Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 64 ұсынысы негізінде және ұсақ мүйізді малдың бруцеллез ауруынан сауықтыру мақсатында, Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Қостерек жайлауы аумағында ұсақ мүйізді мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Шыңғырлау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ж.М.Тулепов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық-ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі | Ғ.Ғ.Жұмағазиев |