Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 86 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 наурызда № 14936 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 26.07.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің Төрағасы

      2017 жылғы 28 ақпан

      ____________ Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 27 ақпандағы
№ 86 бұйрығымен
бекітілген

Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындылардың жобаларын қарау жөніндегі келісу комиссиясының (бұдан әрі – Келісу комиссиясы) әрекет ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мен оның құрамы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және Келісу комиссиясының әрекет ету тәртібі мен оның құрамын айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Келісу комиссиясы – отырысқа тергеп-тексеруге қатысатын адамдарды шақыра отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактілері бойынша қорытындылардың жобаларын, олардың толықтығы мен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын оларда келтірілген бұзушылық фактілері дәлелдемелерінің сапасы тұрғысынан қарау мақсатында құрылған комиссия;

      2) жұмыс органы – монополияға қарсы органның құрылымдық бөлімшесі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.09.2020 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 26.07.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Келісу комиссиясы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Келісу комиссияның әрекет ету тәртібі

      4. Келісу комиссиясы өз құзыреті шегінде:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындылардың жобасын енгізген күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде олардың толықтығы мен оларда келтірілген бұзушылық фактілері дәлелдемелерінің сапасы тұрғысынан қарайды;

      2) тексеру жүргізетін лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) қорытынды жобасын қарау нәтижелері бойынша өзінің ескертулері мен ұсынымдарын енгізеді;

      3) тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) уәжді қорытындысын қарайды;

      4) уәжді қорытындыны қарау нәтижелері бойынша тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) ескертулер мен ұсынымдар енгізеді;

      5) Келісу комиссиясы құзыретінің мәселелері бойынша, оның ішінде Келісу комиссиясының отырыстарына қатысу үшін мемлекеттік органдардан, қоғамдық бірлестіктерден, қауымдастықтардан (одақтардан) тиісті бейіннің сарапшыларын, мамандарын өтеусіз негізде тартады;

      6) Келісу комиссиясына жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.09.2020 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Келісу комиссиясын Төраға басқарады.

      6. Келісу комиссиясының отырыстары, егер онда Келісу комиссиясы мүшелерінің әрбір мемлекеттік орган өкілдерінің кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 26.07.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Келісу комиссиясы мүшелерінің саны сегіз адамды құрайды.

      8. Келісу комиссиясының хатшысы Келісу комиссиясының мүшесі болып табылмайды.

      9. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.09.2020 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.09.2020 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өтінішінің көшірмесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша қорытынды жобасы, Келісу комиссиясы отырысының күні белгіленгенге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей Келісу комиссиясының қарауына енгізіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.09.2020 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.09.2020 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Қорытынды жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарсылықтары мен уәждемелерін қарау кезінде Келісу комиссиясының мүшелері өз пікірін білдіреді. Қажет болған жағдайда қорытынды жобасы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарсылықтары және уәждері бойынша, Келісу комиссиясының мүшелері ауызша және (немесе) жазбаша түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұстанымын сұрайды.

      14. Қорытындының жобасына ескертулер қабылданған жағдайда тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адам (лауазымды адамдар) оны пысықтауды жүзеге асырады және ескертулер мен ұсыныстарды алған кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмейтін мерзімде Келісу комиссиясының қарауына қайта ұсынады.

      Тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адам (лауазымды адамдар) Келісу комиссияның ескертулері мен ұсынымдарымен келіспеген жағдайда Келісу комиссияның қарауына жататын уәжді қорытындыны қалыптастырады.

      Тергеу нәтижелері бойынша қорытындыға келісу комиссиясының ескертулері болмаған жағдайда монополияға қарсы органның лауазымды тұлғасы (лауазымды тұлғалары) қол қояды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.09.2020 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 26.07.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      15. Келісу комиссиясы отырысының нәтижелері қажетті құжаттармен қоса, хаттамамен ресімделеді.

      16. Хаттамада Келісу комиссиясының құрамы, шақырылған адамдар, оның отырысы өткізілетін жері, мерзімі мен күні, Келісу комиссиясы мүшелерінің айтқан ұстанымдары, сондай-ақ шақырылған сарапшылар болған кезде олардың пікірлері көрсетіледі.

      17. Хаттамаға Келісу комиссиясының төрағасы қол қояды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және тергеп-тексеру жүргізген (жүргізетін) лауазымды (лауазымдық) тұлғалардың (тұлғаның) назарына жеткізіледі.

      18. Келісу комиссиясының материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алу мен сақтауды Келісу комиссиясының жұмыс органы жүзеге асырады.

3. Келісу комиссияның құрамы

      19. Келісу комиссиясы мына тұлғалардан тұрады:

      1) монополияға қарсы органның басшысы, Келісу комиссиясының Төрағасы;

      2) монополияға қарсы органның басшысының орынбасары, Келісу комиссиясы төрағасының орынбасары;

      3) монополияға қарсы органның заң қызметінің басшысы;

      4) монополияға қарсы органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары;

      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Заң Департаментінің басшысы;

      7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Департаментінің басшысы;

      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының басшысы.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 26.07.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Келісу комиссиясының құрамын Қағидалардың 19-тармағына сәйкес монополияға қарсы орган айқындайды.

Об утверждении Правил действия согласительной комиссии и ее состава

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 февраля 2017 года № 86. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 марта 2017 года № 14936.

      В соответствии с пунктом 8 статьи 194 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа и.о. Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 26.07.2024 № 6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила действия согласительной комиссии и ее состав.

      2. Комитету по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

     
      Министр
национальной экономики
Республики Казахстан
Т. Сулейменов

      "СОГЛАСОВАН"
Председатель
Национального Банка
Республики Казахстан
28 февраля 2017 года
____________________ Д. Акишев

  Утверждены
приказом Министра национальной
экономики Республики Казахстан
от 27 февраля 2017 года № 86

Правила действия согласительной комиссии и ее состав

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила действия согласительной комиссии (далее – Согласительная комиссия) и ее состав (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 8 статьи 194 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан и определяют порядок действия согласительной комиссии по рассмотрению проекта заключения по результатам расследования нарушений законодательства Республики Казахстан в области защиты конкуренции в отношении Национального Банка Республики Казахстан и ее состав.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) Согласительная комиссия – комиссия, которая создается в целях рассмотрения проектов заключений по результатам расследований нарушений законодательства Республики Казахстан в области защиты конкуренции в отношении Национального Банка Республики Казахстан на предмет их полноты и качества приведенных в них доказательств фактов нарушения законодательства Республики Казахстан в области защиты конкуренции с приглашением на заседание лиц, участвующих в расследовании;

      2) рабочий орган – структурное подразделение антимонопольного органа.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 11.09.2020 № 63 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); с изменением, внесенным приказом и.о. Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 26.07.2024 № 6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Согласительная комиссия является консультативно-совещательным органом.

Глава 2. Порядок действия Согласительной комиссии

      4. Согласительная комиссия в пределах своей компетенции:

      1) рассматривает проекты заключений по итогам расследований нарушений законодательства Республики Казахстан в области защиты конкуренции в отношении Национального Банка Республики Казахстан в срок не более пяти календарных дней со дня внесения на предмет их полноты и качества приведенных в них доказательств фактов нарушения;

      2) вносит должностному лицу (должностным лицам), проводящему (проводящим) расследование, свои замечания и рекомендации по результатам рассмотрения проекта заключения;

      3) рассматривает мотивированное заключение должностного лица (должностных лиц), проводящего (проводящих) расследование;

      4) вносит замечания и рекомендации должностному лицу (должностным лицам), проводящему (проводящим) расследование по результатам рассмотрения мотивированного заключения;

      5) привлекает на безвозмездной основе экспертов, специалистов соответствующего профиля из государственных органов, общественных объединений, ассоциаций (союзов) по вопросам компетенции Согласительной комиссии, в том числе для участия в заседаниях Согласительной комиссии;

      6) осуществляет иные права, необходимые для осуществления возложенных на Согласительную комиссию функций.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 11.09.2020 № 63 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Согласительную комиссию возглавляет Председатель.

