Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а.29.05.2020 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген аталған бұйрықпен бекітілген "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезінде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
жылжымайтын мүлiкке және өзге де мемлекеттік тіркеу объектiлеріне құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу бойынша – өтініш көрсетілетін қызметті берушіге келiп түскен кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жеделдетiлген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу бойынша – өтiнiш Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен кезден бастап келесi жұмыс күнi (егер Мемлекеттік корпорацияда өтiнiш сағат 18-ден кейiн немесе сенбi күнi қабылданса, онда көрсетілетін қызметті беруші үшiн мерзiмдi есептеу келесi жұмыс күнi басталады);
мемлекеттiк органдар және өзге де уәкiлеттi адамдар салатын ауыртпалықтарды (ауыртпалықтардың тоқтатылуын), сондай-ақ заңдық талаптарды тiркеу бойынша – көрсетілетін қызмет алушының өтiнiші келіп түскен кезден бастап дереу орындалады (орындалған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға берiледi);
салынған және күрделілігі бірінші санатқа жататын объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі негізінде (ал мемлекеттік нормативтермен белгіленген жағдайларда қабылдау комиссиясының актісі) жалпы көлемі 1000 шаршы метрден асатын жылжымайтын мүлік объектісіне туындаған құқықтарды алғашқы тіркеу кезінде екінші жұмыс күні беріледі.
Жылжымайтын мүлік объектісінің күрделілігі санаттары техникалық паспортта көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету бір айдан аспайтын мерзімге мынадай жағдайларда:
сотқа берілген талап және өзге де арыздар (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;
заңның бұзылуын жойғанға дейін прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес;
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
егер қажетті құжаттардың болмауы құжаттарды тіркеуге қабылдамауға негіз болып табылмаса, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген барлық құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының ұсынбауы;
егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылмаса, мемлекеттік органдардан шығатын құжаттарда қажетті ақпараттың болмауына немесе осындай құжаттарда қайшылықтардың болуына байланысты осы органдардан түсініктемелер алу немесе қажетті ақпарат сұратып алу үшін;
құқық белгілеуші құжаттар негізінде белгіленетін тіркеу объектісі мен өтініште көрсетілген тіркеу объектісі сәйкес келмеген кезде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін тоқтатылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру туралы шешімді құжаттар қабылданған кезден бастап, бірақ мемлекеттік қызмет көрсетілетін мерзімінің өтуінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті беруші қабылдайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тоқтатыла тұрған кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға, бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ), порталдағы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне және мәміле қатысушыларының электрондық мекенжайларына (болған кезде) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкіліне хабарламаны кейіннен беру үшін тоқтата тұру себептері мен мерзімдерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жолдайды.
Нотариус куәландырылған мәмілелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті нотариустар БНАЖ-бен өзара іс-қимыл жасау арқылы және құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – электрондық тіркеу) құқық белгілеуші құжаттың электрондық көшірмесін жолдау арқылы көрсетеді.
Электрондық тіркеу кезінде "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы алымды төлеу туралы растама болмаған кезде, электрондық сұрау салу алынған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде "жылжымайтын мүлік тіркелімінің" мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі – ЖМТ МД) мемлекеттік қызметті көрсету автоматты түрде тоқтатыла тұрады.
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушыға күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут.
Көрсетілетін қызметті алушының нотариусқа жүгінген кезінен бастап, электрондық тіркеу ЖМТ МД-ның ақпараттық жүйесіне мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеу немесе алымды төлеуден босату туралы растау келіп түскен кезден бастап түскен күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетіледі.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы (құқық иеленуші) немесе оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мынадай:
заңды тұлға үшін уәкілеттігін растайтын құжат бойынша:
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша немесе оның өкілеттігін растайтын өзге де құжат бойынша:
Тіркеу сенімхаттың негізінде жүзеге асырылатын жағдайларда, сенімхаттың екі нұсқасы ұсынылады, оның ішінде біреуі төлнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі болып табылады.
