БҰЙЫРАМЫН:
1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 205 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13816 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1) кредиттік және лизингтік міндеттемелер – қаржы институты алдында айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа арналған, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген мақсаттарға кредит/лизинг алумен байланысты туындаған берешекті қайта қаржыландыруға арналған кредит/лизинг алуға байланысты туындаған, осы Қағидалардың шеңберінде қаржылық сауықтыру шараларын қолдануға болатын қарыз алушының міндеттемелері;
2) кредиторлық міндеттемелер – өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілер алдында айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасы мен арнайы техниканы, технологиялық жабдықты лизингке алуға байланысты қарыз алушының міндеттемелері, сондай-ақ басқа да кредиторлар алдындағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру;
3) кредиторлар комитеті – әрбір жеке қарыз алушы үшін тиісті салалық қауымдастықтың өкілін қосу мүмкіндігі бар қаржы институттарының – кредиторлардың өкілдерінен қалыптасатын комиссия;
4) кредиттік және лизингтік міндеттемелерді қайта құрылымдау – қарыз алушыларда бар кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша қайтару мерзімдерін ұлғайту, төлемдерді өтеудің тәртібі мен кезектілігін өзгерту, сыйақы мөлшерлемесін өзгерту, сондай-ақ өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұсыну;
5) кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерді қайта қаржыландыру – ұзақ мерзімді қайтару мерзімдерімен, сыйақының төмен пайыздық мөлшерлемесімен және бар берешектерін өтеуге арналған жеңілдікті кезеңмен қосымша келісімдер жасасу жолымен жаңа нысаналы кредиттер беру не бұрын берілген кредиттерін алмастыру;
6) қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның шешімі – қарыз алушыға қатысты қаржылық сауықтыруды мақұлдау/мақұлдамау туралы шешім;
7) қаржылық сауықтыру – сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде мемлекет тарапынан қолдау кезінде айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа, технологиялық жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға, сондай-ақ жоғарыда аталған мақсаттарға кредит/лизинг алумен байланысты туындаған берешекті қайта қаржыландыруға пайдаланылған қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық міндеттемелерін қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру;
8) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, АӨК саласындағы кредиттік серіктестіктер, микроқаржылық/микрокредиттік ұйымдар, АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын лизингтік компаниялар;
9) қаржы агенті – агроөнеркәсіптік кешен саласында қызметін жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдинг;
10) қарыз алушы – ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді және өткізуді қоса алғанда, агроөнеркәсіптік кешен саласында қызметін жүзеге асыратын және кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелері бар АӨК субъектісі;
11) қорландыру қаражаты – қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерін кейіннен қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру үшін қаржы институты беретін қаржы агентінің тартылған қарыз қаражаты;
12) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
13) оператор – агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша операторлық қызметті жүзеге асыратын ұйым;
14) пайыздық мөлшерлемені субсидиялау – қарыз алушының кредиттік және/немесе лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы ретінде қаржы институтына төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау нысаны;
15) технологиялық жабдық – олардың қатысуынсыз толық технологиялық циклдің қамтамасыз етілуі мүмкін болмайтын тікелей және қосалқы мақсаттағы жабдықтардан тұратын ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өңдеу жөніндегі жабдық.".
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармалары (бұдан әрі – жұмыс органы) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астана әкімінің шешімімен бекітілетін, құрамында комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, мүшелері мен хатшысы болатын қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияны құрады. Комиссияның сандық құрамы тақ болуы және кемінде жеті адамнан тұруы қажет. Комиссияның хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия жұмыс органының, қаржы институттары мен мүдделі салалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысатын, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдерінің орынбасарлары басқаратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысына мүшелердің кемінде үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда, қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысы заңды болып саналады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Субсидиялауды тоқтату қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша:
1) кредиттік қаражат мақсатсыз пайдаланылған;
2) қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысу мақұлданғаннан кейін заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының шоттары қамаққа алынған;
3) қарыз алушы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толығымен өтеген жағдайда. Қарыз алушы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толығымен орындаған күн пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды тоқтату күні болып есептеледі;
4) қарыз алушы субсидиялауды тоқтату туралы бастама көтерген (жазбаша өтінген);
5) қаржы агенті субсидиялауды тоқтату туралы бастама көтерген;
6) қарыз алушы 2 (екі) жыл бойы АӨК субъектілерінің қаржылық сауықтыру жоспарын орындамаған жағдайларда жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Қаржы институты 2017 жылғы бірінші жартыжылдықта осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру жоспарларын жаңартады және жұмыс органына жолдайды.
Жұмыс органы бір ай ішінде қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысына жаңартылған АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру жоспарларын шығарады.";
15 және 16-тармақтар алып тасталсын;
26 және 28-тармақтар алып тасталсын;
29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысын шақыру туралы хабарламаға негізгі қарыздың өтеу графигінің жаңартылған есебінің және қолданыстағы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт талаптары өзгерген жағдайда, сыйақының дұрыстығы туралы оператордың қорытындысы, қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімінің жобасы электрондық жеткізгіште қоса беріледі. Оператордың қорытындысы ұсыным сипатында болады.
30. Қолданыстағы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт талаптарының өзгеруін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия оның мүшелерінің көпшілік дауысымен хаттамалық шешім түрінде қабылдайды.
Бұл ретте қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия қолданыстағы құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт талаптарының өзгеруін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген құжаттарды ескере отырып қабылдайды.
Қаржы институты қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік және лизингтік шарттар бойынша талаптар өзгерген жағдайда қарыз алушыдан ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.";
31-тармақ алып тасталсын;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Оператор 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін бір күн мерзімінде қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия отырысы хаттамасынан үзінді-көшірмені электрондық почта арқылы қаржы институттарына және қаржы агентіне жолдайды.
Оператор үзінді-көшірменің хатшының қолы қойылған, мөрмен расталған түпнұсқасын жұмыс органына береді, оны әрі қарай қаржы институтына және қаржы агентіне беру үшін мемлекеттік корпорацияға тапсырады.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Арнайы шотта пайдаланылмаған қаражат қалдығы пайда болған жағдайда:
1) қарыз алушы бағдарламадан шығарылған жағдайда, қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия шешімі қабылданғаннан кейін бір ай ішінде қаржы институты оларды қайтаруды қамтамасыз етеді;
2) қолданыстағы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт талаптары өзгерген жағдайда, қаржы институты тоқсан сайынғы есептілікті бергеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды қайтаруды жүзеге асырады.
Бұл ретте, ағымдағы қаржы жылында жүргізілген төлемдерді қайтару Жұмыс органының кассалық шығыстарын орындалмаған міндеттемелердің сомасын ұлғайту және тиісті бюджеттік классификациялық шығыстар коды бойынша кассалық шығыстарды азайту жолдарымен қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады. Өткен жылдардың төлемдері қайтарылған жағдайда, қайтарым сомасы төлем жүргізілген тиісті бюджет кірісіне аударылады.";
44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Қаржы институты қолданыстағы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттың талаптарын (пайыздық мөлшерлеме, сыйақыны төлеу мерзімі, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша кейінге шегеруді ұсыну) өзгерткен жағдайда, ол күнтізбелік 10 (он) күн ішінде мемлекеттік корпорацияға оларды жұмыс органына беру үшін қаржыландыру шарттарын өзгерту жөнінде қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңартылған кестесін қамтитын құжаттар топтамасымен қоса өтінімді тапсырады. Жұмыс органы көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін оларды операторға жолдайды.
45. Оператор жұмыс органынан құжаттар топтамасын алғаннан кейін, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңартылған кестесін есептеу дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады және күнтізбелік 14 (он төрт) күннен кешіктірілмейтін мерзімде қорытынды жасайды және құжаттарды қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысында қарау үшін жолдайды.";
51-тармақ алып тасталсын;
56 және 57-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Қаржы институты қолданыстағы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттың талаптарын өзгертуді жоспарлаған жағдайда (негізгі борыштың барлық сомасын немесе оның бір бөлігін төлеу бойынша мерзімді ұзарту), ол 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы қаржы агентіне жазбаша хабарлайды.
Қаржы агенті хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы институтына негізгі борышты немесе оның бір бөлігін өтеу кестесін өзгертуге келісім беру немесе келісім бермеу туралы хат жолдайды.
Қаржы институты қаржы агенті хатының негізінде келесі іс-шаралардың бірін өткізеді:
1) қаржы агенті негізгі борыштың барлық сомасын немесе оның бір бөлігін өтеу кестесін өзгертуге келісім берген жағдайда, мемлекеттік корпорацияға оларды жұмыс органына беру үшін қаржыландырудың талаптарын өзгерту жөнінде қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты өтеудің жаңартылған кестесін және қаржы агентінің хатын қамтитын құжаттар топтамасымен хатты тапсырады. Жұмыс органы көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін оларды операторға жолдайды;
2) қаржы агенті негізгі борышты немесе оның бір бөлігін өтеу кестесін өзгертуге келісім бермеген жағдайда, қарыз алушыға қорландыру қаражатын қатыстырмай қаржылық сауықтыру шараларын әрі қарай қолдану мүмкіндігін қарастыру туралы құжаттар топтамасымен қоса мемлекеттік корпорацияға оларды жұмыс органына беру үшін хат тапсырады. Жұмыс органы көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін оларды операторға жолдайды.
57. Оператор осы Қағидалардың 56-тармағында көрсетілген құжаттарды жұмыс органынан алғаннан кейін, негізгі борышты өтеудің жаңартылған кестесін есептеу дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады және 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытынды жасайды және құжаттарды қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысына қарау үшін жолдайды.
Қаржы агентінің келісім беру туралы хаты болған және комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда, жұмыс органы 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 22-тармағының талаптарын сақтай отырып, қаржы агентін субсидиялау шартына тиісті өзгерістер енгізеді.
Қаржы агентінің келісім беру туралы хаты болмаған және комиссия оң шешім қабылдамаған жағдайда, жұмыс органы 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаржы агентінің субсидиялау шартын бұзады және осы Қағидалардың 13 және 22-тармақтарының талаптарын сақтай отырып, қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартын жасасады.";
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Қарыз алушы негізгі борыштың жоспарлы төлемін және/немесе сыйақының субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша міндеттемелерін қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған жағдайда, қаржы институты/қаржы агенті аталған факті анықталған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бұл туралы жұмыс органын жазбаша хабардар етеді.
Жұмыс органы көрсетілген ақпаратты алғаннан бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарыз алушыны субсидиялауды тоқтату туралы қаржы институтын және операторды хабардар етеді.
Қаржы институты субсидиялауды тоқтату туралы ақпаратты алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарыз алушыны хабардар етеді.";
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Қаржы институты/қаржы агенті тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін және жылдың аяғында 10 желтоқсанға дейін (1 желтоқсандағы жағдай бойынша ақпарат) операторға есептілік ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 66-1-тармақпен толықтырылсын:
"66-1. Қаржы институты жыл сайын 10 желтоқсанға дейін (1 желтоқсандағы жағдай бойынша) жұмыс органына АӨК субектісінің қаржы-экономикалық ахуалы бөлігінде қаржылық сауықтыру жоспарын орындау туралы қорытындыны ұсынады.";
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Оператор қаржы институтынан осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есепті алғаннан кейін оған сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінің төленген қаражатының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан талдау жасайды және тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-ына дейін және жылдың аяғында 20 желтоқсанға дейін (1 желтоқсандағы жағдай бойынша ақпарат) оны жұмыс органына жолдайды.";
69-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Жұмыс органы тоқсан сайын, оператордан төлемдер мониторингін алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде және жылдың соңында 30 желтоқсанға дейін (1 желтоқсандағы жағдай бойынша ақпарат) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, және астана әкімінің орынбасары келіскен қарыз алушыларды қаржылық сауықтыру бағдарламасын іске асыру туралы мәліметтерді ұсынады.";
аталған Қағидалар 1-1 қосымшамен толықтырылсын
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
________________ Д. Абаев
2017 жылғы "___" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
___________________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы "___" ____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы "___" ____________
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларына 1-1-қосымша |
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жоспары
"__________________________"
(агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің атауы)
1. Қаржылық сауықтыру үшін міндеттеме (лер) бойынша жоспарланатын талаптар:
1 | Қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысу, оның ішінде қаржы институттары айқындайтын кредиттік және лизингтік міндеттемелердің проблемалылық белгілері бойынша негіздеме | |
2 | Қайта құрылымдалатын/қайта қаржыландырылатын шарттың (тардың) атауы, нөмірі, күні (кестесі бойынша Қарыз алушы өтеуді жүргізетін қолданыстағы шартты көрсету) | (қайта құрылымдалатын/қайта қаржыландырылатын шарттың (тардың) атауы – Банктік қарыз шарты/Қарыз шарты/Кредиттік шарт/Қаржылық лизинг шарты/өзгесі; осы шарт (тар) бойынша берілген соманы көрсете отырып, шарттың (тардың) нөмірі, күні; |
3 | Шартқа (тарға) сәйкес міндеттеменің нысаналы мақсаты | (берілген қаражаттың нысаналы мақсатын толық сипаттау) |
4 | Қаржылық сауықтыру тәсілі (қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру) | Міндеттемені қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру; (қажетін қалдыру) |
5 | Қайта құрылымдалатын/қайта қаржыландырылатын шарт (тар) бойынша берешек қалдығы | (қаржылық сауықтыруға берілетін Негізгі қарыз қалдығының сомасын көрсету); |
6 | Қолданыстағы сыйақы мөлшерлемесі | жылдық _%, (қайта құрылымдалатын/ қайта қаржыландырылатын шарт бойынша қолданыстағы пайыздық мөлшерлемені көрсету) |
7 | Міндеттемелерді өтеудің қолданыстағы күні | (қайта құрылымдалатын/қайта қаржыландырылатын шарт бойынша өтеудің қолданыстағы күнін көрсету) |
8 | Мерзімі өтіп кеткен есептелген сыйақының бар-жоғы |
Бар/Жоқ (қажетін қалдыру) "Бар" болған жағдайда: |
9 | *Қарыз алушылардың өз міндеттемелерін Қаржы институттарының алдында орындамау себептері (осы тармақ Қарыз алушының мерзімі өтіп кеткен берешегі болған кезде көрсетіледі) | (Қарыз алушының өз міндеттемелерін Қаржы институтының алдында орындамау себептерін көрсету) |
10 | Айыппұлдар мен өсімпұлдардың бар-жоғы, сома, теңге |
Бар/Жоқ (қажетін қалдыру) "Бар" болған жағдайда: |
11 | Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыты |
Сәйкес/Сәйкес емес (қажетін қалдыру) |
12 | Заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының банктік шоттарын қамаққа алудың бар-жоғы не қарыз алушының шоттарында өзге де уақытша тоқтатудың/шектеулердің бар-жоғы |
Бар/Жоқ (қажетін қалдыру) |
13 | Шарт бойынша кепілмен қамтамасыз ету (шарттың (тардың) атауы, нөмірі, күні) | (нарықтық және кепіл құнын; соңғы тәуелсіз бағалау күнін көрсете отырып, қаржылық сауықтыруға берілетін шарт (тар) бойынша кепілмен қамтамасыз етуді көрсету) |
14 | Қарыз алушының қаржы институтына қаржылық сауықтыруға өтінім берген күні | (Қаржы институтының Қарыз алушыдан қаржылық сауықтыруға өтінімді қабылдаған күнін көрсету) |
15 | Жаңа сыйақы мөлшерлемесі (%) | (өтеудің жоспарланған кестесіне сәйкес жаңа сыйақы мөлшерлемесін көрсету) |
16 | Міндеттемені қайтару мерзімін ұзарту | (міндеттемені өтеудің жоспарланған күнін көрсету; қарыздың айларға бөлінген жаңа мерзімі) |
17 | Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия мақұлдаған жағдайда есептен шығарылатын айыппұлдар мен өсімпұлдар сомасы, теңге | (Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия мақұлдаған жағдайда Қаржы институты есептен шығаратын айыппұлдар мен өсімпұлдар сомасын теңгемен көрсету) |
18 | Өтеудің жоспарланған кестесі |
___қосымшаны қарау; |
19 | Өтеудің жоспарланған әдісі |
Негізгі борыш - ______, (мысалы, тоқсан сайын) |
20 |
Сыйақы сомасы (теңге): | (бөлуге сәйкес сыйақы сомасын теңгемен көрсету: жалпы, қарыз алушы төлейтін, субсидияланатын) |
21 | "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы ұсынатын қорландыру |
Қажет етіледі/Қажет етілмейді (қажетін қалдыру) |
22 | Қосымша шарттар | Қарыз алушылардың меншік иелері кредиторлар алдында міндеттемелер толық өтелгенге дейін қатысушылар арасында пайда бөлігін бөліп бермеу, қосымша капиталдандыру, инвесторлар тарту, қаржылық сауықтыру шарттарын орындау мен басқа да шаралар бойынша қаржы институттарына толық жәрдемдесу жолымен қолдау көрсетеді – (Қағидалардың осы тармағы қалай орындалатынын айқындау қажет – мысалы, кепілдік міндеттемеге қол қою жолымен не Қарыз алушы мен Қаржы институты арасында қол қойылатын шартқа осы тармақты қосу жолымен не басқа да тәсілдермен) |
23 |
-----//------ | -----------///------------ |
2. Қарыз алушы жөніндегі ақпарат:
Толық атауы | |
Негізгі қызмет түрі | |
Облыс | |
Заңды (почталық) мекенжайы | |
Нақты мекенжайы | |
Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың күні мен нөмірі | |
Қайта тіркеу күні | |
БСН, ЖСН | |
Акционерлер, құрылтайшылар, иелік үлесі, % | |
Менеджмент, білімі, жұмыс тәжірибесі | |
Үлестес заңды тұлғалар, құрылтайшылар, иелік үлесі | |
Жұмыскерлер саны | |
-----//------ |
3. Бизнестің тарихы:
(кәсіпорын тарихын толық сипаттау)
4. Қызметінің сипаттамасы:
(кәсіпорын қызметін, өндіретін азық-түлік тауарларын, өндіріс әдістерін, бәсекелестерін, өнім берушілерін (қызмет көрсетушілерін), өткізу нарықтарын (сатып алушыларын) және т. б. толық сипаттау)
5. Түсім бойынша мәліметтер:
(әрбір дақыл бойынша бөлінген және әр жыл бөлінісіндегі жиналған түсім бойынша мәліметтер)
Жылдары/дақылдың атауы | (Бидай), центнер/гектар | _____, центнер/гектар | _____ центнер/гектар |
2008 | |||
2009 | |||
2010 | |||
2011 | |||
2012 | |||
2013 |
1. Жерлердің құрылымы:
Атауы |
20__ жыл, |
20__ жыл, |
Пікірлер | |
1 | Егістік | |||
2 | Жайылым | |||
3 | Ауыл шаруашылығы алқаптарының жиыны | |||
4 | Егістік | |||
5 | Жайылым | |||
6 | Ауыл шаруашылығы алқаптарының жиыны | |||
7 | Егістік | |||
8 | Жайылым | |||
9 | Ауыл шаруашылығы алқаптарының барлығы | |||
2. Материалдық-техникалық базасы:
№ | Атауы | Орналасқан жері | Алаңы, шаршы метр | Пікірлер (кәсіпорын қызметінде пайдалану) |
1 |
3. Кәсіпорынның техникалық паркі:
№ | Атауы | Шыққан жылы | Саны |
4. Ағымдағы қаржылық жай-күйі:
(агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің ағымдағы күнге және соңғы есеп беру кезеңіне қаржылық есептілігі (бухгалтерлік теңгерім, пайда және шығындар туралы есеп, қаражат қозғалысы туралы есеп))
5. Қаржылық есептіліктің болжамдық көрсеткіштері:
(субсидиялауды есепке алғанда және алмағанда қаржылық есептер болжамы (болжамдық бухгалтерлік теңгерім, пайда мен шығындар туралы есеп, ақша ағымының болжамы))
6. Қаржы институтының қорытындысы:
(Қаржы институты дайындаған осы қорытындыда заттай және қаржылық мәнде қаржылық сауықтырудан күтілетін әсердің сипаттамасы қамтылуы керек)
______қосымша
(қосымшалардың бірінде Қарыз алушының өтеудің жоспарланған кестесінен басқа, төменде келтірілген нысан бойынша әр жылдың әр тоқсаны бөлінісінде сыйақыны, субсидияларды және негізгі борышты бөлуді көрсету қажет)
20__ жыл | Қарыз алушы төлейтін сыйақы сомасы (субсидияланбайтын), теңге | 1-тоқсан | |
2-тоқсан | |||
3-тоқсан | |||
4-тоқсан | |||
Барлығы | |||
Мемлекет төлейтін сыйақы сомасы (субсидияланатын), теңге | 1-тоқсан | ||
2-тоқсан | |||
3-тоқсан | |||
4-тоқсан | |||
Барлығы | |||
Кесте бойынша төленетін негізгі борыш сомасы, теңге | 1-тоқсан | ||
2-тоқсан | |||
3-тоқсан | |||
4-тоқсан | |||
Барлығы |
Қаржы институтының басшысы ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Мөр орны
Қарыз алушы ____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Мөр орны (бар болса)