Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 13.02.2020 №44-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңдарына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 22.06.2016 № 4-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Казталов ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
2. Казталов аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Н. Қажғалиев) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Рамазанов |
Мәслихат хатшысы | Е. Ғазизов |
Казталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 3-4 шешіміне қосымша |
Казталов ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу бойынша қосымша реттеу тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Казталов ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу бойынша қосымша реттелген тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңдарына сәйкес әзірленіп және Казталов ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 22.06.2016 № 4-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Заңдарда жиналыстар, митингілер, шерулер және демонстрациялар деп аталатын қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен қарсылық білдірудің нысандары ретінде, сонымен қатар қоғамдық орындарда аштық жариялауды, киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар тұрғызуды және пикет қоюды түсіну керек.
2. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар
өткізу тәртібін қосымша реттеу
3. Казталов ауданының әкімдігіне (одан әрі – Әкімдік) жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш беріледі.
4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш, оны өткізу белгіленген мерзімінен кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі. Өтініште шараның мақсаты, нысаны, өткізілетін орны немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген күні көрсетіледі. Өтініштің берілген мерзімі Әкімдікте тіркелген күннен бастап есептеледі.
5. Әкімдік өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан кемінде бес күн бұрын уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) қабылдаған шешім туралы хабарлайды.
6. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтініш беру кезінде осы тәртіптің 4-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда (яғни рәсімдеу талаптары), ол жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуден бас тартуға негіз бола алмайды.
Мұндай жағдайда Әкімдікпен жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның келіп түскен күнінен бастап есептеледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 22.06.2016 № 4-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
7. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 22.06.2016 № 4-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
8. Шараларға ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
1) көліктің және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауына;
2) елді мекендегі инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруіне;
3) Әкімдіктің келісімінсіз киіз үйлер, шатырлар өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
4) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтіруіне;
5) заңды тұлғалардың жеке меншіктеріне және азаматтарға материалдық шығын келтіретін, адамдардың денсаулығы мен өміріне қарсы қолданылатын, сондай-ақ басқа да арнайы дайындалған немесе бейімделген заттар, суық, ату және басқа да қарулардың болуына;
6) алкогольдік ішімдік ішкен және есірткі қабылдаған жағдайда жиналысқа, митингке, шеруге, пикетке немесе демонстрацияға қатысуға;
7) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектік астамшылықты қоздыру, конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, республиканың аумақтық тұтастығына қол сұғуға бағытталған транспаранттарды, ұрандар және басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео) қолдануға, сондай-ақ көпшілік алдында сөз сөйлеуге;
8) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі заттарды қолдануға, психотропты заттарды, соған ұқсас заттарды және прекурсорларды пайдалануға;
9) шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 22.06.2016 № 4-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
9. Казталов ауданында митингтер, бейбіт жиналыстарды өткізу орындары:
1) Казталов ауылы, Шарафутдинов көшесіндегі аудандық орталық алаңы;
2) Казталов ауылы, Шарафутдинов көшесіндегі Достық саябағы алаңы;
3) Жалпақтал ауылы, С. Датұлы көшесіндегі орталық саябақ алаңы;
4) Жалпақтал ауылы, Хусайнов көшесіндегі Мәдениет үйі алды алаңы болып белгіленсін.
10. Казталов ауданында шеру және демонстрация өткізетін орындардың маршруттары:
1) Казталов ауылы, Шарафутдинов көшесіндегі аудандық орталық алаңынан Шарафутдинов көшесіндегі № 1 үйде орналасқан "Казталов ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына дейін;
2) Казталов ауылы, Шарафутдинов көшесіндегі № 21 үйде орналасқан Достық саябағы алаңынан Шарафутдинов көшесіндегі № 1 үйде орналасқан "Казталов ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына дейін;
3) Жалпақтал ауылы, С. Датұлы көшесіндегі орталық саябақтан С. Датұлы көшесіндегі № 25 үйде орналасқан "Жалпақтал ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратына дейін;
4) Жалпақтал ауылы, Хусайнов көшесіндегі № 37 үйде орналасқан Мәдениет үйі алды алаңынан С. Датұлы көшесіндегі № 25 үйде орналасқан "Жалпақтал ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратына дейінгі арақашықтық белгіленсін.
Ескерту. 10 тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілде мәтін өзгертілмейді Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 22.06.2016 № 4- 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
11. Әкімдікпен белгіленген жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары видео бақылау камераларымен, орындықтармен, жарықпен және күл-қоқыс салатын жәшіктермен жабдықталады.
12. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес белгілі уақытта, келісілген орында жүргізілуі тиіс.
13. Пикеттің жүргізілуі басқа формаға өзгерген жағдайда (митинг, жиналыс, шеру, демонстрация) Әкімдіктен белгіленген тәртіпке сәйкес рұқсат алуы қажет.
14. Әкімдік бір уақытта, бір күнде және бір орында кемінде үш жекелеген пикет өткізуге рұқсат етуі мүмкін.
Әртүрлі жекелеген пикеттердің қатысушылары бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта тұруы керек.
3. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды
өткізу бойынша қосымша реттелген тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік
15. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібін бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу кезінде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекетке келтірген материалдық залалы үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша өтем жасалуға тиіс.
Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткізілетін жерде қоғамдық тәртіпті сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөніндегі туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейді.