РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, Казталов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
3. Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы (А. Берденов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З. Мажитоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Н. Құтхожин |
Казталов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 23 қаулысына қосымша |
2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі
1. 50 жастан асқан тұлғалар.2. Отбасында бірде-бір жұмыс істеуші жоқ тұлғалар.
3. Бұрын жұмыс жасамаған тұлғалар.
4. Жергілікті бюджет есебінен кәсіптік оқудан өткен тұлғалар.