"Сот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 19) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 334 бұйрығымен бекітілген |
Сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Сот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссияның қызметін (бұдан әрі - Комиссия), сонымен қатар Сот сарапшыларын, сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сарапшыларды кезектен тыс аттестаттауды айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 15.05.2018 № 752 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттестаттаудан (бұдан әрі – аттестаттау) өткізу үшін сот сарапшыларын сапалы іріктеуді қамтамасыз ету;
2) сот сарапшыларын аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттестаттаудан сапалы өткізу;
3) отырыстың ашықтығын және жариялығын қамтамасыз ету болып табылады.
3. Комиссия тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады және мүшелерінің тақ санынан (кем дегенде 5 адамнан) тұрады.
Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не оны алмастыратын адамның) бұйрығымен бекітіледі.
4. Алып тасталды – ҚР Әділет министрінің 15.05.2018 № 752 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру жөніндегі департаментінің директоры (бұдан әрі - Департамент) болып табылады.
Комиссия төрағасы болмаған кезде, (іссапарда, уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде, демалыста) оның қызметтерін Комиссияның бекітілген құрамындағы тізім бойынша келісі адам атқарады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 15.05.2018 № 752 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Алып тасталды – ҚР Әділет министрінің 15.05.2018 № 752 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Комиссия құрамына енгізу үшін кандидатураларды Департаменттің келісім бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамалары органының басшысы ұсынады.
8. Комиссияның қызметін ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамалары органының Кадрлық қамтамасыз ету басқарамасы қызметкерлерінің қатарынан Комиссия хатшысы тағайындалады.
2-тарау. Комиссияның өкілеттіктері
9. Комиссия төрағасы:
1) отырысты шақырады;
2) Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3) Комиссияның жұмысын жоспарлайды;
4) Комиссия отырыстарында төрағалық етеді.
10. Комиссия мүшелері:
1) сот сарапшыларын аттестаттауға ұсынған құжаттармен танысады;
2) Комиссия отырысында шешілуі тиіс мәселелерді қарайды және тиісті шешім шығарады;
3) отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттігін басқа адамдарға бермейді;
4) сот сарапшыларының білім деңгейін анықтау мақсатында ауызша әңгілесуді өткізеді;
5) сот сарапшыларының аттестаттаудан өту нәтижелерін бағалайды.
11. Комиссияның мүшесі, егер ол:
1) сот сарапшысының туысы болса;
2) сот сарапшыларын аттестаттаудың нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама мүдделі болса немесе оның әділдігіне негізделген күмән тудыратын өзге мән-жайлар болса, сот сарапшыларын аттестаттауға қатыспайды және шығарылады.
12. Осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген мән-жайлар болған кезде Комиссияның мүшесі өздігінен бас тартады.
Өздігінен бас тартпаған жағдайда отырысқа қатысатын Комиссияның мүшелері қарсылық білдіреді.
13. Өздігінен бас тарту және қарсылық білдіру аттестаттауға дейін, сондай-ақ, аттестаттау барысында жасалады.
14. Комиссия мүшесінің өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы шешімін Комиссия отырысқа қатысқан мүшелердің көпшілік дауысымен жазбаша нысанда қабылдайды және Комиссия мүшесі қатысуымен жариялайды.
15. Комиссияның хатшысы:
1) Комиссия отырысының күн тәртібін жасайды;
2) Комиссияның мүшелеріне Комиссия отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;
3) отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асырады, сот сарапшыларын аттестаттау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын (бұдан әрі – Хаттама) және сот сарапшылары аттестаттау, оның ішінде кезектен тыс аттестаттау жөніндегі комиссия отырысының қорытындысын (бұдан әрі – Қорытынды) ресімдейді;
4) Комиссия мүшесі болып табылмайды.
16. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кем дегенде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
17. Комиссия шешімі ұсынылған құжаттардың негізінде қабылданады, Комиссия мүшелерінің қорытындысы қатысып отырғандардың қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс беру жолымен қабылданады және оны төрағалық етуші жариялайды.
Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының (ол болмаған кезде – төраға орынбасарының) дауысы шешуші болып табылады.
18. Комиссияның отырысы хаттамамен ресімделеді.
Комиссия отырысының хаттамасына аттестаттауды өткізу нәтижесі бойынша Комиссияның мүшелері және хатшысы қол қояды.
Комиссия аттестаттау туралы теріс шешім қабылдаған жағдайда Комиссия отырысының хаттамасында бас тартудың дәлелдері көрсетіледі.
19. Комиссияның шешімі Қорытынды түрінде ресімделеді.
20. Аттестаттау ісі сақтау мерзімі 5 жылды құрайтын құжаттардың санатына жатады.