Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 433 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 қарашада № 19593 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидалары;

      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің және Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Д. Абаев

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2019 жылғы 12 қарашадағы
№ 433 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қызметтік куәлігін беру тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) Министрлікте және Министрліктің комитеттерінде оның мемлекеттік лауазымын растайтын құжат болып табылады.

      3. Қызметтік куәлік осы бұйрықпен бекітілген сипаттамаға сәйкес келеді.

      4. Жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.

2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      5. Қызметтік куәлік Министрліктің аппарат басшысына және комитет төрағаларына Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрдің қолы қойылып беріледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 10.08.2021 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және мерзімі өткен, жоғалған, сондай-ақ бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда беріледі.

      7. Қызметтік куәліктерді беруді және қайтаруды есепке алуды Министрліктің Персоналды басқару департаментінің Кадр жұмысы басқармасы (бұдан әрі – КЖБ) жүргізеді.

      Министрліктің аппарат басшысы және комитет төрағалары жаңа қызметтік куәлік рәсімдеу және алу үшін өздерінің 3х4 см көлемдегі екі дана түрлі түсті фотосуретін кадр қызметіне тапсыруы қажет. Бір фотосурет қызметтік куәлікке, екінші фотосурет осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысандағы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) жапсырылады.

      Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін қызметтік куәліктерді беруді есепке алу журналында қол қояды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 10.08.2021 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы КЖБ сейфінде сақталады.

      9. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті қызметтік куәлікті беруге жауапты КЖБ қызметкерлері қайтарып алады және есепке алу журналына жазба енгізеді және қызметтік куәлікті тапсырған қызметкер қол қояды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 10.08.2021 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды КЖБ басшысы жүзеге асырады.

      11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу тиісті КЖБ-ға жазбаша (ерікті) нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына қызметкердің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), лауазымын, қызметтік куәліктің нөмірін көрсете отырып қызметтік куәліктің жоғалғаны және оны жарамсыз деп тану туралы хабарландыру береді.

      12. Қызметтік куәлікті қасақана жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады.

      13. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы қызметкер КЖБ-ны ақпараттандырады. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті КЖБ бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру шығып, кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселеден кейін береді.

      14. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті КЖБ-ға тапсырады.

      Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

      15. Қызметкерлер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігінің
қызметтік куәлігін беру
қағидаларына
қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналы

Фотосурет

№ р/с қызметтік куәліктің нөмірі

Берілген күні

Кімге берілді қызметкердің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Лауазымы

Қызметкердің алғаны жөнінде жеке қолы

Тапсырғаны туралы белгі

Жою туралы белгі










      Ескертпе: Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп, КЖБ басшысының қолымен және Министрліктің Персоналды басқару департаментінің мөрімен расталады.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2019 жылғы 12 қарашадағы
№ 433 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Қызметтік куәліктің мұқабасының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), қою көк түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан болады.

      2. Қызметтік куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "KÝÁLIK" деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

      3. Қызметтік куәліктің ішкі жағының ақ түсті фонында жасырын түрдегі күн және шеңбер ішіндегі қалықтаған қыранды қолдана отырып, көк түсті қорғаныш тангир бейнеленген.

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қызметтік куәлігінде жоғарғы бөлігінде "QAZAQSTAN RESPÝBLIKASYNYŃ AQPARAT JÁNE QOǴAMDYQ DAMÝ MINISTRLIGI", "МИНИСТЕРСТВО ИНФОРМАЦИИ И ОБЩЕСТВЕННОГО РАЗВИТИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" деген жазу орналастырылған.

      Министрліктің комитеттерінің қызметтік куәлігінде қосымша жолда "AQPARAT KOMITETI", "КОМИТЕТ ИНФОРМАЦИИ", "AZAMATTYQ QOǴAM ISTERI KOMITETI", "КОМИТЕТ ПО ДЕЛАМ ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА", "JASTAR JÁNE OTBASY ISTERI KOMITETI", "КОМИТЕТ ПО ДЕЛАМ МОЛОДЕЖИ И СЕМЬИ", "DIN ISTERI KOMITETI", "КОМИТЕТ ПО ДЕЛАМ РЕЛИГИЙ", "ETNOSARALYQ QATYNASTARDY DAMYTÝ KOMITETІ", "КОМИТЕТ ПО РАЗВИТИЮ МЕЖЭТНИЧЕСКИХ ОТНОШЕНИЙ", деген жазу орналастырылған. Сол жағында: көлемі 3х4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), қызметтік куәліктің нөмірі, министрдің қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған қазақ тіліндегі мәтін. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, қызметтік куәліктің, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті "QAZAQSTAN" деген жазу және орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі (екі жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 10.08.2021 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму Министрінің
2019 жылғы 12 қарашадағы
№ 433 бұйрығына
3-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 210 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14433 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14913 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3) "Қазақстан Республикасы Азаматтық қоғам министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 23 ақпандағы № 18 және "Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 22 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 01-01/79 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14913 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады