Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Сарытоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 1 "Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі Жанама ауылының аумағындағы "Заңтөбе" бөлігіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4324 тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімінің тақырыбының орыс тіліндегі нұсқасына өзгерістер енгізілуде, мемлекеттік тілдегі нұсқасы өзгермейді;
көрсетілген шешімнің кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 144 ұсынысы негізінде және ұсақ малдың бруцеллез ауруынан сауықтыру мақсатында, Сарытоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
көрсетілген шешімнің 1-тармағының орыс тіліндегі нұсқасына өзгерістер енгізілуде, мемлекеттік тілдегі нұсқасы өзгермейді;
көрсетілген шешімнің 3-тармағының орыс тіліндегі нұсқасына өзгерістер енгізілуде, мемлекеттік тілдегі нұсқасы өзгермейді;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".
2. Сарытоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г. Андешова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сарытоғай ауылдық округінің әкімі | А. Әлжан |