Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 наурызда № 14913 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 433 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 12.11.2019 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 29.11.2018 № 01-01/79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 29.11.2018 № 01-01/79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Персоналды басқару қызметі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін жолдануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы М.А. Әзілхановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Дін істері және азаматтық қоғам
министрі
Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Дін істері және азаматтық
қоғам министрінің
2017 жылғы 23 ақпандағы
№ 18 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 29.11.2018 № 01-01/79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қызметтік куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қызметтік куәлікті беру тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 29.11.2018 № 01-01/79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) Министрлікте және Министрліктің комитеттерінде оның мемлекеттік лауазымын растайтын құжат болып табылады.

      3. Қызметтік куәлік осы бұйрықпен бекітілген сипаттамаға сәйкес келеді.

      4. Жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.

2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      5. Қызметтік куәлік:

      1) Министрліктің комитет төрағаларының орынбасарына, департамент директорларына және директорларының орынбасарларына, басқарма басшыларына, бас сарапшыларына және сарапшыларына Министрліктің жауапты хатшысының қолы қойылып;

      2) Министрліктің басқармалары басшыларына, бас сарапшыларына және сарапшыларына Министрліктің комитеттерінің төрағаларының қолы қойылып беріледі.

      6. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және мерзімі өткен, жоғалған, сондай-ақ бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда беріледі.

      7. Министрліктің куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды Министрліктің немесе комитеттің тиісті кадр қызметі жүргізеді.

      Министерствоға және комитеттерге жаңадан қабылданған тұлғалар жаңа қызметтік куәлік рәсімдеу және алу үшін өздерінің 3 х 4 см көлемдегі 2 дана түрлі түсті фотосуретін тиісті кадр қызметіне тапсыруы қажет. Бір фотосурет қызметтік куәлікке жапсырылады, екінші фотосурет осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысандағы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) жапсырылады.

      Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін осы тиісті кадр қызметінің есепке алу журналдарында қол қояды.

      8. Қызметтік куәліктер және қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы тиісті кадр қызметінің сейфінде сақталады.

      9. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде оны пайдалану және сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті тиісті кадр қызметінің қызметтік куәлікті беруге жауапты қызметкерлері қайтарып алады.

      10. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды тиісті кадр қызметінің басшылары жүзеге асырады.

      11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу тиісті кадр қызметіне жазбаша ерікті нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

      12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша тиісті кадр қызметі қызметтік тергеп-тексеру туралы бұйрық шыққаннан кейін күнтізбелік он күн мерзімінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Министрліктің немесе комитеттердің тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

      13. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы тиісті кадр қызметіне хабар беріледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін тиісті кадр қызметі береді.

      14. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті тиісті кадр қызметіне тапсырады.

      Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

      15. Қызметкерлер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

  Қазақстан Республикасы
Қоғамдық даму министрлігінің
қызметтік куәлігін беру
қағидаларына қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 29.11.2018 № 01-01/79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Фотосурет

№ р/с қызметтік куәліктің нөмірі

Берілген күні

Кімге берілді қызметкердің А.Т.Ә. (ол болған жағдайда)

Лауазымы

Қызметкердің алғаны жөнінде жеке қолы

Тапсырғаны туралы белгі

Жою туралы белгі










      Ескертпе: Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және тиісті кадр қызметі басшысының қолымен және мөрімен расталады.

  Қазақстан Республикасы
Дін істері және азаматтық
қоғам министрінің
2017 жылғы 23 ақпандағы
№ 18 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      Ескерту. Сипаттаманың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 29.11.2018 № 01-01/79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қызметтік куәліктің мұқабасының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), қою көк түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан болады.

      2. Қызметтік куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "КУӘЛІК", "УДОСТОВЕРЕНИЕ" деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

      3. Қызметтік куәліктің ішкі жағында ақ түсті фонда жасырын түрдегі күн және шеңбер ішіндегі қалықтаған қыранды қолдана отырып, көк түсті қорғаныш тангир бейнеленген.

      Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) қызметтік куәлігінде жоғарғы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ", "МИНИСТЕРСТВО ОБЩЕСТВЕННОГО РАЗВИТИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" деген жазу орналастырылған.

      Министрліктің комитеттерінің қызметтік куәлігінде қосымша жолда "ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КОМИТЕТІ", "КОМИТЕТ ОБЩЕСТВЕННОГО СОГЛАСИЯ", "АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ", "КОМИТЕТ ПО ДЕЛАМ ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА", "ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ", "КОМИТЕТ ПО ДЕЛАМ МОЛОДЕЖИ И СЕМЬИ." деген жазу орналастырылған.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қоғамдық даму министрінің 29.11.2018 № 01-01/79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Сол жағында: көлемі 3см х 4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), қызметтік куәліктің номері, тиісті басшының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған қазақ тіліндегі мәтін.

      5. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, қызметтік куәліктің, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу және орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі (екі жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения Министерства общественного развития Республики Казахстан и его описания

Приказ Министра по делам религий и гражданского общества Республики Казахстан от 23 февраля 2017 года № 18. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 марта 2017 года № 14913. Утратил силу приказом Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 12 ноября 2019 года № 433.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра информации и общественного развития РК от 12.11.2019 № 433 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок в редакции приказа Министра общественного развития РК от 29.11.2018 № 01-01/79 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Правила выдачи служебного удостоверения Министерства общественного развития Республики Казахстан, согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) описание служебного удостоверения Министерства общественного развития Республики Казахстан, согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра общественного развития РК от 29.11.2018 № 01-01/79 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Службе управления персоналом Министерства по делам религий и гражданского общества Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течении десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, направление его копии в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по делам религий и гражданского общества Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по делам религий и гражданского общества Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на ответственного секретаря Министерства по делам религий и гражданского общества Республики Казахстан Азильханова М.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр по делам религий
и гражданского общества
Республики Казахстан
Н. Ермекбаев

  Приложение 1
к приказу Министра по делам
религий и гражданского общества
Республики Казахстан
от 23 февраля 2017 года № 18

Правила выдачи служебного удостоверения Министерства общественного развития Республики Казахстан

      Сноска. Заголовок Правила в редакции приказа Министра общественного развития РК от 29.11.2018 № 01-01/79 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения Министерства общественного развития Республики Казахстан (далее – Правила) определяют порядок выдачи служебного удостоверения Министерства общественного развития Республики Казахстан (далее – Министерство).

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра общественного развития РК от 29.11.2018 № 01-01/79 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Служебное удостоверение государственного служащего (далее – служебное удостоверение) является документом, подтверждающим его государственную должность в Министерстве и комитетах Министерства.

      3. Служебное удостоверение соответствует описанию, утвержденному настоящим приказом.

      4. Служебное удостоверение с просроченным сроком действия, помарками и подчистками считается недействительным.

Глава 2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      5. Служебное удостоверение выдается:

      1) за подписью ответственного секретаря Министерства – заместителям председателей комитетов, директорам и заместителям директоров департаментов, руководителям управлений, главным экспертам и экспертам Министерства;

      2) за подписью председателей комитетов Министерства – руководителям управлений, главным экспертам и экспертам комитетов Министерства.

      6. Служебные удостоверения выдаются сотрудникам при назначении на должность, изменении должности, по истечении срока, утере, а также порче ранее выданного удостоверения.

      7. Учет выдачи и возврата служебного удостоверения ведется соответствующей кадровой службой Министерства или комитета.

      Лица, впервые принятые на работу в Министерство или комитеты, для оформления и получения нового служебного удостоверения сдают в соответствующую кадровую службу две цветные фотографии размером 3 см х 4 см. Одна фотография вклеивается в служебное удостоверение, другая - в журнал учета выдачи служебного удостоверения государственных служащих (далее – журнал учета) по форме, согласно приложению к настоящим Правилам.

      За полученное служебное удостоверение сотрудники расписываются в журнале учета соответствующей кадровой службы.

      8. Служебные удостоверения и журнал учета хранятся в сейфе соответствующей кадровой службы.

      9. При вручении служебного удостоверения государственному служащему, впервые принятому на государственную службу, проводится разъяснение по его пользованию и порядок его хранения.

      При замене служебного удостоверения, предусмотренного пунктом 6 настоящих Правил, ранее выданное служебное удостоверение изымается и вносится запись в журнал учета сотрудниками соответствующей кадровой службы, ответственными за выдачу служебного удостоверения, также ставится подпись сотрудника, сдавшего служебное удостоверение.

      10. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения служебных удостоверений осуществляют руководители соответствующих кадровых служб.

      11. В случае утраты или порчи служебного удостоверения его владелец незамедлительно извещает в письменной (произвольной) форме соответствующую кадровую службу, подает объявление в средства массовой информации.

      12. По каждому факту утраты, порчи служебного удостоверения, а также передачи его другим лицам или использования не по назначению соответствующая кадровая служба в течение десяти рабочих дней со дня издания приказа о проведении служебного расследования проводит служебное расследование, по результатам которого дисциплинарная комиссия Министерства или комитета рассматривает вопрос о привлечении виновных к дисциплинарной ответственности.

      13. Утерянные служебные удостоверения через средства массовой информации объявляются недействительными, о чем информируется соответствующая кадровая служба. Новое служебное удостоверение взамен утерянного выдается соответствующей кадровой службой после проведения служебного расследования.

      14. При увольнении сотрудник сдает служебное удостоверение в соответствующую кадровую службу.

      На обходном листе при сдаче удостоверения ставится подпись лица, ответственного за выдачу служебного удостоверения.

      15. Служебные удостоверения, сданные сотрудниками при увольнении либо порче, один раз в год подлежат уничтожению с составлением соответствующего акта об уничтожении в произвольной форме.

  Приложение
к Правилам выдачи
служебного удостоверения
Министерства по делам
религий и гражданского общества
Республики Казахстан
  форма

Журнал учета выдачи служебного удостоверения государственных служащих Министерства общественного развития Республики Казахстан

      Сноска. Приложение в редакции приказа Министра общественного развития РК от 29.11.2018 № 01-01/79 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Фотография

№ п/п номер служебного удостоверения

Дата выдачи

Кому выдано Ф.И.О. (при его наличии) служащего

Должность

Подпись служащего в получении удостоверения

Отметка о возврате

Отметка об уничтожении










      Примечание: Журнал учета выдачи служебного удостоверения государственных служащих Министерства общественного развития Республики Казахстан прошнуровывается, пронумеровывается и заверяется подписью руководителя и печатью соответствующей кадровой службы.


  Приложение 2
к приказу Министра по делам
религий и гражданского общества
Республики Казахстан
от 23 февраля 2017 года № 18

Описание служебного удостоверения Министерства общественного развития Республики Казахстан

      Сноска. Заголовок Описания в редакции приказа Министра общественного развития РК от 29.11.2018 № 01-01/79 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Обложка служебного удостоверения состоит из экокожи или кожзаменителя высокого качества темно-синего цвета, размером 19 см х 6,5 см (в развернутом состоянии).

      2. На лицевой стороне служебного удостоверения по центру расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан золотистого цвета, ниже типографским шрифтом выполнена надпись "КУӘЛІК", "УДОСТОВЕРЕНИЕ".

      3. На внутренней стороне служебного удостоверения на белом фоне изображен защитный тангир голубого цвета с использованием скрытой формы солнца и парящего орла в круге.

      В служебном удостоверении Министерства общественного развития Республики Казахстан (далее – Министерство) в верхней части размещены надписи "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ", "МИНИСТЕРСТВО ОБЩЕСТВЕННОГО РАЗВИТИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН".

      В служебном удостоверении комитетов Министерства дополнительной строкой размещены надписи "ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КОМИТЕТІ", "КОМИТЕТ ОБЩЕСТВЕННОГО СОГЛАСИЯ", "АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ", "КОМИТЕТ ПО ДЕЛАМ ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА", "ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ", "КОМИТЕТ ПО ДЕЛАМ МОЛОДЕЖИ И СЕМЬИ.

      Сноска. Пункт 3 в редакции приказа Министра общественного развития РК от 29.11.2018 № 01-01/79 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. На левой стороне: фотография (анфас, цветная) размером 3 см х 4 см, номер служебного удостоверения, текст на казахском языке, заверенный подписью соответствующим руководителем и гербовой печатью.

      5. На правой стороне: изображение Государственного Герба Республики Казахстан, под гербом надпись лазурного цвета "ҚАЗАҚСТАН", номер служебного удостоверения и текст на русском языке. Ниже указывается срок действия удостоверения (выдается сроком на два года).