Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 205 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 шілдеде № 13876 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.06.2020 № 193 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.06.2020 № 193 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.06.2020 № 193 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 13 мамыр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 7 маусым

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 5 мамырдағы
№ 205 бұйрығына
1-қосымша

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.06.2020 № 193 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, 2013-2015 жылдары қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия мақұлдаған агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеке кабинет – пайдаланушының (қарыз алушының, қаржы институтының/қаржы агентінің, жұмыс органының) тізілімдегі дербес веб-парақшасы;

      2) жеке шот – субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде ашылатын, пайдаланушыны тану (аутентификациялау) және оның жеке деректері мен баптауларына қолжетімділік беру үшін қажетті, тізілімде тіркелген пайдаланушы туралы ақпаратты көрсететін шот;

      3) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      4) кредиторлар комитеті – кредитор қаржы институттарының өкілдерінен қалыптасатын, әрбір жеке қарыз алушы үшін тиісті салалық қауымдастықтың өкілін қосу мүмкіндігі бар комиссия;

      5) кредиторлық міндеттемелер – қарыз алушының өзге шаруашылық жүргізуші субъектілер алдында айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасы мен арнайы техниканы, технологиялық жабдықты лизингке алуға байланысты туындаған міндеттемелері, сондай-ақ басқа да кредиторлар алдындағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру;

      6) кредиттік және лизингтік міндеттемелер – өзіне қатысты осы Қағидалардың шеңберінде қаржылық сауықтыру шараларын қолдануға болатын қарыз алушының қаржы институты алдында айналым құралдарын толықтыру, негізгі құралдарды сатып алу және құрылыс салу мақсаттарына, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген мақсаттарға кредит/лизинг алумен байланысты туындаған берешекті қайта қаржыландыруға арналған кредит/лизинг алуға байланысты туындаған міндеттемелері;

      7) кредиттік және лизингтік міндеттемелерді қайта құрылымдау – қарыз алушыларда бар кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша қайтару мерзімдерін ұлғайту, төлемдерді өтеудің тәртібі мен кезектілігін өзгерту, сыйақы мөлшерлемесін өзгерту, сондай-ақ өтеу бойынша жеңілдікті кезең беру;

      8) кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерді қайта қаржыландыру – ұзақ мерзімді қайтару мерзімдерімен, сыйақының төмен пайыздық мөлшерлемесімен және бар берешектерін өтеуге арналған жеңілдікті кезеңмен қосымша келісімдер жасасу жолымен жаңа нысаналы кредиттер беру не бұрын берілген кредиттерін алмастыру;

      9) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      10) қаржы агенті – агроөнеркәсіптік кешен саласында қызметін жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдинг;

      11) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, АӨК саласындағы кредиттік серіктестіктер, микроқаржылық/микрокредиттік ұйымдар, АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын лизингтік компаниялар;

      12) қаржылық сауықтыру – сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде мемлекет тарапынан қолдау кезінде айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа, технологиялық жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға, сондай-ақ жоғарыда аталған мақсаттарға кредит/лизинг алумен байланысты туындаған берешекті қайта қаржыландыруға пайдаланылған қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық міндеттемелерін қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру;

      13) қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссиялар жанындағы субсидиялар қаражатын бөлу жөніндегі жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші)) – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының әкімдіктердің ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      14) қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның шешімі – қарыз алушыға қатысты қаржылық сауықтыруды мақұлдау/мақұлдамау туралы шешім;

      15) қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) – ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді және өткізуді қоса алғанда, агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын және кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелері бар жеке немесе заңды тұлғалар;

      16) қорландыру қаражаты – қарыз алушылардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) кредиттік және лизингтік міндеттемелерін кейіннен қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру үшін қаржы агентінің тартылған, қаржы институтына берілетін қарыз қаражаты;

      17) сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау – қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) кредиттік және/немесе лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы ретінде қаржы институтына төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау нысаны;

      18) субсидиялауға арналған өтінім – қаржы институтының АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру кезінде пайыздық мөлшерлемені төлеуге арналған электрондық өтінімі;

      19) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар (көрсетілетін қызметті алушылар), қаржы институттары туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      20) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ) – субсидиялау шарттарын өзгертуге арналған өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      21) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналасқан, СМАЖ-ға қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      22) технологиялық жабдық – олардың қатысуынсыз толық технологиялық циклдің қамтамасыз етілуі мүмкін болмайтын тікелей және қосалқы мақсаттағы жабдықтардан тұратын ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өңдеу жөніндегі жабдық;

      23) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополия субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      24) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      3. Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау 2013-2015 жылдары субсидиялауға арналған өтінімдерін қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия мақұлдаған, оның ішінде кейінге қалдыру шартымен мақұлдаған қарыз алушыларға (көрсетілетін қызметті алушылардың) қатысты жүзеге асырылады.

      4. Қаржылық сауықтыру 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелер бойынша жүзеге асырылады.

      5. Басқа мемлекеттік және/немесе үкіметтік бағдарламалар шеңберінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін шарттарды қоспағанда, қарыз алушылардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша шарттар пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға жатады.

      6. Республикалық бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражаты есебінен қаржыландырылған қарыз алушылардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) кредиттік және лизингтік міндеттемелерін қаржылық сауықтыру қаржыландыру көзін ауыстыру жолымен оларды бюджеттік қаражаттан тыс қаражатпен ауыстырған жағдайда жүзеге асырылады.

      7. Қарыз алушылардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) қаржылық берешегін қайта құрылымдау жағдайларын, сондай-ақ жеделдетілген оңалту рәсіміндегі немесе оңалту рәсіміндегі қарыз алушыларды (көрсетілетін қызметті алушыларды) қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгеру сатысында, таратылу немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрған қарыз алушылардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) қызметі қаржылық сауықтырылмауы тиіс. Бұл ретте, қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның субсидиялауды тоқтату туралы шешімі қабылданған қарыз алушылар (көрсетілетін қызметті алушылар) қайтадан қаржылық сауықтыру рәсіміне қатыспайды.

      8. Қаржылық сауықтыру қаржы институттары есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарған жағдайда жүзеге асырылады, мерзімі өтіп кеткен сыйақыны негізгі борышқа капиталдандыруға қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) келісімі болған жағдайларды қоспағанда, есептелген мерзімі өтіп кеткен сыйақы мөлшерлемесі жылдық 0,1 %-дан аспайтын бөлек кестемен (негізгі борышқа капиталдандырусыз) төлемді бөліп төлеу арқылы жүргізіледі.

      9. Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында немесе 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мынадай шарттар бір уақытта сақталған кезде жүзеге асырылады:

      1) қаржы институттарының қарыз алушылардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) кредиттік және лизингтік міндеттемелерін қайтару мерзімін 9 (тоғыз) жылдан аспайтын мерзімге ұлғайтуы;

      2) АӨК субъектілерінің өзге шаруашылық жүргізуші субъектілер алдындағы кредиторлық берешегін қаржы институттарының қайтару мерзімі 9 (тоғыз) жылдан аспайтын кредитіне ауыстыра отырып қайта қаржыландыру не қосымша келісімдер жасасу жолымен бұрын берілген кредиттерді алмастыру;

      3) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерін қайта қаржыландыру/қайта құрылымдау кезінде осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды беру өлшемшарттарын сақтауы, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген қаржылық сауықтыруға тараптардың теңдей қатысуын сақтау.

      10. Қарыз алушыларды қаржылық сауықтыруды жүргізген кезде мүдделі тараптар өздеріне мынадай міндеттемелер алады:

      1) қаржы институттары өз қаражаты және қаржы агентінің қатысуынсыз тартылған қаражат есебінен қаржылық сауықтырған жағдайда, осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес қайта құрылымдалатын/қайта қаржыландырылатын кредиттер/лизингтер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарады және қайта құрылымдалатын кредит бойынша теңгемен жылдық 14 (он төрт) %-дан аспайтын және шетелдік валютада 10 (он) %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесін белгілейді; кредитті қайтару мерзімін 9 (тоғыз) жылдан аспайтын мерзімге ұзартады не 9 (тоғыз) жылдан аспайтын қайтару мерзімімен, теңгемен жылдық 14 (он төрт) %-дан аспайтын және шетелдік валютада 10 (он) %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен жаңа кредиттер береді не қосымша келісімдер жасасу жолымен бұрын берілген кредиттерді алмастырады. Бұл ретте, егер, қаржы институтының қарызы бойынша сыйақының мөлшерлемесі жылдық 14 (он төрт) %-ға тең немесе одан төмен болса, онда теңгемен 7 (жеті) %-ын және шетелдік валютада 5 (бес) %-ын мемлекет субсидиялайды, айырмашылықты қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) төлейді.

      Қаржы институттары қаржы агентінің қатысуымен қорландыру қаражатының есебінен қаржылық сауықтырған жағдайда, осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес қайта құрылымдалатын/қайта қаржыландырылатын кредиттер/лизингтер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарады және қайта құрылымдалатын кредит бойынша теңгемен жылдық 7 (жеті) %-дан аспайтын және шетелдік валютада 5 (бес) %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесін белгілейді; кредитті қайтару мерзімін 9 (тоғыз) жылдан аспайтын мерзімге ұзартады не 9 (тоғыз) жылдан аспайтын қайтару мерзімімен теңгемен жылдық 7 (жеті) %-дан аспайтын және шетелдік валютада 5 (бес) %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен жаңа кредиттер береді, не қосымша келісімдер жасасу жолымен бұрын берілген кредиттерді алмастырады;

      2) қарыз алушылар (көрсетілетін қызметті алушылар) қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттің негізгі борышын және ол бойынша пайыздарды тұрақты төлеу бойынша барлық шараларды қабылдайды, борышты және ол бойынша пайыздарды толық өтегенге дейін таза табыстың бөлінуін болдырмайды;

      3) қарыз алушылардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) меншік иелері қарыз алушылар (көрсетілетін қызметті алушылар) қаржылық сауықтыру талаптарына сәйкес қаржы институттары алдындағы міндеттемелерін толық өтегенге дейін қатысушылар арасында барлық табысты бөлмеу, қосымша капиталдандыру, инвесторлар тарту, қаржылық сауықтырудың шарттарын орындау бойынша қаржы институттарына толық жәрдемдесу жолымен қолдау көрсетеді.

      11. Қорландыру қаражатын орналастыру жөніндегі сыйақы мөлшерлемесі қорландыру қаражатын қаржы агентінің кейіннен қаржы институттарында орналастыруы үшін, қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның шешімі негізінде теңгемен 7 (жеті) %-ын мемлекет субсидиялайтын жылдық теңгемен 10 (он) %-дан асырылмай және шетелдік валютада 5 (бес) %-ын мемлекет субсидиялайтын жылдық 6 (алты) %-дан асырылмай белгіленеді.

      12. Қорландыру қаражатын қаржы агенті теңгемен жылдық 3 (үш) %-дан және шетелдік валютада жылдық 1 (бір) %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен қаржы институттарында орналастырады.

      13. Қаржы агентінің қатысуынсыз сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау оны қарыз алушылардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша теңгемен жылдық 7 (жеті) %-ға және шетелдік валютада 5 (бес) %-ға төмендету арқылы жүзеге асырылады.

      14. Қаржы агентінің қатысуымен қарыз алушылардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік/кредиторлық міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау үшін қаражат беру жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) мен қаржы агенті арасындағы қолданыстағы (жасалған) екіжақты шарт (бұдан әрі – субсидиялау шарты) бойынша жүзеге асырылады.

