"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде ресми жариялану және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушы |
Г.Керімханова |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушы 2017 жылғы 18 қаңтар № 8 бұйрығымен бекітілді |
Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістеме 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Осы Әдістеме Қазақстан Республикасының халқы бойынша деректерді қалыптастыру және жинақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) пайдалануына арналған.
3. Әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар пайдаланылады.
2-тарау. Халықтың статистикалық тіркелімінің мазмұны мен жұмыс істеуі
4. Халықтың статистикалық тіркелімі (бұдан әрі – ХСТ) Қазақстан Республикасының халқы туралы әлеуметтік-демографиялық деректерді жинау, сақтау және айқындаудың ақпараттық орталықтандырылған жүйесін білдіреді, ол статистикалық бірліктер мен ахуалдар бойынша деректерді ұсыну қажеттілігін ескере отырып құрылған.
5. ХСТ-ға мәліметтердің түсуі жүйелі түрде және кезеңділікпен әкімшілік дереккөздердің ақпараттық жүйелерінен жүргізіледі.
6. ХСТ үшін ақпараттарды алудың негізгі дереккөздері әкімшілік дереккөздерден түсетін әкімшілік деректер болып табылады.
7. Әкімшілік деректер ведомствалық анықтамалықтарға сәйкестігі тексеріледі және статистикалық бірліктер құрылады. Статистикалық бірліктерді құру сызбасы осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.
8. Қазақстан Республикасының аумағында санақ өткізу кезінде тұрақты немесе уақытша тұратын адамдар туралы мәліметтерді қамтитын Комитеттің "Халық санағы" дерекқоры ХСТ үшін ақпарат алудың қосымша дереккөзі болып табылады.
9. ХСТ әкімшілік дереккөздердегі тиісті ақпараттың өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының әрбір тұрғынына қатысты ақпараттың түсуі арқылы тұрақты түрде жаңғыртылады.
10. ХСТ-да Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы әкімшілік дереккөздерден жүйелі түрде деректерді алу, жүктеу мен өңдеу және статистикалық бірліктерді қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
11. Статистикалық мақсатта пайдалану үшін құқықтық бірліктер негізінде жасалған абстрактілік бірлік статистикалық бірлік болып табылады. ХСТ-да халықаралық стандарттарға сәйкес құқықтық бірліктер үшін статистикалық бірліктердің келесі типтері құрылады:
1) "Тұлға";
2) "Отбасы";
3) "Үй шаруашылығы".
1-параграф. "Тұлға" статистикалық бірлігі
12. ХСТ-да "Тұлға" статистикалық бірлігі "жеке тұлға" құқықтық бірлігінің негізінде құрылады.
13. Әкімшілік дереккөздерден ХСТ-ға әрбір тұлға бойынша мәлімет түседі. Алынған деректер негізінде статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыратын "Тұлға" статистикалық бірлігі қалыптастырылады.
Осы Әдістемеге 2-қосымшада ХСТ-да "Тұлғаның" сипаттамалары келтірілген.
2-параграф. "Отбасы" статистикалық бірлігі
14. "Отбасы" статистикалық бірлігі ХСТ-да бірге тұратын және бір-бірімен тіркелген неке шеңберінде жұбайлық байланысқан немесе ата-ана және бала туыстығымен байланысқан екі немесе одан да көп тұлғалардан тұратын топ деп түсіндіріледі.
ХСТ-да отбасылардың келесі типтері қалыптастырылады:
1) қарапайым отбасы – баласыз немесе бір және одан да көп балалы жұбайлардан тұратын отбасы.
2) толық емес отбасы – бір немесе одан да көп баласы бар бір ата-анадан тұратын отбасы.
Осы Әдістемеге 3-қосымшада "Отбасы" статистикалық бірлігін құрудың сызбасы келтірілген.
3-параграф. "Үй шаруашылығы" статистикалық бірлігі
15. ХСТ-да "Үй шаруашылығы" статистикалық бірлігі бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан тұрады.
16. Тұрғын үй бірлігінде тұратын жеке тұлғалар бір шаруашылықтың мүшелері болып саналады, бір үй шаруашылығы бір тұрғын үй бірлігін алады. Тұрғын үй бірліктерінің алатын орын саны олардың үй шаруашылықтары алатын орын санына тең, ал тұрғын үй бірлігінің орналасқан орны үй шаруашылығының орналасқан жеріне сәйкес келеді
ХСТ-да үй шаруашылықтарының келесі типтері құрылады:
1) жеке үй шаруашылықтары;
2) институционалдық үй шаруашылықтары.
3-тарау. Халықтың статистикалық тіркелімі мен "е-Статистика" компоненттері арасындағы байланыс
17. ХСТ мен "е-Статистика" компоненттері арасындағы байланыс келесі сәйкестендіргіштер бойынша жүзеге асырылады:
тұлғалар бойынша Жеке сәйкестендіру нөмірлері (бұдан әрі – ЖСН) бойынша;
отбасылар бойынша – отбасының коды бойынша;
үй шаруашылықтары бойынша – тұрғылықты мекенжай мәліметтері бойынша сәйкестендіріледі:
1) әкімшілік дереккөздерден алынатын мәліметтер интеграциялық компонент арқылы ХСТ-ға келіп түседі (байланыс жеке тұлғаның ЖСН-і арқылы жүзеге асырылады);
2) жұмыспен қамтылуы, жұмыссыздық пен басқа да әлеуметтік төлемдер бойынша мәліметтердің түсуі (байланыс ЖСН және Бизнес сәйкестендіру номері (бұдан әрі – БСН арқылы));
3) Тіркелім жүйелерінен мәліметтердің түсуі (байланыс ЖСН, БСН арқылы).
18. ХСТ-да Ұйғарынды ақпаратты қалыптастыру модулі көзделген. ХСТ-дан ақпарат стандарттық есептер және жеке сұраулар бойынша қалыптастырылады.
Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістемеге 1-қосымша |
Статистикалық бірліктерді құру сызбасы
Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістемеге 2-қосымша |
ХСТ-де "Тұлғаның" сипаттамалары
№ | Атрибуттар тізбесі |
---|---|
1. | ЖСН |
2. | Тегі |
3. | Аты |
4. | Әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
5. | Жынысы |
6. | Ұлты |
7. | Азаматтығы |
8. | Туған күні |
9. | Қайтыс болған күні |
10. | Өмірлік статусының коды |
11. | Отбасылық жағдайы |
12. | Отбасының ID |
Мекенжай мәліметтері: | |
13. |
Ел |
14. | Елді мекен |
15. | Көше атауы |
16. | Үй нөмірі Корпустың нөмірі |
17. | Пәтердің нөмірі |
18. | МТК |
19. | Үйдің/ Пәтердің коды |
20. | Байланыс деректері |
Уақытша мекенжайға тіркелу мәліметтері: | |
21. |
Ел |
22. | Елді мекен |
23. | Көше атауы |
24. | Үй нөмірі Корпустың нөмірі |
25. | Пәтердің нөмірі |
26. | МТК |
27. | Үйдің/ Пәтердің коды |
Туған жері: | |
28. | Ел |
29. | Облыс |
30. | Аудан |
31. | Округ |
32. | Елді мекен |
Жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтер: | |
33. | Жұмыспен қамтылу жағдайы |
34. | Жұмыс істейтін кәсіпорынның БСН-і (Кәсіпорынның атауы) |
35. | ЖСН ( дара кәсіпкердің) |
Білімі туралы мәліметтер: | |
36. | Білім деңгейі |
Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістемеге 3-қосымша |