Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 5-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 тамызда № 4524 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 28-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 28.08.2019 № 28-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, облыс аумағында 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексін, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары бекітілсін.
      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Жақыпов
      Облыстық мәслихат хатшысы М. Құлшар

  Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2016 жылғы 22 шілдедегі № 5-3
шешімімен бекітілген

Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 "Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 ақпанда №10183 болып тіркелді) сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы және үй, жабайы жануарлар;
      2) қаңғыбас жануарлар – адамның қарауынсыз қалған немесе жартылай еркін топ болып құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті үй жануарлары.
      3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, тасымалдау, уақытша ұстау және жою аудандар мен облыстық маңызы бар қаланың (аудандар мен Орал қаласының ветеринарлық станциялары) жергілікті атқарушы органдары құрған, ветеринария саласындағы қызметтті жүзеге асырып жатқан мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар (бұдан әрі – Ұйым) жүзеге асырады.
      Мемлекеттік сатып алу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда, аудандар мен облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, тасымалдау, уақытша ұстау және жоюға жеке және заңды тұлғаларды тартуға құқылы.

2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау

      4. Аулау мына мақсаттарда жүзеге асырылады:
      1) адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алу;
      2) жануарлар ауруларының және олардың салдарының алдын алу және болдырмау;
      3) халықты адам мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау;
      4) жануарларды иелеріне қайтару;
      5) қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу.
      Аулау тиісті аумақта тұрып жатқан тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтай отырып, адамгершілік қағидаттарын сақтай отырып ұйымдастырылады және жүргізіледі.
      5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау кестесіне сәйкес Ұйым қызметкерлерімен жүзеге асырылады, сонымен қатар, тиісті әкімшілік-аумақтың жергілікті атқарушы органдары тапсырысымен, қаңғыбас иттер мен мысықтар көптеп жиналған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
      6. Ұйым аулаумен айналысатын қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етеді, нұсқамалық түсінік жүргізеді, азаматтардың талабы бойынша көрсетілетін иттер мен мысықтарды аулау құқығын растайтын куәлік береді.
      7. Ұйым аулау және жою құрал-жабдықтарымен жабдықталады (ілмекті аулау құралдары, торқапшықтар, торлы дорбалар және (немесе) фармакологиялық дәрі-дәрмекті пневматикалық ату құралдары).
      8. Аулауға, иесі кәсіпорындар мен мекемелердің жанында байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда иесіз жүрген, сондай-ақ адамның қарауынсыз қалған немесе жартылай еркін топ болып құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті иттер мен мысықтар жатады.
      9. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы алдын алу екпелерін алған, психоневрология және наркология диспансерлерінің есебінде тұрмайтын тұлғалар жіберіледі.
      10. Аулауды жүргізу кезінде Ұйым қызметкерлеріне:
      1) ауланған иттер мен мысықтарды иеленуге және оларды басқа тұлғаларға беруге;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды қимылсыз қалдыру үшін фармокологиялық дәрі-дәрмекпен оқталған пневматикалық ату құралын 10 метрден астам қашықтықта қолдануға;
      3) аулау кәмелет жасқа толмаған балалардың көзінше, қаңғыбас иттер мен мысықтардың қылығы адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайдан басқа кезде;
      4) адамдарға бағыттап атуға жол берілмейді.
      11. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар олардың кімге тиесілі екендігі анықталғанша уақытша ұстауға арналған мамандырылған мекемеге жеткізіледі.
      12. Қаңғыбас иттер мен мысықтар адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген жағдайда (агрессиялық мінез-құлық және (немесе) құтыру ауруы күдігі болғанда) Ұйыммен кідірмей жойылады.
      13. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаумен айналысатын қызметкерлерге сот шешімісіз немесе учаскелiк полиция инспекторының қатысуынсыз пәтерлерден, жеке үйлердің ауласынан, дүкен, дәріхана және басқа мекемелердің маңында уақытша байлаудағы жануарларды алып кетуіне жол берілмейді.
      14. Адамдарды немесе жануарларды тістеген иттер, мысықтар және басқа да жануарларды (құтырудың айқын белгілері бар жануарлардан басқа) иелері немесе кәсіпорындардың және (немесе) мекемелердің өкілдері, күнтізбелік 10 күн ішінде оқшауда және ветеринариялық мамандардың бақылауында болу үшін Ұйымға немесе жақын маңда орналасқан ветеринариялық емдеу мекемесіне жеткізуі қажет.
      15. Күнтізбелік 10 күні ішінде оқшауланған бөлмеде ұстау және ветеринариялық дәрігерге тексеріп қарауға мүмкіндік беру жазбаша міндеттемесінің негізінде, ветеринариялық емдеу ұйымы рұқсатынан, адамдарды немесе жануарларды тістеген жануарды, жекелеген жағдайда иесіне қалдыруға рұқсат беріледі.

3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған мамандырылған мекемелерге тасымалдау

      16. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдаған кезде олардың тамаққа және суға қажеттіліктері қанағаттандырылады, оған қоса олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
      17. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдауға арналған көлік құралы арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталады, оған қоса жануарларды тиеу мен түсіру кезінде жануарлардың жарақаттануын және (немесе) өлуін болдырмайтын қондырғылар пайдаланылады.
      18. Бір-бірімен табиғи байланыстағы немесе бір-біріне бейтарап болып табылатын түрлерден басқа әртүрлі түрдегі қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау жеке-жеке жүргізіледі.
      19. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдайтын арнайы автокөлікте қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды жүзеге асыратын Ұйымның атауы мен телефон нөмірі анық оқылатындай жазылуы керек.
      20. Өлген және әрі қарай тасымалдауға жарамсыз қаңғыбас иттер мен мысықтар кідіріссіз тірі жануарлардан бөлектендіріледі.

4. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстауға арналған мамандырылған мекемеде ұстау

      21. Уақытша ұстауға арналған мамандырылған мекемеде клиникалық тексеру, тіркеу жүргізіледі, арнайы журналдарға: жануардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері, айырмашылық белгілерінің болуы туралы мәліметтер енгізіледі. Жануарларды тіркелген күн ішінде жоғарыда аталған мәліметтер Ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады.
      22. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар металл торларға орналастырылады.
      23. Ауланған иттер мен мысықтарға қажетінше күтім жасау және оларды тамақтандыру жүзеге асырылады.

5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою

      24. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтардың иелерінен өтініш болмаған жағдайда, мәліметтер Ұйымының интернет-ресурсына орналастырылған күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде, сұрауы жоқ қаңғыбас иттер мен мысықтар дәрілік жолмен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған препараттармен жансыздандыруға жатады.
      25. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жансыздандыру басқа жануарлар ұсталатын бөлмеден бөлек орналасқан мамандырылған бөлмеде жүргізіледі.
      26. Иттер мен мысықтардың өлекселерін жою жануарлардың өлекселерін көмуге арналған арнайы бөлінген жер учаскелерінде (мал қорымдары және (немесе) биотермиялық шұңқыр) немесе жануарлар өлекселері мен биологиялық материаларды күйдіруге арналған көшпелі және (немесе) стационарлық қондырғыларда (инсенераторлар) жүзеге асырылады.
      27. Иттер мен мысықтардың өлекселерін (қалдықтарын) елді мекендердің аумағына тастауға және оларды мал қорымдарынан тыс жерлерге рұқсатсыз көмуге жол берілмейді.

6. Қорытынды ереже

      28. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      29. Осы Қағиданы бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

Об утверждении Правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Западно-Казахстанской области

Решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 22 июля 2016 года № 5-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 19 августа 2016 года № 4524. Утратило силу решением Западно-Казахстанского областного маслихата от 28 августа 2019 года № 28-3

      Сноска. Утратило силу решением Западно-Казахстанского областного маслихата от 28.08.2019 № 28-3 (вводится в действие на территории города Уральск по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования, на территории области с 01.01.2020).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      Руководствуясь Кодексом Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях", Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" Западно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Западно-Казахстанской области.
      2. Руководителю аппарата областного маслихата (Султанов А.) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет"и в средствах массовой информации.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ж. Джакупов
      Секретарь областного маслихата М. Құлшар

  Утверждены
решением Западно-Казахстанского областного маслихата от 22 июля 2016 года № 5-3

Правила отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Западно-Казахстанской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Западно-Казахстанской области (далее - Правила) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" от 5 июля 2014 года, Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 16-02/701 (зарегистрирован Министерством юстиции Республики Казахстан 4 февраля 2015 года №10183) "Об утверждении Правил обращения с животными" и определяют порядок отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Западно-Казахстанской области.
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) животные – биологические объекты, принадлежащие к фауне: сельскохозяйственные, домашние и дикие животные;
      2) беспризорные (бродячие) животные – домашние животные, оставшиеся без ухода человека или образовавшиеся полусвободные группировки, способные размножаться вне контроля человека.
      3. Отлов, транспортировку, временное содержание и уничтожение бродячих собак и кошек осуществляют государственные ветеринарные организации, созданные местными исполнительными органами районов и города областного значения (ветеринарные станции районов и города Уральск), осуществляющие деятельность в области ветеринарии (далее – Организация).
      В случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о государственных закупках, местные исполнительные органы районов и города областного значения вправе привлекать к отлову, транспортировке, временному содержанию и уничтожению бродячих собак и кошек физических и юридических лиц.

2. Отлов бродячих собак и кошек

      4. Отлов осуществляется в целях:
      1) предупреждения угрозы жизни и здоровью людей;
      2) предупреждения и ликвидации болезней животных и их последствий;
      3) защиты населения от болезней, общих для человека и животных;
      4) возвращение животных владельцам;
      5) регулирования численности бродячих собак и кошек.
      Отлов организуется и проводится с соблюдением прав и законных интересов лиц, проживающих на соответствующей территории, с соблюдением принципов гуманности.
      5. Отлов бродячих собак и кошек осуществляется работниками Организации в соответствии с графиком отлова, а также по заявкам местных исполнительных органов соответствующей административно-территориальной единицы, письменным или устным обращениям физических и юридических лиц в случаях массового скопления бродячих собак и кошек.
      6. Организация обеспечивает работников по отлову индивидуальными средствами защиты, проводит инструктаж, выдает им удостоверения, подтверждающие право отлова бродячих собак и кошек, которые предъявляются по требованию граждан.
      7. Организация укомплектовывается оборудованием и средствами по отлову и уничтожению (петельные орудия лова, сетки, сачки и (или) пневматические метательные устройства с фармакологическим препаратом).
      8. Отлову подлежат бродячие собаки и кошки, находящиеся в общественных местах без сопровождающих лиц, кроме оставленных владельцами на привязи у предприятий и учреждений, а также беспризорные, оставшиеся без присмотра человека или образовавшие полусвободные группировки, способные размножаться вне контроля человека.
      9. К работе по отлову бродячих собак и кошек допускаются лица, прошедшие медицинское обследование, получившие профилактические прививки против бешенства, не состоящие на учете в психоневрологическом и наркологическом диспансерах.
      10. Во время проведения отлова работникам Организации не допускается:
      1) присвоение отловленных собак и кошек и передача их другим лицам;
      2) применение пневматического метательного устройства с фармакологическим средством для обездвиживания бродячих собак и кошек с расстояния более 10 метров;
      3) отлов в присутствии несовершеннолетних детей, за исключением случаев, когда поведение бродячих собак и кошек угрожает жизни и здоровью человека;
      4) произведение выстрела в направлении людей.
      11. Отловленные бродячие собаки и кошки доставляются в специализированное учреждение для временного содержания до выяснения их принадлежности.
      12. В случаях, если бродячие собаки и кошки представляют реальную угрозу жизни и здоровью людей и животных (агрессивное поведение и (или) подозрение на заболевание бешенством) уничтожаются Организацией незамедлительно.
      13. Работникам, осуществляющим отлов бродячих собак и кошек, не допускается изымать животных из квартир, с приусадебных участков, кроме как по решению суда или с участием участкового инспектора полиции, снимать с привязи животных, временно оставленных у магазинов, аптек и других организаций.
      14. Собак, кошек и других животных (за исключением животных с явными признаками бешенства), покусавших людей или животных, владелец или представитель предприятий и (или) учреждений должен доставить в Организацию или ближайшую ветеринарную лечебную организацию для изоляции и наблюдения ветеринарными специалистами в течение 10 календарных дней.
      15. В отдельных случаях, допускается оставлять животное, покусавшее людей или животных, у владельца с разрешения ветеринарной лечебной организации на основании письменного обязательства содержать это животное в изолированном помещении в течение 10 календарных дней и представлять его для осмотра ветеринарному врачу.

3. Транспортировка бродячих собак и кошек в специализированное учреждение для временного содержания

      16. При транспортировании бродячих собак и кошек удовлетворяются их нужды в пище и воде, а также обеспечивается их безопасность.
      17. Транспортное средство, предназначенное для перевозки бродячих собак и кошек, оснащается специальным оборудованием, а также при погрузке и разгрузке животных используются устройства, исключающие травмы и (или) гибель животных.
      18. Транспортирование бродячих собак и кошек разных видов проводится раздельно, за исключением тех видов, которые естественно контактируют друг с другом или являются нейтральными друг к другу.
      19. Специально оборудованный автомобиль для транспортировки отловленных бродячих собак и кошек должен быть оснащен надписью с ясно читаемым названием и телефонным номером Организации, осуществляющей отлов бродячих собак и кошек.
      20. Погибшие и не подлежащие дальнейшему транспортированию бродячие собаки и кошки незамедлительно отделяются от живых животных.

4. Содержание бродячих собак и кошек в специализированном учреждении временного содержания

      21. В специализированном учреждении временного содержания проводится клинический осмотр, регистрация, вносятся сведения в специальные журналы следующего содержания: вид животного, пол, окрас, особые приметы, наличие отличительных знаков. Вышеуказанные сведения размещаются на интернет – ресурсе Организации в день регистрации животных.
      22. Отловленные бродячие собаки и кошки размещаются в металлические клетки.
      23. За отловленными собаками и кошками осуществляется необходимый уход и кормление.

5. Уничтожение бродячих собак и кошек.

      24. В случае отсутствия обращения владельцев отловленных бродячих собак и кошек, в течение 3-х рабочих дней со дня размещения сведений на интернет-ресурсе Организации, невостребованые животные подлежат умерщвлению медикаментозным путем препаратами, не запрещенными законодательством Республики Казахстан.
      25. Умерщвление бродячих собак и кошек проводится в специализированном помещении, которое отделено от помещения, где содержатся другие животные.
      26. Утилизация трупов собак и кошек осуществляется на специально отведенном участке земли для захоронения трупов животных (скотомогильники и (или) биотермические ямы) или в передвижных и (или) стационарных устройствах для сжигания трупов животных и биологического материала (инсенераторы).
      27. Не допускается выбрасывание трупов (останков) собак и кошек на территории населенных пунктов и несанкционированное захоронение вне скотомогильников.

6. Заключительные положения

      28. Финансирование мероприятий по отлову и уничтожению бродячих собак и кошек осуществляется за счет средств местного бюджета.
      29. За нарушение настоящих Правил, виновные лица несут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.