Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 26 шiлдедегi № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 шiлдеде № 34825 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктің (бұдан әрі – Агенттік) Тергеп-тексерулер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы
Р. Ахметов

"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі Төрағасының
міндетін атқарушы
2024 жылғы 26 шілдедегі
№ 6 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 745 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12494 болып тіркелді) мынадай толықтыру енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру қағидаларды:

      мынандай мазмұндағы 14-1 тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Хабарламаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен шағым жасау оның орындау мерзімнің өтуін тоқтата тұрмайды.".

      2. "Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 86 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14936 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген Келісу комиссиясының әрекет ету қағидалары мен оның құрамына:

      2-тармағының 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жұмыс органы – монополияға қарсы органның құрылымдық бөлімшесі.";

      6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Келісу комиссиясының отырыстары, егер онда Келісу комиссиясы мүшелерінің әрбір мемлекеттік орган өкілдерінің кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады.";

      14-тармағының үшіні бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тергеу нәтижелері бойынша қорытындыға келісу комиссиясының ескертулері болмаған жағдайда монополияға қарсы органның лауазымды тұлғасы (лауазымды тұлғалары) қол қояды.";

      19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Келісу комиссиясы мына тұлғалардан тұрады:

      1) монополияға қарсы органның басшысы, Келісу комиссиясының Төрағасы;

      2) монополияға қарсы органның басшысының орынбасары, Келісу комиссиясы төрағасының орынбасары;

      3) монополияға қарсы органның заң қызметінің басшысы;

      4) монополияға қарсы органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары;

      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Заң Департаментінің басшысы;

      7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Департаментінің басшысы;

      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының басшысы.";

      3. "Өткізілген сатып алу туралы ақпараттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 250 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17253 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-1-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, 5-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Аталған бұйрықпен бекітілген Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан тізбесіндегі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің өзгерістер мен
толықтыру енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 16 шілдедегі
№ 250 бұйрығына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Монополияға қарсы органға.

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған:

      www.gov.kz/memleket/entities

      Әкімшілік деректер нысанының атауы:

      ________________ кезеңінде өткізілген сатып алулар туралы ақпарат.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-ТНБ.

      Кезеңділігі: сұрау салу бойынша*

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: электронды нысанда өткізілетін сатып алуды қоспағанда, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар, табиғи монополиялар субъектілері, пайдалы қазбалардың ірі кен орындарында өндіруді жүргізетін және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардан сатып алу туралы ақпарат алатын уәкілетті мемлекеттік органдар және (немесе) уәкілетті ұйымдар.

      Әкімшілік деректер нысасын ұсыну мерзімі: сұрау салуда көрсетілген мерзімде.

      ____________________________________________________________

      * Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 21) тармақшасына сәйкес монополияға қарсы орган банктік құпияны, сақтандыру құпиясын және бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, мемлекеттік кірістер органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты сұратады және алады.

Ұйымдастырушы туралы мәліметтер

Р/с

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

Заңды және нақты мекенжайы, телефон/ факс, электрондық мекенжайы

Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы

Хабарландырудың нөмірі

Лот-тың нөмірі

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға бөлінген сома

Сатып алуды жүзеге асыру тәсілі

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер

Өткізілген сатып алудың нәтижелері

Әлеуетті өнім берушінің атауы

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

Заңды және нақты мекен-жайы, телефон/факс, электрондық мекен-жайы

Өтінім беру күні, уақыты, өтінім берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы

Ұсынылған баға, жеңімпазды көрсете отырып

Өткізілді/өткізілмеді. Сатып алу өткізілмеген жағдайда, себептер мен қабылданған шараларды көрсету қажет:
1) қайта сатып алу жүзеге асырылды;
2) сатып алу бір көзден тәсілімен жүзеге асырылды;
3) сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылданды

Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдамау себептері (қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасай отырып)

Шарттың нөмірі және жасалған күні

Жергілікті қамтудың үлесі туралы ақпарат (%)

9

10

11

12

13

14

15

16

17










      ________________________________________ ________________

      Мекенжай______________________________

      Телефондар_____________________________

      Электрондық пошта мекенжайы__________

      Орындаушы_______________________________ ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      ____________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Мөр орны (бар болса)

      Жасалған күн 20__ жылғы "___"______

  Өткізілген сатып алу
туралы ақпарат нысанына
қосымша

Өткізілген сатып алу туралы ақпарат нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Өткізілген сатып алу туралы ақпарат нысаны (бұдан әрі – нысан) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-1-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына және 5-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастырушы тұлға қол қояды.

2-тарау. Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірме

      3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      4. Нысанның 2-8-бағандарында сатып алуды ұйымдастырушы туралы мәліметтер көрсетіледі:

      4-1. Нысанның 2-бағанында сатып алуды ұйымдастырушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      4-2. Нысанның 3-бағанында сатып алуды ұйымдастырушының заңды және нақты мекенжайлары, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы көрсетіледі.

      4-3. Нысанның 4-бағанында сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы көрсетіледі.

      4-4. Нысанның 5-бағанында хабарландырудың нөмірі көрсетіледі.

      4-5. Нысанның 6-бағанында лоттың нөмірі көрсетіледі.

      4-6. Нысанның 7-бағанында тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға бөлінген сома көрсетіледі.

      4-7. Нысанның 8-бағанында сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды жүзеге асыру тәсілі көрсетіледі.

      5. Нысанның 9-13-бағандарында әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер көрсетіледі:

      5-1. Нысанның 9-бағанында сатып алуға қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атаулары көрсетіледі.

      5-2. Нысанның 10-бағанында әлеуетті өнім берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      5-3. Нысанның 11-бағанында әлеуетті өнім берушінің заңды және нақты мекенжайлары, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы көрсетіледі.

      5-4. Нысанның 12-бағанында өтінімдер беру күні, уақыты, өтінім берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіледі.

      5-5. Нысанның 13-бағанында сатып алу жеңімпазын көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер мәлімдеген бағалар көрсетіледі.

      6. Нысанның 14-17-бағандарында өткізілген сатып алудың нәтижелері туралы мәліметтер көрсетіледі:

      6-1. Нысанның 14-бағанында жарияланған сатып алу өткізілгені немесе өткізілмегені туралы мәліметтер көрсетіледі. Сатып алу өткізілмеген жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушы себептер мен қабылданған шараларды көрсетуі қажет:

      1) қайта сатып алу жүзеге асырылды;

      2) сатып алу бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылды;

      3) сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылданды.

      6-2. Нысанның 15-бағанында сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдамау себептері (қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасай отырып) көрсетіледі.

      6-3. Нысанның 16-бағанында өнім берушімен жасалған шарттың нөмірі және жасалған күні көрсетіледі.

      6-4. Нысанның 17-бағанында өткізілген сатып алудың нәтижелері бойынша жергілікті қамтудың үлесі туралы ақпарат пайыздық мәнде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады