Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі "Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 20 қазандағы № 397 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 14 қыркүйектегі "Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округінің Чернышов қыстағы аумағында карантин белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4046 тіркелген, 2015 жылғы 25 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) № 12 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округінің Чернышов қыстағы аумағында карантин тоқтатылсын.
3. Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т. Қ. Есенғалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңабұлақ ауылдық округі | |
әкімінің міндетін атқарушы | А. Н. Мустаев |