Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 1426 "Орал қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 3960 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 желтоқсанда № 4614 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 20 мамырдағы №1426 "Орал қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4460 тіркелген, 2016 жылы 30 маусымда "Жайық үні - Жизнь города" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (И. Джазыкбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.К.Қайсағалиевке жүктелсін.
      Қала әкімі Н.Төреғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады