Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 339 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округінің Чернышов қыстағы аумағында ұсақ малы арасынан шешек ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т. Қ. Есенгалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жаңабұлақ ауылдық округінің әкімі | С. Сиражев |