"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Көші-қон карточкасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 27 мамырдағы № 351, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 484, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 274, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2013 жылғы 1 қазандағы № 471 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8852 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т.Қабденов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ____________Ж. Қасымбек 2017 жылғы "_____" ______ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________ Б. Сұлтанов 2017 жылғы "_____" ______ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ___________ К. Мәсімов |
2017 жылғы "___" _______ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ___________ Қ. Қасымов 2017 жылғы "_____" ______ |