бойынша қызметтерін үйлестіру;
6) Батыс Қазақстан облысында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру;
7) Қазақстан Республикасы азаматтарының ағылшын тілін меңгеруі үшін жағдай жасау;
8) облыстық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау;
2) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұрату және алу;
3) өзінің құзыреті мен өкілеттігі шегінде мемлекет меншігіндегі мүлікті пайдалануды жүзеге асыру;
4) өзінің заңды мәртебесінен және осы Ережеден туындайтын басқа да құқықтар, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігі жүктейтін құқықтар.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
2) "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдер басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
4) "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
6) "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
9) гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
10) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.