Тіркеуден кейін сенімхаттың төлнұсқасы мәлімдеушіге (уәкілетті өкілге) кері қайтарылады:
1) Мемлекеттік корпорацияда:
жеке тұлғалар үшін:
осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
Ортақ бірлескен меншік құқығының туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеген кезде тіркеу туралы өтінішті барлық қатысушылар немесе олардың біреуі қалған қатысушылардың нотариалды тәртіппен куәландырылған келісімін ұсына отырып беруі мүмкін.
көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат (төлнұсқа қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін ұсынылады);
тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші құжат. Жер учаскесіне құқықты (ауыртпалықты) тіркеу кезінде жер учаскесіне идентификаттау құжаты ұсынылады.
Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде құқықтар (талаптар) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде тапсыру шарты ұсынылады);
бюджетке тіркеу алымы сомасын төлегенiн растайтын құжат немесе алымдарды және төлеуден босататын жекеленген жеңілдіктер санатын растайтын құжат;
заңды тұлға үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші құжат.
Жер учаскесіне құқықтар (ауыртпалықты) тіркеу кезінде жер учаскесіне идентификаттау құжаты ұсынылады.
Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде құқықтар (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде тапсыру шарты) ұсынылады;
бюджетке тіркеу алымы сомасын төлегенiн растайтын құжат немесе алымдарды және төлеуден босататын жекеленген жеңілдіктер санатын растайтын құжат;
құрылтай құжаттары;
"Акционерлік қоғамдар туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарда немесе құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда құрылтайшылардың (қатысушылар, директорлар кеңесі, акционерлер кеңесі) жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алуға немесе иелiктен айыруға жиналыстарының хаттамалары (олардан үзiндi көшірмелер) ұсынылады;
шетелдiк заңды тұлғалар сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi көшірмені немесе шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлдегi нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге ұсынады.
Егер тiркеуге арналған өтiнiште сатып алынатын немесе сатылатын активтердiң жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгiленген мөлшерден асып кететiні туралы мәлiметтер болса, онда көрсетілетін қызметті алушы монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келiсiмiн ұсынады.
Жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын растайтын құжаттар екі данада ұсынылады, олардың біреуі төлнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме болып табылады.
Құқық белгілейтін құжат сот актісі болған жағдайларда және құқық иесіне құжаттың төлнұсқасы берілмейтін өзге де жағдайларда, тіркеу үшін осындай екі көшірмесі беріледі.
Неке шарты болған кезде, мұндай шарт екі данада беріледі, олардың біреуі төлнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме болып табылады.
Деректері құқық белгілейтін құжатта көрсетілмеген жұбайының біреуінің құқығын тіркеу үшін "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес неке жасына жеткен өтініш беруші тіркеуге берілген өтініште неке қатынастарында тұрғаны туралы фактінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді немесе неке қатынастарының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өзінің жұбайы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
2) Электрондық тіркеу кезінде:
нотариус ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат (төлнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін ұсынылады);
нотариус куәландырған, тіркеу объектісін растайтын құқық белгілейтін құжаттар – электрондық нысанда нотариуспен электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
бюджетке тіркеу алымы сомасының төлемі немесе жекелеген жеңілдіктер санатын растайтын және алымдарды төлеуден босататын құжат:
бөлек тұратын зейнеткерлер және мемлекеттік тіркеу кезінен үш жыл ішінде кадрларды даярлаумен және оқытумен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілері санаттары үшін – электрондық сұрау салуға электрондық нысанда қоса тігіледі;
мәмілеге қатысушылардың Интернет желісіндегі электрондық мекенжайлары (болған кезде).
