Білім беру ұйымдарының білім алушылары және тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 мамырда № 15131 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 14 наурыздағы № 37 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 14.03.2023 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 122-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының білім алушылары және тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      _____________ Е. Сағадиев

      2017 жылғы 18 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      ____________ С. Жасұзақов

      2017 жылғы 11 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      ____________ А. Мұхамедиұлы

      2017 жылғы 14 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ____________ К. Қасымов

      2017 жылғы 11 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 7 сәуірдегі
№ 141 бұйрығымен
бекітілген

Білім беру ұйымдарының білім алушылары және тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар білім беру ұйымдарының білім алушылары және тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды айқындайды.

      2. Білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын нығайтуға, сырқаттанушылықтың алдын алуға және төмендетуге бағытталған емдеу-профилактикалық және сауықтыру іс-шаралары көрсетіледі.

      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

      1) алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – МСАК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін қамтитын тәуліктік медициналық бақылаусыз дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек;

      2) тәрбиеленушілер – мектепке дейінгі, интернаттық ұйымдарда білім алушы және тәрбиеленуші адамдар;

      3) білім беру ұйымдарындағы медициналық пункт (бұдан әрі – медициналық пункт) – білім беру ұйымдарының білім алушыларына және тәрбиеленушілеріне дәрігерге дейін және білікті медициналық көмек көрсетуге арналған білім беру ұйымдарындағы жеке кабинеттер;

      4) білім беру ұйымы – білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық көмектің медициналық қызметтер тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бірыңғай көлемі;

      7) білім алушылар – жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары;

      8) халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап тексеру – ауруларды ерте сатыда анықтауға және аурулардың асқынуын, аурулардың туындауына ықпал ететін қауіп факторларының алдын алуға, халық денсаулығын қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған скринингтік қарап-тексерулер;

      9) шағын жинақты мектеп – білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп;

2-тарау. Білім беру ұйымдарының білім алушыларына және тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

      4. Білім беру ұйымдарының білім алушылары және тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету медициналық пункттерде жүзеге асырылады.

      5. Білім беру ұйымдарының білім алушылары және тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет ТМККК шеңберінде көрсетіледі.

      6. Медициналық пункт оқушыларының саны 50 балаға дейінгі шағын жинақты мектептерден басқа, бір ұйымға біреу есебінен білім беру ұйымдарында ашылады.

      7. Білім беру ұйымдарында медициналық пункт болмаған кезде білім алушыларға және тәрбиеленушілерге медициналық қызметті "Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6774 болып тіркелген) жергілікті денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша айқындалған МСАК ұйымы көрсетеді.

      8. Білім беру ұйымдарындағы медициналық пункттер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес медициналық техникамен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, санитариялық, жұмсақ және қатты мүкәммалдармен жарақтандырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10275 болып тіркелген).

      9. МСАК-ты қоса алғанда амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы медициналық қызметке берілген лицензияға қосымшаның негізінде медициналық пунктте медициналық қызметті, мынадай: алғашқы медициналық-санитариялық көмек (дәрігерге дейін және/немесе білікті), білікті (жалпы дәрігерлік практика немесе педиатрия) мамандықтар бойынша мектепке дейінгі және интернаттық ұйымдардың медициналық пункттерін қоспағанда балалар халқына амбулаториялық-емханалық көмекті жүзеге асырады, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету үшін дәрілік заттармен қамтамасыз етеді.

      10. Медициналық пункттердің үлгі штаттары мен штаттық нормативтері "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына сәйкес белгіленеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген).

      11. Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге медициналық қызмет үй-жайларды ұстау, тазалау, ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу білім беру ұйымдары есебінен жүзеге асырылатын медициналық пунктте көрсетіледі.

      12. МСАК ұйымының басшысы медициналық пункттің уақытша жұмыс орнында жоқ негізгі жұмыскерді басқа медицина қызметкерімен алмастыруды қамтамасыз етеді.

      13. Білім беру ұйымдарының білім алушыларын және тәрбиеленушілерін аурулары бойынша жоспарлы диспансерге жатқызуды, емдеуді және (немесе) оңалтуды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларына және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес білім алушылар немесе тәрбиеленушілер бекітілген МСАК ұйымының жалпы практика дәрігерлері, учаскелік педиатрлары, бейінді мамандары, фельдшерлері мен мейіргерлері жүзеге асырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген).

