"Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 14691 болып тіркелді

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10321 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы (БЭСА) – ақпараттық жүйе, дерекқордың, электрондық аукционға қатысушыларға бірыңғай жалпы қолжетімді қол жеткізу нүктесін ұсынатын, электрондық аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық, телекоммуникациялық және басқа да құралдардың жиынтығы;

      2) БЭСА операторы – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалған мүлікті өткізу жөнінде қызметтер көрсететін ұйым;

      3) лот – бір заттан тұратын борышкердің және үшінші тұлғаның мүлкі не біртекті заттардың кешені не аукционда өткізілетін заттардың кешені;

      4) уәкілетті орган – атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын және қызметтің мемлекеттік реттелуін жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      5) хабарландыру – алда болатын БЭСА мүлікті өткізу туралы ақпарат;

      6) электрондық аукцион – аукцион нысанындағы электрондық сауда тәсілі, бұл ретте барлық әлеуетті сатып алушылардың тең қолжетімділігі негізінде бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын пайдалана отырып, тыйым салынған мүлік өткізіледі;

      7) электрондық аукцион қатысушысы – белгіленген талаптарға сәйкес келетін және өтінімді тиісінше ресімдеген жеке немесе заңды тұлға;

      8) электрондық аукционның жеңімпазы – лоттың жарияланған бағасын растаған және электрондық аукционды өткізу шарттарын орындаған электрондық аукционның қатысушысы;

      9) электрондық сауда-саттық алаңының техникалық істен шығуы - тым болмағанда бір қатысушының электрондық аукцион рәсіміне қатысу мүмкіндігін болғызбайтын және/немесе электрондық алаң операторының қызметкерлеріне электрондық аукцион өткізуге қызмет көрсетуді орындаудың техникалық мүмкіндігін болғызбайтын электрондық сауда-саттық алаңының техникалық ақауы;

      10) электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Сот орындаушысы БЭСА-ға жіберген өтінім автоматты түрде алда болатын электрондық аукцион туралы хабарландыру нысанында қалыптастырылады.";

      мынадай мазмұндағы 16-2-тармақпен толықтырылсын:

      "16-2. Тыйым салынған мүліктің электрондық аукционға шығарылуына, сондай-ақ мүлікті өткізуге арналған өтінімде берілген деректердің толықтығына және дұрыстығына сот орындаушысы жауапты болады.";

      18-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) өткізілетін объектінің суреттерімен мүлікті бағалау туралы есеп.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. БЭСА-ға өтінім түскен кезден бастап тұлға электрондық аукционның қатысушысы болады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Электрондық аукцион қатысушысы туралы мәліметтер қатысушының жеке кабинетінде болады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Егер электрондық аукцион қатысушысы ретінде тұлға туралы мәліметтер болмаса, БЭСА-ға өтінім қайта, бірақ аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жіберіледі.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Егер:

      1) бес пайыздық кепілдік жарнаның аударылғанын растайтын төлем құжаты болмаса;

      2) электрондық аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдауға белгіленген мерзімнен кейін өтінім берілсе, тұлға электрондық аукцион қатысушысы болып танылмайды.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Электрондық аукцион қатысушыларының тізілімін БЭСА операторы электрондық форматта жүргізеді және онда мынадай мәліметтер:

      1) өтінім, лот, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), не заңды тұлғаның атауы көрсетіле отырып, электрондық аукционға қатысатын адамдардың тізімі;

      2) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) не заңды тұлғаның атауы көрсетіле отырып, лоттың қайтарып алынған өтінімдерінің тізімі қамтылады.

      Аукционға қатысушылардың тізілімінде, сонымен қатар мынадай мәліметтер: электрондық аукцион қатысушысының идентификаттау коды, өтінім берілген лоттың атауы мен нөмірі, өтінімдерді қабылдау күні мен уақыты көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

      "30-1. Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша сұрау салуы бойынша электрондық аукцион туралы мәліметтерді БЭСА операторы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес береді.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде электрондық аукцион өткізу арқылы тыйым салынған мүлікті өткізу рәсімі екі реттен артық өткізілмейді.";

      51-1-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 100 "Об утверждении Правил реализации арестованного имущества, в том числе на торгах в форме электронного аукциона"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 18 января 2017 года № 48. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 января 2017 года № 14691

