Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 21.02.2020 № 44-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 қарашадағы №16-2 "Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3364 болып тіркелген, 2013 жылы 20 желтоқсанда "Екпін" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";
көрсетілген шешіммен бекітілген Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
1-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Тасқала аудандық бөлімі (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).".
2. Тасқала аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Т. Ержігітова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Д.Ғазез |
Аудандық мәслихат хатшысы | С.Рахимов |