      14. Медициналық пункттердің медицина қызметкерлері жыл сайын білім беру ұйымдарының білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің денсаулығын сақтау және нығайтуды, олардың арасында сырқаттанушылықты төмендету, профилактикалық егулерді, профилактикалық қарап-тексерулерді жүргізуді ұйымдастыруды және МСАК ұйымдарына бекітілген жері бойынша уақтылы диспансерге жатқызуды бақылауды жүргізуді жоспарлайды.

      15. Интернаттық үлгідегі білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлері балалардың денсаулығын сақтау және нығайтуды, профилактикалық іс-шаралар өткізуді, оның ішінде профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастыруды, интернат ұйымдарының санитариялық-гигиеналық және тамақтандыру жағдайын, балалардың тәулік бойы болуын ескере отырып, жұмыс режимін бақылауды қамтамасыз етеді.

      16. Профилактикалық қарап-тексерулер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығымен бекітілген Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесіне сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген).

      17. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне профилактикалық қарап-тексерулерді МСАК ұйымының мамандары білім беру ұйымдарының аумағына барып және (немесе) денсаулық сақтау ұйымының базасында жүргізіледі.

      18. Білім беру ұйымы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 94-бабының 2-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) жоспарлы тәртіпте профилактикалық қарап-тексеру, вакцина егу немесе оларға басқа да медициналық қызметтерді көрсету кезінде медициналық араласуларға білім алушылардың және тәрбиеленушілердің, олардың ата-анасының (заңды өкілінің) ақпараттандырылған келісімін алуға немесе бас тартуын алуға жәрдемдеседі.

      19. Медициналық пункттердің медицина қызметкерлері жоспарлы, маусымдық немесе эпидемиялық көрсетілімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысымен бекітілген Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесіне, Профилактикалық егу жүргізу ережесіне және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарына сәйкес білім беру ұйымдарының білім алушылары және тәрбиеленушілерінің тиісті контингентіне егілгендерді кейіннен қадағалай отырып вакцина егуді жүргізуді қамтамасыз етеді.

      20. Медициналық пункттердің медицина қызметкерлері жіті және созылмалы аурулар ушыққан, жарақаттанған жағдайларда білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, педагог және техникалық персоналға жедел медициналық көмек (кезек күттірмейтін дәрігерге дейінгі көмек, аумақтық емханаға жолдама беру, "жедел" көмек бригадасын шақырту) көрсетеді.

      21. Кодекстің 94-бабының 2-тармағына сәйкес білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне шұғыл көрсетілімдер болған немесе өміріне қауіп төнген кезде медициналық көмек ата-анасының (заңды өкілдерінің) келісімінсіз, балаға көрсетілген медициналық көмек туралы ата-анасы (заңды өкілдері) міндетті хабардар етіле отырып, көрсетіледі.

      22. Медициналық пункттердің медицина қызметкерлері білім беру ұйымдарының психикалық және эмоциялық саламаттылыққа қолдау көрсететін дағдыларды меңгертуге қатысады, мінез-құлықтық қауіп факторларын төмендетуге (темекі шегу, нашақорлық, уытқұмарлық, алкоголизм), сондай-ақ білім беру ұйымдарының психологтарымен және әлеуметтік педагогтарымен бірлесіп басым шаралар қабылдай отырып, білім алушылардың арасында суицид бойынша қауіп топтарын анықтауға қатысады.

      23. Медициналық пункттердің медицина қызметкерлері оқу процесін және оқудың қауіпсіз жағдайларын ұйымдастыруға, білім беру ұйымдарында ұтымды және қауіпсіз тамақтандыруды, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етуге қатысады.

      24. Медициналық пункттердің медицина қызметкерлері салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының мамандарымен бірлесіп жыл сайын педагогикалық кеңестерде, сынып сағаттарында, жалпы және ата-аналар жиналыстарында ата-аналардың, білім алушылардың және тәрбиеленушілердің, тәрбиешілер мен педагогтардың арасында саламатты өмір салтын насихаттау саласында сауаттылығы мен ақпараттандырылуын арттыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлайды және өткізеді.

Об утверждении Правил оказания медицинской помощи обучающимся и воспитанникам организаций образования

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 апреля 2017 года № 141. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 мая 2017 года № 15131. Утратил силу приказом и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 14 марта 2023 года № 37.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра здравоохранения РК от 14.03.2023 № 37 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 122-1) пункта 1 статьи 7 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания медицинской помощи обучающимся и воспитанникам организаций образования.

      2. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в печатном и электронном виде, в одном экземпляре на государственном и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет–ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представить в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2017 года.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
Е. Биртанов

      "СОГЛАСОВАН"
Министр образования и науки
Республики Казахстан
_____________________ Е. Сагадиев
18 апреля 2017 год

      "СОГЛАСОВАН"
Министр обороны
Республики Казахстан
____________________С. Жасузаков
11 апреля 2017 год

      "СОГЛАСОВАН"
Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
_____________________А. Мухамедиулы
14 апреля 2017 год

      "СОГЛАСОВАН"
Министр внутренних дел
Республики Казахстан
_____________________К. Касымов
11 апреля 2017 год

  Утверждены
приказом Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 7 апреля 2017 года № 141

Правила оказания медицинской помощи обучающимся и воспитанникам организаций образования

Глава 1. Обще положения

      1. Настоящие Правила определяют организацию оказания медицинской помощи обучающимся и воспитанникам организаций образования.

      2. В организациях образования оказываются лечебно-профилактические и оздоровительные мероприятия, направленные на укрепление здоровья детей, предупреждение и снижение заболеваемости.

      3. В настоящих Правилах используются следующие термины и понятия:

      1) первичная медико-санитарная помощь (далее - ПМСП) – доврачебная или квалифицированная медицинская помощь без круглосуточного медицинского наблюдения, включающая комплекс доступных медицинских услуг, оказываемых на уровне человека, семьи и общества;

      2) воспитанники - лица, обучающиеся и воспитывающиеся в дошкольных, интернатных организациях;

      3) медицинский пункт в организации образования (далее – медицинский пункт) - отдельные кабинеты в организациях образования, предназначенные для оказания доврачебной и квалифицированной медицинской помощи обучающимся и воспитанникам организаций образования;

      4) организация образования – юридическое лицо, осуществляющее деятельность в области образования;

      5) организация здравоохранения – юридическое лицо, осуществляющее деятельность в области здравоохранения;

      6) гарантированный объем бесплатной медицинской помощи (далее – ГОБМП) – единый по перечню медицинских услуг объем медицинской помощи, оказываемой гражданам Республики Казахстан и оралманам, определяемый Правительством Республики Казахстан;

      7) обучающиеся – учащиеся общеобразовательных организаций;

      8) профилактические медицинские осмотры целевых групп населения – скрининговые осмотры, направленные на выявление заболеваний на ранних стадиях и предупреждение развития заболеваний, факторов риска, способствующих возникновению заболеваний, формирование и укрепление здоровья населения;

      9) малокомплектная школа – общеобразовательная школа с малым контингентом обучающихся, с совмещенными класс-комплектами и со специфической формой организации учебных занятий.

Глава 2. Организация оказания медицинской помощи обучающимся и воспитанникам организаций образования

      4. Оказание медицинской помощи обучающимся и воспитанникам организаций образования осуществляется в медицинских пунктах.

      5. Медицинская помощь обучающимся и воспитанникам организаций образования оказывается в рамках ГОБМП.

      6. Медицинский пункт открывается в организациях образования из расчета один на организацию, кроме малокомплектных школ с количеством учащихся до 50 детей.

      7. При отсутствии медицинского пункта в организациях образования медицинская помощь обучающимся и воспитанникам предоставляется организацией ПМСП, определенной по решению местных органов государственного управления здравоохранением, в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 января 2011 года № 7 "Об утверждении Положения о деятельности организаций здравоохранения, оказывающих амбулаторно-поликлиническую помощь (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6774).

      8. Медицинские пункты в организациях образования оснащаются медицинской техникой, изделиями медицинского назначения, санитарным, мягким и твердым инвентарем в соответствии с санитарными правилами "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам образования", утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 декабря 2014 года № 179 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10275).

      9. Организация здравоохранения, оказывающая амбулаторно-поликлиническую помощь, включающая ПМСП, осуществляет медицинскую деятельность в медицинском пункте на основании приложения к лицензии на медицинскую деятельность: амбулаторно-поликлиническая помощь детскому населению по специальности: первичная медико-санитарная помощь (доврачебная и/или квалифицированная), квалифицированная (общая врачебная практика или педиатрия), за исключением в медицинских пунктах дошкольных и интернатных организаций, а также обеспечивает лекарственными средствами для оказания медицинской помощи.

      10. Типовые штаты и штатные нормативы медицинских пунктов устанавливаются согласно приказу Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 апреля 2010 года № 238 "Об утверждении типовых штатов и штатных нормативов организаций здравоохранения" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6173).

      11. Медицинская помощь обучающимся, воспитанникам оказывается в медицинском пункте, в котором содержание, уборка помещения, проведение текущего и капитального ремонта, оплата коммунальных услуг осуществляется за счет организации образования.

      12. Руководитель организации ПМСП обеспечивает замещение временно отсутствующего основного работника медицинского пункта другим медицинским работником.

      13. Плановая диспансеризация, лечение и (или) реабилитация по заболеванию обучающимся и воспитанникам организаций образования осуществляется врачами общей практики, участковыми педиатрами, профильными специалистами, фельдшерами и медицинскими сестрами организации ПМСП, к которой прикреплены обучающиеся или воспитанники согласно Правилам оказания первичной медико-санитарной помощи и Правилам прикрепления граждан к организациям первичной медико-санитарной помощи, утвержденными приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 281 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11268).

      14. Медицинскими работниками медицинских пунктов ежегодно планируются мероприятия по сохранению и укреплению здоровья обучающихся и воспитанников, снижению среди них заболеваемости, организации проведения профилактических прививок, профилактических осмотров и проведению контроля за своевременной диспансеризацией по месту прикрепления к организации ПМСП.

      15. Медицинскими работниками организаций образования интернатного типа обеспечивается охрана и укрепление здоровья детей, проведение профилактических мероприятий, в том числе организация проведения профилактических прививок, контроль за санитарно-гигиеническим состоянием интернатных организаций, питанием и режимом работы с учетом круглосуточного пребывания детей.

      16. Профилактические осмотры проводятся согласно Правилам проведения профилактических медицинских осмотров целевых групп населения, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 10 ноября 2009 года № 685 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5918).

      17. Профилактические осмотры обучающихся и воспитанников организаций образования проводятся специалистами организаций ПМСП с выездом на территорию организаций образования и (или) на базе организации здравоохранения.

      18. Организация образования оказывает содействие в получении информированного согласия или отказа обучающихся и воспитанников, их родителей (законных представителей) на медицинское вмешательство при проведении профилактических осмотров, вакцинации или оказании им других медицинских услуг в плановом порядке, согласно пункту 2 статьи 94 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс).

      19. Медицинские работники медицинских пунктов обеспечивают плановое, сезонное или по эпидемическим показаниям проведение вакцинации подлежащего контингента обучающихся и воспитанников организаций образования, с последующим наблюдением привитых согласно перечня заболеваний, против которых проводятся профилактические прививки, Правил их проведения и групп населения, подлежащих плановым прививкам, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2295.

      20. Медицинские работники медицинских пунктов оказывают скорую медицинскую помощь обучающимся, воспитанникам, педагогическому и техническому персоналу в случаях острых и обострений хронических заболеваний, травм (неотложная доврачебная помощь, направление в территориальную поликлинику, вызов бригады "скорой" помощи).

      21. При наличии экстренных показаний или угрозы жизни обучающимся и воспитанникам организаций образования медицинским работником медицинская помощь оказывается без согласия родителей (законных представителей) с последующим обязательным информированием родителей (законных представителей) об оказанной медицинской помощи ребенку, согласно пункту 2 статьи 94 Кодекса.

      22. Медицинские работники медицинских пунктов принимают участие в привитии навыков, поддерживающих психическое и эмоциональное благополучие, участвуют в снижении поведенческих факторов риска (курение, наркомания, токсикомания, алкоголизм) и выявлении групп риска по суицидам среди обучающихся и воспитанников организаций образования, с принятием превентивных мер совместно с психологами и социальными педагогами организаций образования.

      23. Медицинские работники медицинских пунктов принимают участие в организации учебного процесса и безопасных условий обучения, обеспечении рационального и безопасного питания, соблюдении санитарно-эпидемиологического режима в организациях образования.

      24. Медицинские работники медицинских пунктов совместно со специалистами центров проблем формирования здорового образа жизни, ежегодно планируют и проводят мероприятия по повышению грамотности и информированности в области пропаганды здорового образа жизни среди родителей, обучающихся, воспитанников, воспитателей и педагогов, на педагогических советах, классных часах, общих и родительских собраниях.