      6. Заседания Согласительной комиссии считаются правомочными, если на них присутствует не менее половины от представителей каждого государственного органа.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа и.о. Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 26.07.2024 № 6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Число членов Согласительной комиссии составляет восемь человек.

      8. Секретарь Согласительной комиссии не является членом Согласительной комиссии.

      9. Исключен приказом Министра национальной экономики РК от 11.09.2020 № 63 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      10. Исключен приказом Министра национальной экономики РК от 11.09.2020 № 63 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Рабочим органом не позднее, чем за два рабочих дня до даты заседания Согласительной комиссии, вносятся на рассмотрение Согласительной комиссии копия обращения Национального Банка Республики Казахстан, проект заключения по итогам расследования нарушений законодательства Республики Казахстан в области защиты конкуренции в отношении Национального Банка Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 11 - в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 11.09.2020 № 63 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      12. Исключен приказом Министра национальной экономики РК от 11.09.2020 № 63 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. При рассмотрении возражений и доводов Национального Банка Республики Казахстан по проекту заключения члены Согласительной комиссии высказывают свое мотивированное мнение. При необходимости члены Согласительной комиссии запрашивают устно и (или) письменно позицию Национального Банка Республики Казахстан по проекту заключения, а также по возражениям и доводам Национального Банка Республики Казахстан.

      14. В случае принятия замечаний к проекту заключения должностным лицом (должностными лицами), проводящим (проводящими) расследование, осуществляется его доработка и в срок не позднее пяти календарных дней с момента получения замечаний и предложений повторно представляется на рассмотрение Согласительной комиссии.

      В случае несогласия с замечаниями и рекомендациями Согласительной комиссии должностное лицо (должностные лица), проводящее (проводящие) расследование, формирует (формируют) мотивированное заключение, которое подлежит рассмотрению Согласительной комиссией.

      Заключение по результатам расследования подписывается должностным лицом (должностными лицами) антимонопольного органа в случае отсутствия замечаний Согласительной комиссии.

      Сноска. Пункт 14 - в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 11.09.2020 № 63 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); с изменением, внесенным приказом и.о. Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 26.07.2024 № 6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. Результаты заседания Согласительной комиссии оформляются протоколом с приложением необходимых документов.

      16. В протоколе указываются состав Согласительной комиссии, приглашенные лица, место, время и дата ее заседания, высказанные позиции членов Согласительной комиссии, а также, при наличии приглашенных экспертов, их мнения.

      17. Протокол подписывается Председателем Согласительной комиссии, и доводится до сведения Национального Банка Республики Казахстан и должностных (должностного) лиц (лица), проводящих (проводящего) расследования.

      18. Учет и хранение материалов и протокольных решений Согласительной комиссии осуществляет рабочий орган Согласительной комиссии.

Глава 3. Состав согласительной Комиссии

      19. Согласительная комиссия состоит из следующих лиц:

      1) руководитель антимонопольного органа, Председатель Согласительной комиссии;

      2) заместитель руководителя антимонопольного органа, заместитель председателя Согласительной комиссии;

      3) руководитель юридической службы антимонопольного органа;

      4) руководитель структурного подразделения антимонопольного органа;

      5) заместитель Председателя Национального Банка Республики Казахстан;

      6) руководитель Юридического департамента Национального Банка Республики Казахстан;

      7) руководитель Департамента Национального Банка Республики Казахстан;

      8) руководитель Управления Национального Банка Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 19 - в редакции приказа и.о. Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции РК от 26.07.2024 № 6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      20. Состав Согласительной комиссии определяется антимонопольным органом в соответствии с пунктом 19 Правил.