      15. Қаржы институты 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру жоспарларын жаңартады және жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) жолдайды.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) жаңартылған қаржылық сауықтыру жоспарларын бір ай ішінде қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысына шығарады.

      Жаңартылған АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру жоспарлары болмаған жағдайда, субсидиялау шарттары осы Қағидалар күшіне енген сәттен бастап үш ай өткен соң жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешімімен АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасынан алып тасталуы тиіс.

      16. Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелері бойынша, сондай-ақ шетел валютасына байланыстырылған міндеттемелер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте, субсидиялар сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі субсидиялар сомасын аудару күніне белгілеген бағам бойынша теңгемен төленеді. Оң бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны келешек субсидиялар шотына есептейді, ал теріс бағамдық айырмашылық жағдайында оны қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) төлейді.

      17. Қаржы агентінің қатысуымен субсидиялау жағдайында субсидиялар сомасы қаржы институттарында орналастырылған қорландыру қаражатының жалпы сомасының теңгемен 7 (жеті) %-ы және шетел валютасында орналастырылған соманың жылдық 5 (бес) %-ы мөлшерінде қаржы агентіне беріледі. Бұл ретте субсидия мөлшері қаржы институттарының жыл сайын қорландыру қаражатын қайтаруы ескеріле отырып айқындалады.

      18. Қаржы агентінің қатысуымен субсидиялау жағдайында қорландыру қаражатының көлемі және оларды қайтару мерзімдері негізгі борыш сомасынан және қаржы институттары қайта құрылымдайтын/қайта қаржыландыратын қарыз алушылардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) кредиттік және лизингтік міндеттемелерінің қолданылуы мерзімдерінен аспайды.

2-тарау. Субсидиялар алу шарттары

      19. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

      1) қаржы институтының/қаржы агентінің осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтінімді "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы беруі.

      "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік қызметін стандартында жазылғанингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне субсидияларды алу сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      "Электрондық үкіметтің" веб-порталы мен СМАЖ-дың өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) субсидиялауға арналған өтінімнің СМАЖ-да тіркелуі;

      3) деректері СМАЖ-дың "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған қаржы институтында/қаржы агентінде жеке шоттарының СМАЖ-да болуы;

      4) берілген субсидиялауға арналған өтінім бойынша АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру кезінде қолданыстағы (бұзылмаған және тоқтатылмаған) пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау шартының болуы;

      5) қарыз алушыда (көрсетілетін қызметті алушыда) субсидияланатын қарыз шарты бойынша негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша мерзімі өтіп кеткен (төлемге арналған өтінім беру сәтінде) міндеттемелердің болмауы.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі

      20. Субсидиялау мынадай процестерді қамтиды:

      1) субсидиялауға арналған өтінім беру;

      2) субсидия төлеу;

      3) субсидиялау шартын өзгерту;

      4) субсидиялау шартын тоқтату.

      21. Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешіміне жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) бірінші басшысының ЭЦҚ-сы қойылады.

      22. СМАЖ-да жеке шот ашу үшін:

      1) қаржы институтының/қаржы агентінің СМАЖ-да өз бетінше тіркелуі үшін ЭЦҚ-сы болады;

      2) жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші), қаржы институты/қаржы агенті жыл сайын ҚазақстаноРеспубликасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімін жолдайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      23. Қаржы институты/қаржы агенті жеке шоттар ашқан кезде тіркелу үшін мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі, толық атауы; бірінші басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН);

      2) дара кәсіпкерлер үшін: ЖСН, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;

      3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктің ағымдағы шотының деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректері өзгерген кезде қаржы институты/қаржы агенті Жеке кабинетке енгізілген жеке шот деректерін бір жұмыс күні ішінде өзгертеді.

      24. Субсидиялауға арналған өтінімді қалыптастыру мен тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) СМАЖ тексеру үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып, субсидиялауға арналған өтінім қалыптастырылады;

      2) субсидиялауға арналған өтінім қаржы институтының/қаржы агентінің ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қоюы арқылы СМАЖ-да тіркеледі және жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) электрондық мекенжайына субсидиялауға арналған өтінімнің қарауға келіп түскені туралы электронды хабарлама жіберіледі;

      3) СМАЖ-да қаржы институтының/қаржы агентінің Жеке кабинетінде мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      25. Субсидиялау шартында оны жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) мынадай жағдайларда біржақты бұзу құқықтары көзделеді:

      1) қарыз шарты бойынша қаражаттың мақсатты пайдаланылмауы;

      2) қаржылық сауықтыру бағдарламасына қатысуға мақұлданғаннан кейін заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) шоттарына тыйым салынуы;

      3) қарыз алушының негізгі борышты және/немесе сыйақыны өтеу бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен артық мерзімі өткен міндеттемелерінің болуы;

      4) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толық өтеуі. Қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толық өтеген күні пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды тоқтату күні болып саналады;

      5) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) субсидиялауды тоқтату туралы бастамасы (жазбаша өтініші);

      6) қаржы агентінің субсидиялауды тоқтату туралы бастамасы;

      7) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру жоспарын 2 (екі) жыл ішінде орындамауы.

      26. Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысы субсидиялауға арналған өтінімді тіркеген сәттен бастап (1) бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды. Осы хабарлама өз бетінше тіркелген жағдайда, СМАЖ-да қаржы институтының/қаржы агентінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      27. Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысы осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес субсидиялауға арналған өтінім берілген күннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қаржыландыру жоспарына сәйкес СМАЖ-да жұмыс органы басшысының (қөрсетілетін қызметті берушінің) ЭЦП-сы қойылатын, "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.

      Субсидиялар көлемі Қаржыландыру жоспарында тиісті айға көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын субсидиялауға арналған өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу субсидиялауға арналған өтінім берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен келесі айда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      27-1. Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 3-тарау 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      28. Кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қаражатын аудару қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) мен қаржы институты қол қоятын қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру міндеттемелері туралы шарт жасалған күннен басталады. Субсидиялау қаражатын төлеу субсидиялау шарты жасалған сәттен бастап тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде оның қолданылу мерзімінің соңына дейін жүзеге асырылады. Бұл ретте субсидиялауға арналған қаражатты бөлу бұрын жасалған субсидиялау шарттарын есепке ала отырып жүзеге асырылады.

      29. Егер, жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысы төлем тапсырмаларын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген субсидиялауға арналған өтінімде деректер сәйкессіздігінің бар екендігі анықталса, қарыз алушы (көрсетілетін қызметті беруші) кері қайтару себептерін көрсете отырып, субсидиялауға арналған өтінімді кері қайтарып ала алады.

      30. Қаржы институты/қаржы агенті жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомаларын жұмыс органының (көрсетілетін қызметті беруші) аударуы үшін арнайы банктік шот ашады, ал мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, қызмет көрсетуші банкте арнайы шот ашады.

      31. Қаржы институты/қаржы агенті арнайы банктік шоттағы қаражатты тек қарыз шарты бойынша қарыз алушыға (көрсетілетін қызметті алушыға) пайыздық мөлшерлеменің субсидияланатын бөлігін төлеуге пайдаланады.

      32. Қаржы институты қарыз алушыдан (көрсетілетін қызметті алушыдан) сыйақы мөлшерлемелерінің субсидияланбайтын бөлігін алған кезде қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шартқа өтеу графигіне сәйкес пайыздық мөлшерлеменің субсидияланатын бөлігін арнайы банктік шоттан есептен шығаруды жүзеге асырады.

      33. Қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт бойынша төлем күні келген және қаржы институтының арнайы банктік шотында сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу үшін қаражат болмаған жағдайда, қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) сыйақының толық мөлшерлемесін төлеуді өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Қаржы институты төлем күні болғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын СМАЖ-да қарыз алушыны (көрсетілетін қызметті алушыны) сыйақының толық мөлшерлемесін өз қаражаты есебінен төлеу қажеттігі туралы хабардар етеді. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының арнайы банктік шотына қаражат аудару арқылы өтейді. Мұндай жағдайда қаржы институты қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) есептік шотына субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесін аудару арқылы қарыз алушыға (көрсетілетін қызметті алушыға) бұрын төленген сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      34. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) ай сайын СМАЖ-да жасалған субсидиялау шарттарына сәйкес жиынтық соманы қалыптастырады және субсидияларды кезекті төлеу жүзеге асырылатын айдың алдындағы айда пайыздық мөлшерлеменің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының арнайы банктік шотына ай сайын аванстық төлеммен аударады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      35. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) СМАЖ-да қаржы институтынан қолданыстағы субсидиялау шартының талаптарын өзгерту туралы хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) субсидиялау шартының өзгертілген талаптарының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;

      2) ұсынылатын өзгерістер осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келген жағдайда жұмыс органы басшысының (көрсетілетін қызметті берушінің) ЭЦҚ-сын қою арқылы субсидиялау шартына өзгеріс енгізу жөнінде шешім қабылдайды және ресімдейді және бұл туралы қарыз алушыны (көрсетілетін қызметті алушыны) 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік және лизингтік шарттар бойынша талаптар өзгертілген жағдайда, қаржы институты ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) келісімін алады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      36. Арнайы шотта пайдаланылмаған қаражат қалдығы пайда болған жағдайда оларды:

      1) қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) бағдарламадан алынып тасталған кезде, қаржы институты жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) шешім қабылдағаннан кейін бір ай ішінде;

      2) қолданыстағы қарыз шартының талаптары өзгерген, сондай-ақ негізгі берешек мерзімінен бұрын өтелген жағдайда, қаржы институты тоқсан сайынғы есептілікті ұсынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      3) қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) негізгі борышының және/немесе сыйақының жоспарлы төлемін өтеу бойынша міндеттемелерін қатарынан күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен артық мерзімде орындамаған кезде жұмыс органынан (көрсетілетін қызметті берушіден) қарыз алушыны (көрсетілетін қызметті алушыны) субсидиялауды тоқтату туралы ақпарат алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтару қамтамасыз етіледі.

      Бұл ретте, ағымдағы қаржы жылы жүргізілген төлемдерді қайтару орындалмаған міндеттемелердің сомасын ұлғайту және шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту жолымен жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) кассалық шығыстарын қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады. Өткен жылдардың төлемдерін қайтарған жағдайда, қайтарылатын сома төлемдер жүргізілген тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

      37. Қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік және лизингтік шарттар бойынша талаптарды (сыйақы мөлшерлемесі, төлеу мерзімі, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша кейінге қалдыруды ұсыну) жылына бір рет қана өзгертуге болады. Бұл ретте, қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік және лизингтік шарттардың қолданыс мерзімдері өзгертілген (ұзартылған) жағдайда, субсидиялау мерзімдері ұзартылмайды, сондай-ақ сыйақыны негізгі борышқа капиталдандыруға жол берілмейді.

      Қаржы институты/қаржы агенті СМАЖ-да қабылданған қаржыландыру шарттарын өзгерту жөніндегі шешімнің көшірмесін, негізгі борышты, сыйақыны және субсидиялар көлемін өтеудің жаңартылған графигін қоса бере отырып, бұл туралы жұмыс органын (көрсетілетін қызметті берушіні) хабардар етеді.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      38. Қарыз алушыны (көрсетілетін қызметті алушыны) субсидиялаудың жаңартылған графигімен бірге субсидиялау шартына қосымша келісім жұмыс органы шешімінің негізінде субсидиялау шартына өзгерістер енгізу жөніндегі оң шешім туралы жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) хабарламасын қаржы институты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы институты/қаржы агенті мен жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) арасында жасалады.

      Бұл ретте, субсидиялау шартын өзгертуге қаржы институты тиісті қарыз шартын өзгертуді қарыз алушымен (көрсетілетін қызметті алушымен) келісу бойынша (біржақты тәртіппен емес) жүргізген жағдайда жол беріледі.

      39. Қаржы институты қолданыстағы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттың талаптарын (пайыздық мөлшерлеме, сыйақыны төлеу мерзімі, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша кейінге қалдыруды ұсыну) өзгерткен жағдайда, қаржы институты күнтізбелік 10 (он) күн ішінде СМАЖ-да жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) беру үшін қаржыландыру шарттарын өзгерту жөнінде қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңартылған графигін қамтитын құжаттар топтамасымен бірге хабарлама жолдайды.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      40. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген және жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) теріс шешім қабылдаған жағдайда, қолданыстағы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт талаптары өзгеріссіз қалады.

      Қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік шарт бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, қаржы институты есептелген сыйақы фактісі бойынша есептелген субсидияларды есепке қосуды жүргізеді.

      Оң шешім қабылдаған жағдайда, жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысы 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 35-тармағының талаптарын сақтай отырып, қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына тиісті өзгерістер енгізеді.

      41. Қаржы институты қолданыстағы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/кредиторлық/лизингтік шарттың талаптарын (негізгі борыштың барлық сомасын немесе оның бір бөлігін төлеу бойынша кейінге қалдыруды ұсыну) өзгертуді жоспарлаған жағдайда, ол 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы қаржы агентіне жазбаша хабарлайды.

      Қаржы агенті хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы институтына негізгі борышты немесе оның бір бөлігін өтеу графигін өзгертуге келісу немесе келіспеу туралы хат жолдайды.

      Қаржы институты қаржы агенті хатының негізінде мынадай іс-шаралардың бірін жүргізеді:

      1) қаржы агенті негізгі борыштың барлық сомасын немесе оның бір бөлігін өтеу графигін өзгертуге келісім берген жағдайда, СМАЖ-да жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысына қабылданған қаржыландырудың шарттарын өзгерту жөніндегі шешімнің көшірмесін, негізгі борышты өтеудің жаңартылған графигін және қаржы агентінің хатын қамтитын құжаттар топтамасымен бірге хабарлама жолдайды;

      2) қаржы агенті негізгі борышты немесе оның бір бөлігін өтеу графигін өзгертуге келісім бермеген жағдайда, СМАЖ-да қарыз алушыға (көрсетілетін қызметті алушыға) қорландыру қаражатын қатыстырмай қаржылық сауықтыру шараларын әрі қарай қолдану мүмкіндігін қарастыруға қатысты құжаттар топтамасымен бірге жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) хабарлама жолдайды.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      42. Қаржы агентінің келісу туралы хаты болған және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келген жағдайда, жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысы 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 34-тармағының шарттарын сақтай отырып, қаржы агентін субсидиялау шартына тиісті өзгерістер енгізеді.

      Қаржы агенті келіспеген жағдайда, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаржы агентін субсидиялау шартын бұзады және осы Қағидалардың 10 және 34-тармақтарының талаптарын сақтай отырып, қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартын жасасады.

      43. Қаржы институты субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне қорландыру қаражатын қайтарады.

      Пайдаланылмаған қаражат қалдығын қаржы агенті осы Қағидалардың 36-тармағына сәйкес қайтарады.

      44. Қаржы институты/қаржы агенті субсидиялау шартын жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) біржақты бұзуы үшін негіз болып табылатын оқиғаның болғаны туралы оған белгілі болған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде СМАЖ-да жұмыс органын (көрсетілетін қызметті берушіні) осындай оқиға туралы хабардар етуі қажет.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) қаржы институтынан/қаржы агентінен хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялау шартын тоқтатуға шешім қабылдайды және оны ресімдейді және бұл туралы қаржы институтын/қаржы агентін хабардар етеді.

      Қаржы институты/қаржы агенті жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) тиісті шешімі туралы хабарлама алған күннен бастап субсидиялау шарты бұзылды деп есептеледі.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      45. Қарыз алушыға (көрсетілетін қызметті алушыға) осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында субсидиялар беру нәтижесі туралы хабарлама жолданады.

      Хабарлама қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) СМАЖ-да тіркелген кезде көрсеткен электрондық почтасының мекенжайына, сондай-ақ СМАЖ-дағы Жеке кабинетіне жолданады.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      46. Қарыз алушыға (көрсетілетін қызметті алушыға) субсидия беруден бас тарту осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      47. Субсидия беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын СМАЖ-да іркіліс болған жағдайда, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) Министрлікке туындаған жағдай туралы дереу хабардар етеді, ол оны жоюға кіріседі.

      Бұл ретте, туындаған іркілісті жою бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін Министрлік 3 (үш) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оны СМАЖ-ға орналастырады.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

4-тарау. Шағым берудің тәртібі

      48. Субсидиялар алу мәселелері бойынша жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. Шағымды жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда жібермейді.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      49. Қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) шағымын Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес мыналар қарауы тиіс:

      жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші), уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде.

      50. Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің), уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге бара отырып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      51. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерін қаржылық
сауықтыру жөніндегі бағыт
шеңберінде кредиттік және
лизингтік міндеттемелер
бойынша сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Субсидиялауға арналған өтінім

      20__ жылғы "____" __________

      Осымен, қаржы институты/қаржы агенті _____________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      бюджеттік бағдарламасы шеңберінде _________________________ облысының

      (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) ауыл шаруашылығы

      басқармасынан 20___ жылғы "____"_________ №______ субсидиялау шартына

      сәйкес __________ кезең үшін республикалық бюджеттен қаржы институтының/

      қаржы агентінің № __________ шотына ____________ теңге сомасында қаражат

      аударуды сұрайды.

      Өтінім беруші 20 __ жылғы "___" _______ сағат ________ қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Өтінім 20__ жылғы "__" _________ сағат ___________ қабылданды:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерін қаржылық
сауықтыру жөніндегі бағыт
шеңберінде кредиттік және
лизингтік міндеттемелер
бойынша сыйақы
өлшерлемелерін
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтінімдерін қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Субсидияларды аудару туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау немесе мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында www.gov.kz.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында субсидиялауға өтінім береді.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 205 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 13876 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі жолдама шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және көрсетілетін қызметті берушілер Қағидалар өзгерген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерін қаржылық
сауықтыру жөніндегі бағыт
шеңберінде кредиттік және
лизингтік міндеттемелер
бойынша сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      Құрметті ________________________________________________________

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №_______ өтініміңіз бойынша мемлекеттік

      қызметті көрсетуден _______________________ ___________________________

      себепті бас тартылды.

      Өтінім беруші 20__ жылғы "__" _______ сағат ________ қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Өтінім 20__ жылғы "__" _________ сағат ___________ қабылданды:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерін қаржылық
сауықтыру жөніндегі бағыт
шеңберінде кредиттік және
лизингтік міндеттемелер
бойынша сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      Құрметті ________________________________________________________

      Сіздің 20 ___ жылғы "__" ___________ № __________ өтініміңіз бойынша

      Сіздің № ______________ есептік шотыңызға 20___ жылғы "__" _____________ төлем

      тапсырмасымен __________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылғанын

      хабарлаймыз.

      Өтінім беруші 20__ жылғы "__" _______ сағат ________ қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Өтінім 20__ жылғы "__" _________ сағат ___________ қабылданды:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 5 мамырдағы
№ 205 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің күші
жойылған бұйрықтарының тізбесі

      1. "Агро өнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 9-1/320 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10763 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 мамырда жарияланған).

      2. "Агро өнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 9-1/320 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 9-1/760 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12301 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 қарашада жарияланған).

      3. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 9-1/320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 9-1/1099 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12451 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады