Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 23.02.2018 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2016 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (М. Мырзаш) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Әлиев |
2016 жылғы 26 сәуірдегі № 95 Тасқала ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата ананың
ақы төлеу мөлшері
Р-с | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге) |
Балабақша (жергілікті бюджет) | ||||||
1 | Тасқала ауылы | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Ақбөпе" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 143 | 22 597 | 22 597 | 7000 |
2 | Тасқала ауылы | Тасқала ауданы әкімдігінің Тасқала аудандық білім бөлімінің "Балдырған" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 41 | 35 569 | 35 569 | 7000 |
3 | Тасқала ауылы | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Бөбек" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 115 | 31 731 | 31 731 | 7000 |
4 | Мерей ауылы | Тасқала аудандық әкімияты Тасқала аудандық білім бөлімінің "Айгөлек балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 41 | 34 191 | 34 191 | 7000 |
5 | Ақтау ауылы | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Ақтау мектеп - балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 24 | 14 881 | 14 881 | 7000 |
6 | Амангелді ауылы | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Амангелді мектеп - балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 16 993 | 16 993 | 7000 |
7 | Атамекен ауылы | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Совхоз мектеп - балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 21 040 | 21 040 | 7000 |
8 | Шежін 2 ауылы | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Шежін мектеп - балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 31 | 27 438 | 27 438 | 7000 |
9 | Мереке ауылы | Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Мереке мектеп - балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 14 300 | 14 300 | 7000 |