1. Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 20 мамырдағы №1426 "Орал қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4460 тіркелген, 2016 жылы 30 маусымда "Жайық үні - Жизнь города" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (И. Джазыкбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.К.Қайсағалиевке жүктелсін.
Қала әкімі | Н.Төреғалиев |