      В соответствии с пунктом 4 статьи 74 Закона Республики Казахстан от 2 апреля 2010 года «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 100 «Об утверждении Правил реализации арестованного имущества, в том числе на торгах в форме электронного аукциона» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10321, опубликованный в информационно-правовой системе «Әділет» от 25 февраля 2015 года) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах реализации арестованного имущества, в том числе на торгах в форме электронного аукциона, утвержденных указанным приказом:
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) единая электронная торговая площадка (ЕЭТП) - информационная система, совокупность баз данных, технических, программных, телекоммуникационных и других средств, обеспечивающих возможность ввода, хранения и обработки информации, необходимой для проведения электронного аукциона, предоставляющая единую общедоступную точку доступа участникам электронного аукциона;
      2) оператор ЕЭТП - организация, предоставляющая услуги по реализации имущества, определенная в установленном порядке уполномоченным органом;
      3) лот - имущество должника или третьего лица состоящее из одного предмета, либо комплекс однородных предметов, либо комплекс предметов, реализуемое на аукционе;
      4) уполномоченный орган - государственный орган, осуществляющий реализацию государственной политики и государственное регулирование деятельности в сфере обеспечения исполнения исполнительных документов;
      5) объявление – информация о предстоящей реализации имущества на ЕЭТП;
      6) электронный аукцион - способ электронных торгов в форме аукциона, при котором арестованное имущество реализуется с использованием единой электронной торговой площадки на основе равного доступа к ним всех потенциальных покупателей;
      7) участник электронного аукциона – физическое или юридическое лицо, соответствующее установленным требованиям и надлежаще оформившее заявку;
      8) победитель электронного аукциона - участник электронного аукциона, подтвердивший объявленную цену лота и выполнивший условия проведения электронного аукциона;
      9) технический сбой электронной торговой площадки – технические неполадки электронной торговой площадки, исключающие возможность участия в процедуре электронного аукциона хотя бы одного участника и/или исключающие техническую возможность выполнять обслуживание проведения электронного аукциона работникам оператора электронной площадки;
      10) электронная цифровая подпись (ЭЦП) – набор электронных цифровых символов, созданный средствами электронной цифровой подписи и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания.»;
      дополнить пунктом 16-1 следующего содержания:
      «16-1. Заявка направленная судебным исполнителем на ЕЭТП автоматически формируется в форме объявления о предстоящем электронном аукционе.»;
      дополнить пунктом 16-2 следующего содержания:
      «16-2. Ответственным за выставление на электронный аукцион арестованного имущества, а также за полноту и достоверность предоставленных данных в заявке на реализацию имущества является судебный исполнитель.»;
      в пункте 18:
      подпункт 7) изложить в следующей редакции:
      «7) отчет об оценке имущества с фотографиями объекта реализации.»;
      пункт 20 изложить в следующей редакции:
      «20. Лицо, становится участником электронного аукциона с момента поступления заявки на ЕЭТП.»;
      пункт 27 изложить в следующей редакции:
      «27. Сведения об участнике электронного аукциона содержатся в личном кабинете участника.»;
      пункт 28 изложить в следующей редакции:
      «28. Если отсутствуют сведения о лице в качестве участника электронного аукциона, заявка на ЕЭТП направляется повторно, но не позднее двадцати четырех часов до начала аукциона.»;
      пункт 29 изложить в следующей редакции:
      «29. Лицо, не признается участником электронного аукциона, если:
      1) отсутствует платежный документ, подтверждающий перечисление пятипроцентного гарантийного взноса;
      2) заявка подана после установленного срока принятия заявок на участие в электронном аукционе.»;
      пункт 30 изложить в следующей редакции:
      «30. Реестр участников электронного аукциона ведется оператором ЕЭТП в электронном формате и содержит следующие сведения:
      1) список лиц, участвующих в электронном аукционе с указанием заявки, лота, фамилии, имени, отчества (при его наличии) либо наименование юридического лица;
      2) список отозванных заявок на лот с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии) либо наименование юридического лица.
      В реестре участников аукционов также указываются следующие сведения: идентификационный код участника электронного аукциона, наименование и номер лота, на который подана заявка, дата и время приема заявок.»;
      дополнить пунктом 30-1 следующего содержания:
      «30-1. Сведения об электронном аукционе по письменному запросу физических и юридических лиц, предоставляются оператором ЕЭТП в соответствии с законодательством Республики Казахстан.»;
      пункт 44 изложить в следующей редакции:
      «44. В рамках исполнительного производства процедура реализации арестованного имущества путем проведения электронного аукциона проводится не более двух раз.»;
      пункт 51-1 исключить.
      2. Департаменту по исполнению судебных актов Министерства юстиции Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа и его официальное опубликование;
      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра юстиции Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
      Республики Казахстан                       М. Бекетаев