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар туралы, Ұлы Отан соғысы кезінде тылда аянбай еңбек еткені және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері және медальдарымен наградталған адамдар туралы, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы кезінде тылда аянбай еңбек еткені және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері және медальдарымен наградталмаған адамдар туралы, мүгедектер туралы, сондай-ақ бала жасынан мүгедек баланың ата-анасының бірі туралы;
жетім балалар және он сегіз жасқа толғанға дейін ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы;
оралмандар туралы мемлекеттік ақпараттық жүйе қамтылатын мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері және нотариус "электронды үкіметің" шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорация ақпараттық жүйесі бойынша тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының "Идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы", "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңдарында және Кәсіпкерлік кодексінде өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімді ұсынады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстып тексереді, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
электрондық тіркеу кезінде нотариус көрсетілетін қызметті алушыға БНАЖ берген сұрау салудың бірегей нөмірі туралы ақпаратты береді.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды бекру қолхат негізінде көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат ұсынылғаннан кейін:
заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын құжат бойынша;
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша жүзеге асырылады.
Бюджетке тіркеу алымы сомасын портал арқылы төлеген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға көрсетілген мерзімде жүгінбесе, Мемлекеттік корпорация олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң дайын құжаттарды алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салу жасайды. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жолдайды, кейіннен Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.";
14, 15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.adilet.gov.kz, "Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет портал арқылы нотариуста ЭЦҚ-ның болу шартымен электрондық нысанда көрсетіледі.
16. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 88000807777.";
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
6 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз жеткізгіште:
тіркеу туралы белгiсi бар кепіл талаптарын және мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын, жылжымалы мүлiк кепілдігін тіркеу туралы куәлікті қамтитын кепіл шарты немесе өзге де шарт немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап;
берілетін куәліктерге қатысты жоғалғанның орнына жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң төлнұсқасы;
2) "Екінші деңгейдегі банктер" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЕДБ АЖ) және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі көмегімен электрондық нысанда портал арқылы:
Мемлекеттік корпорацияның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлік;
Мемлекеттік корпорацияның ЭЦҚ-мен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру нысаны - электрондық және қағаз түрінде.";
9 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі жүгінген кезде:
заңды тұлға үшін оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша;
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес, ал құқықтарды (талаптарды) басқаға берген кезде (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы өтініш 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін төлнұсқа ұсынылады);
бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенiн растайтын құжат;
кепіл шарты немесе кепіл талаптарын қамтитын өзге де шарт немесе өтініште қамтылған мәліметтерді Мемлекеттік корпорация тексергеннен кейін тіркеу туралы белгімен көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылатын тапсыру актісін немесе одан үзінді көшірмені (төлнұсқаны немесе нотариалды куәландырылған көшірмені қоса бере отырып, құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде тапсыру туралы шарт).
Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтінішті;
көрсетілетін қызметті алушының (өтініш берушінің) жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін төлнұсқа ұсынылады);
бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенiн растайтын құжат;
2) портал арқылы:
ЕДБ АЖ арқылы заңды немесе жеке тұлғалармен екінші деңгейдегі банкпен кепіл туралы мәліметтерді қамтитын кепіл туралы шарт немесе басқа шарт жасасу кезінде екінші деңгейдегі банктерге жүгіну арқылы (бұдан әрі – электрондық тіркеу):
кепіл ұстаушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш (сұрау салу);
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін төлнұсқа ұсынылады);
кепіл ұстаушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге өтініш жіберуге көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімі;
бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенiн растайтын құжат;
жылжымалы мүлік кепілінің біріңғай реестрі арқылы:
қызмет алушының (кепіл берушінің) және кепіл ұстаушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы, кепіл шарты туралы мәліметті көрсете отырып хабарлама түрінде немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды қолдану арқылы сұрау салу;
"электрондық үкімет" төлеу шлюзі арқылы жүргізілген төлем (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация және екінші деңгейдегі банк қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардын қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Екінші деңгейдегі банктерде электрондық тіркеу кезінде құжаттар ЕДБ АЖ-ға рұқсаты бар банк қызметкеріне беріледі.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға құжатты беру көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке куәлігі ұсынылған кезде қолхат негізінде: заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық тіркеу кезінде Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесі ЕДБ АЖ-ге және кепіл берушінің "жеке кабинетіне" порталға сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарламаны және электрондық тіркеу жүзеге асырылғаннан кейін Мемлекеттік корпорацияның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы нәтижені жібереді.";
14, 15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы ЭЦҚ-ның болу шартымен электрондық нысанда немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды қолдану арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады.
16. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың, "жеке кабинеті" сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 88000807777.";
3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы (құқық иеленуші) немесе оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: заңды тұлға үшін өкілеттікті растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша; адвокаттар, уақытша банкроттық және оңалтушы басқарушылар үшін тарату комиссиялары, кондоминиум объектісінің қатысушысы, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде:
1) Мемлекеттік корпорация:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін төлнұсқа беріледі).
Адвокаттар ордерді ұсынады.
Уақытша, банкроттық және оңалтушы басқарушылар тиісті сот шешімдерін табыс етеді.
Тарату комиссиялары тиісті бұйрықты ұсынады.
Кондоминиум объектісінің қатысушысы пәтерге меншік құқығын растауға негіз болатын құжаттарды немесе кондоминиум қатысушылары өкілдерінің өкілеттігін растайтын кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасын табыс етеді.
2) порталға:
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу.
Мемлекеттік ақпарат жүйелерінде қамтылған жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді қызмет көрсетушінің және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет алуға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжатты мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.";
14, 15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.adilet.gov.kz, "Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған;
15. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды пайдалану арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады.
16. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.";
4) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырылған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі жүгінген кезде:
заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын құжат;
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша, уақытша, банкроттық және оңалтушы басқарушылар оңалту және банкроттық рәсімдерді жүргізу шеңберінде, тарату комиссиясы үшін мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін төлнұсқа беріледі);
заңнамада белгіленген көрсетілетін қызметті алушы өкiлінің өкілеттігін куәландыратын құжат.
2) порталда:
электрондық құжат нысанында ЭЦҚ-мен немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Уақытша, банкроттық және оңалтушы басқарушылар соттың тиісті шешімдерін ұсынады.
Тарату комиссиясы тиісті бұйрықты ұсынады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты мемлекеттік орган мемлекеттік ақпараттық жүйеден берген мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде:
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" нәтижені алу орны және күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға құжатты беру көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат ұсынылғаннан кейін: заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі үшін көрсетілген мерзімде жүгінбеген кезде, Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін дайын құжатты алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жібереді, одан кейін Мемлекеттік корпорация дайын құжатты көрсетілетін қызметті алушыға береді.";
14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.adilet.gov.kz, "Көрсетілетін мемлекеттік қызмет" бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушы Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алады.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.";
5) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі мемлекеттік қызметті көрсетуге жүгінгенде қажетті құжаттар тізбесі:
заңды тұлғалар үшін өкілеттігін растайтын құжаттар бойынша;
жеке тұлғалар үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша, адвокаттар, уақытша, оңалтуды және банкроттықты басқарушылар оңалту және банкроттық рәсімдердің шеңберінде, тарату комиссиясы үшін:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін төлнұсқа беріледі);
Адвокаттар ордер ұсынады.
Уақытша, банкроттық және оңалтушы басқарушылар тиісті сот шешімдерін ұсынады.
Тарату комиссиялары тиісті бұйрықты ұсынады.
2) порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ-мен немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу.
Көрсетілетін ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Респбликасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжатты мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.";
14, 15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.adilet.gov.kz, "Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz.интернет-ресурстарында орналастырылған
15. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды пайдаланумен портал арқылы алады.
16. Көрсетілетін қызметті алушы Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 0807777.";
6) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы (құқық иесі) немесе оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
заңды тұлғалар үшін оның өкілеттігін растайтын құжаттар бойынша;
жеке тұлғалар үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша, адвокаттар, уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылар оңалту және банкроттық рәсімдерді жүргізу шеңберінде, тарату комиссиясы үшін:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (төлнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін ұсынылады);
2) порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ-мен немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжатты мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырады, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.";
14, 15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы ЭЦҚ-ның болу шартымен немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды пайдалану арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алады.
16. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 88000807777.";
7) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі жүгінген кезде:
заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын құжат бойынша;
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша, адвокаттар, уақытша банкроттық және оңалтушы басқарушылар, оңалту және банкроттық рәсімдерді жүргізу шеңберінде, тарату комиссиялары үшін мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін төлнұсқа беріледі).
Адвокаттар ордерді ұсынады.
Уақытша, банкроттық және оңалтушы басқарушылар тиісті сот шешімдерін ұсынады.
Тарату комиссиялары тиісті бұйрықты ұсынады.
2) порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ-мен немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат алуға сұрау салу.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға жүгінген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжатты мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берген мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.";
14, 15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.adilet.gov.kz, "Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-ы болған кезде немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды пайдаланған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
16. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 0807777;
8) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын құжат;
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат;
1) Мемлекеттік корпорацияға :
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын немесе меншік құқығы туралы куәлікті беру туралы өтiнiш;
көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкiлінің жеке басын куәландыратын құжат көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшiн төлнұсқа берiледi;
жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін алым төленгенiн растайтын құжат немесе төлем шлюзi арқылы берiлетiн төлем туралы чек
Тіркеу ісінде электрондық құжаттың (электрондық тіркеуді жасау кезінде) тек қағаз көшірмесі болған кезде, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасы нотариуспен беріледі;
2) порталда:
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды қолдану арқылы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, құқық белгілейтін құжат туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы жүргізілген ақы төлеуді Мемлекеттік корпорация және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Құжаттарды қабылдау кезінде, Мемлекеттік корпорация қызметкері жеке басын куәландыратын құжатты мемлекеттік орган мемлекеттік ақпараттық жүйеден алған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде:
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны және күні көрсетіле отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі жеке куәлігін көрсеткен кезде:
заңды тұлға үшін өкілеттігін растайтын құжат бойынша;
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша қолхат негізінде жүзеге асырылады .
Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне белгiленген мерзiмде жүгiнбеген кезде, Мемлекеттіккорпорация оларды бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды әрi қарай сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткеннен кейiн дайын құжаттарды алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгiнген кезде, Мемлекеттік корпорация бiр жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiге сұрау салады. Көрсетiлетiн қызметтi берушi дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға бiр жұмыс күні iшiнде жiбередi, содан кейiн Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi.";
14, 15 және 16-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.adilet.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушы Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 0807777.";
9) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға және порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына дейін бір күн бұрын ұсынады):
1) құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлікке құрамдастарының идентификатталған және техникалық мәліметтерін енгізу көрсетілетін қызметті берушіге өтініштің түскен күнінен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
2) жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты техникалық паспортты беру:
пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт үшінші жұмыс күнi берiледi;
жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт бесінші жұмыс күнi берiледi;
жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне техникалық паспорт жетінші жұмыс күнінде беріледі;
жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектiлерге техникалық паспорт көрсетілетін қызметті алушы жүгiнген күннен бастап оныншы жұмыс күні берiледi.
Осы тармақшаның 1 және 2–абзацтарында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерін қоспағанда, бірінші күрделілік санатына жататын жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт бесінші жұмыс күні беріледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9173 тіркелген) бекітілген Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығын бекіту туралы.
Мерзiмдi одан әрi ұзарту көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің келiсiмі бойынша объектiнiң күрделiлiк санатына қарай жүргiзiледi, бұл ретте жалпы мерзiм көрсетілетін қызметті алушы жүгiнген күннен бастап екі айдан аспауға тиiс.
Нақты деректерден жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжатта қамтылған идентификатталған және техникалық мәліметтердің деректерден айырмашылықтарын анықтау мақсатында, құқық иеленуші осындай айырмашылықтарды анықтау үшін Мемлекеттік корпорацияға өтініш беруге құқылы. Айырмашылықтарды анықтау өткізілген мемлекеттік техникалық тексеру нәтижелері бойынша жүргізілді. Жанадан тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген техникалық тексеру нәтижесі бойынша идентификатталған және техникалық мәліметтердің айырмашылықтарын анықтау туралы қорытынды, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша айырмашылықтарды анықтау нәтижелері бойынша рәсімделеді;
3) техникалық паспортты қосымша бере отырып қорытындыны беру мерзімдері жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес белгіленеді;
көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсету үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 минуттан аспайды";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінгенде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) техникалық паспортты қоса бере отырып жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлікке құрамдастарының идентификатталған және техникалық мәліметтерін енгізу туралы немесе жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісіне өткізілген техникалық тексерудің нәтижелері бойынша идентификатталған және техникалық мәліметтердің айырмашылықтарын анықтау туралы қорытындысы немесе жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағы бойынша мемлекеттік қызметт көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап;
2) Порталға жүгінгенде көрсетілетін қызметті алушыға жеке кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы, алу орны мен күні көрсетіле отырып, хабарлама жолданады.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкерi мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының техникалық паспортты беру үшін қосымша ақыны төлегенін растайтын құжатты ұсынған кезде береді, ал қызмет көрсету үшін шарт жасасқан кезде, көрсетілетін қызметті алушы өзі қол қойған орындалған жұмыстардың актісін қосымша ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық және қағаз түрінде.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы жылжымайтын мүлік иесі (құқық иеленуші) немесе оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мынадай:
заңды тұлға үшін өкілеттіктерін растайтын құжат бойынша;
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша:
1) Мемлекеттік корпорацияда:
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлікке құрамдастарының идентификатталған және техникалық мәліметтерін енгізу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлікке құрамдастарының идентификатталған және техникалық мәліметтерін енгізу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш (бұдан әрі – өтініш);
көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкiлінің жеке басын куәландыратын құжат (төлнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшiн берiледi), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшiрмесi;
жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын ол болған кезде және (немесе) жер учаскесiне идентификаттау құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттар;
техникалық паспортты беру үшiн төлемді растайтын құжат екі кезеңде ұсынылады:
мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш берген кезде ақы төлеу Бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша көрсетілетін қызметтің базалық құны түрінде жүргізіледі;
жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт алған кезде Бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмыс үшін толық ақы төлеу (қосымша ақы) жүргізіледі.
Егер пәтерге, жатақханалардағы бөлмелерге және үй-жайларға техникалық тексеру жүргізуге жүгінген кезде жер учаскесіне идентификаттау құжаты ұсынылмайды;
жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісіне өткізілген техникалық тексерудің нәтижелері бойынша идентификатталған және техникалық мәліметтердің айырмашылықтарын анықтау туралы қорытындысын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісіне өткізілген техникалық тексерудің нәтижелері бойынша идентификатталған және техникалық мәліметтердің айырмашылықтарын анықтау туралы қорытындысын алуға үшін өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкiлінің жеке басын куәландыратын құжат (төлнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшiн берiледi), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшiрмесi;
жер учаскесiне идентификаттау құжатын ол болған кезде қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттар (объектіні пайдалануға қабылдау актісі);
техникалық тексеру өткізі үшін төлемді растайтын құжат екі кезеңде ұсынылады:
мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш берген кезде бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісіне мемлекеттік техникалық тексеруді өткізу бойынша көрсетілетін қызметтің базалық құны түрінде жүргізіледі;
жылжымайтын мүлік объектісіне қорытынды мен техникалық паспорт алған кезде бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмыс үшін толық ақы төлеу (қосымша ақы) жүргізіледі;
жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспортты алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес техникалық паспорт беруге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) және көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкiлінің жеке басын куәландыратын құжат (төлнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшiн берiледi), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшiрмесi;
жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын ол болған кезде және (немесе) жер учаскесiне идентификаттау құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттар;
Бағалар прейскурантына сәйкес мемлекеттік техникалық тексеруді өткізу үшін төлемді растайтын құжат.
Егер пәтерге, жатақханалардағы бөлмелерге және үй-жайларға техникалық тексеру жүргізуге жүгінген кезде жер учаскесіне идентификаттау құжаты ұсынылмайды;
2) порталға:
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлікке құрамдастарының идентификатталған және техникалық мәліметтерін енгізу үшін:
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды қолдану арқылы сұрау салу;
жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын ол болған кезде және (немесе) жер учаскесiне идентификаттау құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттың (объектіні пайдалануға қабылдау актісі) электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы жасалған төлемді қоспағанда, техникалық паспортты беру үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісіне өткізілген техникалық тексерудің нәтижелері бойынша идентификаттау және техникалық деректердің айырмашылықтарын анықтау туралы қорытындыны алу үшін:
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
ол болған кезде жер учаскесiне идентификаттау құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттар объектіні пайдалануға қабылдау актісі;
ЭҮТШ арқылы жасалған төлемді қоспағанда, техникалық тексеру өткізу үшін төлемді растайтын құжат екі кезеңде ұсынылады;
мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш берген кезде ақы төлеу Бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша көрсетілетін қызметтің базалық құны түрінде жүргізіледі;
жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт алған кезде Бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмыс үшін толық ақы төлеу (қосымша ақы) жүргізіледі;.
жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспортты алу үшін:
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды қолдану арқылы сұрау салу;
жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын ол болған кезде және (немесе) жер учаскесiне идентификаттау құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы жасалған төлемді қоспағанда, техникалық тексеру өткізу үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі екі кезеңде ұсынылады;
мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш берген кезде ақы төлеу Бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша көрсетілетін қызметтің базалық құны түрінде жүргізіледі;
жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт алған кезде Бағалар прейскурантына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін мемлекеттік техникалық тексеру бойынша орындалған жұмыс үшін толық ақы төлеу (қосымша ақы) жүргізіледі.
Егер пәтерге, жатақханалардағы бөлмелерге және үй-жайларға техникалық тексеру үгендеу жүргізуге жүгінген жағдайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылмайды.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы жүргізілген ақы төлеуді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу орны мен күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде:
заңды тұлға үшін өкілеттіктерін растайтын құжат бойынша;
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға көрсетілген мерзімде жүгінбесе, Мемлекеттік корпорация олардың сақталуын қамтамасыз етеді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйекті еместігін анықтау;
2) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқықтан айырылуы болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
14, 15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-ы болған кезде немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды пайдаланған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
16. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 0807777.";
Осы бұйрықтың 1 және 2 қосымшаларына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 1 және 2 қосымшаларын келесі редакцияда жазылсын;
Осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 3 қосымшасымен толықтырылсын;
10) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің техникалық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы (жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесі, құқық иеленушісі) не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажет құжаттардың тізбесі:
өкілеттігін растайтын құжаты бойынша занды тұлға үшін;
нотариалды куәландырған сенімхаты бойынша жеке тұлға үшін;
1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда техникалық паспорттың телнұсқасына телнұсқа беруге өтініші;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
техникалық паспорт телнұсқасын бергенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжат.
2) порталға:
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды қолдану арқылы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын бергені үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген кезде:
Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде не оның өкілінің:
заңды тұлға үшін өкілеттіктерін растайтын құжат бойынша;
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға көрсетілген мерзімде жүгінбесе, Мемлекеттік корпорация олардың сақталуын қамтамасыз етеді.";
14, 15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурстында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-ы болған кезде немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды пайдаланған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 88000807777.";
11) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымайтын мүлік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымшаны беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы (жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесі, құқық иеленушісі) немесе оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажет құжаттардың тізбесі:
өкілеттігін растайтын құжаты бойынша занды тұлға үшін;
нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша жеке тұлға үшін;
1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда техникалық паспорттың телнұсқасына телнұсқа беруге өтініші;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (төлнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін ұсынылады);
техникалық паспорт телнұсқасын бергенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжат.
2) порталға:
осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды қолдану арқылы құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу туралы ақпаратты алу үшін сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын бергені үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген кезде:
Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезденемесеоның өкілінің: заңды тұлға үшін өкілеттіктерін растайтын құжат бойынша; жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға көрсетілген мерзімде жүгінбесе, Мемлекеттік корпорация олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Порталға:
осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын абоненттің абоненттік нөмірін қосу және тіркеу жағдайында, бір реттік парольды қолдану арқылы құқықтық кадастрынан жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу туралы ақпаратты алу үшін сұрау салу.";
14, 15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурстында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-ы болған кезде немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторымен ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеу және қосу жағдайында, бір реттік парольды пайдаланған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
16. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 0807777.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және
коммуникациялар министрі
Д. Абаев
________________________
2017 жылғы 28 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов
________________________
2017 жылғы 28 сәуір
______________________________________________________
(кәсіпорынның атауы)
ҚОРЫТЫНДЫ
жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісіне
өткізілген техникалық тексерудің нәтижелері бойынша
идентификаттау және техникалық деректердің
айырмашылықтарын анықтау туралы
1. Облыс ________________________________________________________________________
2. Аудан ________________________________________________________________________
3. Қала (поселок, елді мекен) _______________________________________________________
4. Қаладағы аудан ________________________________________________________________
5. Мекен-жайы __________________________________________________________________
6. Кадастрлық нөмірі______________________________________________________________
Мемлекеттік техникалық тексерудің мәліметтері
негізінде ________________________________________________________________________
(объектінің атауы)
жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісінің идентификаттау және техникалық деректерінде айырмашылықтар анықталмаған;
жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісінің идентификаттау және техникалық деректерінде айырмашылықтар анықталды
салу ауданы ______________ шаршы метр құрайды
жалпы ауданы _______________шаршы метр құрайды
пайдалы алаңы _____________шаршы метр құрайды
тұрғын алаңы _______________шаршы метр құрайды
негізгі ауданы _____________шаршы метр құрайды
балкондар/лоджиялардың ауданы ______шаршы метр құрайды
құрамдарының саны/негізгі (тұрғын) бөлмелердің саны
________________________________________________________________________________
қабаттылығы/қабат _______________________________________________________________
басқа техникалық сипаттамалары ___________________________________________________
Өзгеріс : ________________________________________________________________________
жыл "____" _____________________________________________________________________
Филиал директоры: ______________________________________________________________
(Тегі, аты және болған кезде - әкесінің аты), қолы)
Бөлім басшысы: _____________________________________Мөрдің орны
(Тегі, аты және болған кезде - әкесінің аты), қолы)
Орындаушы: ____________________________________________________________________
(Тегі, аты және болған кезде - әкесінің аты), қолы)
________________________________________________________________________________
Ескерту: мәліметтердің болмауы жағдайында сызықша қойылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш
______
Жеке тұлғалар үшін:
Азамат (ЖСН)________________атынан, сенiм білдірілген адам (ЖСН)__
________________________________________________________________________________
(Тегі, аты және болған кезде - әкесінің аты туған жылы)
________________________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
______________________________________________________________ атынан әрекет етеді.
Заңды тұлғалар үшін:
Заңды тұлғаның толық атауы _______________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу күні __________________________, БСН ___________________________
Заңды мекенжайы ________________________________________________________________
Тегі, аты және болған кезде (басшының немесе уәкілетті өкілдің) ________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
______________________________________________________________ атынан әрекет етеді.
Маған мемлекеттік қызметті ұсынуыңызды сұраймын: қажеттісін белгілеп қою
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне | ||
жаңадан тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісіне | ||
жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық |
Тексерілетін жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы: ____________________________
________________________________________________________________________________
Қабылданған құжаттардың тізбесі: (атауы, сериясы, қашан және кім
берді):
1. Төлем туралы құжат: түрі__________________№_________ күні___________
сомаға ________________(жазумен)_________________________________________________
2. Қолда бар техникалық паспортты (болған кезде) және жер учаскесiне идентификаттау
құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн (құқық
растайтын) құжаттар (төлнұсқада)
________________________________________________________________________________
3. Байланыс телефоны ____________________________________________________________
Мынадай жұмыстарды орындауды:
жылжымайтын мүлiк объектiсiнің мақсатын мемлекеттік техникалық тексеру жүргізуді сұраймын.
Ескертпе ________________________________________________________________________
Жұмысты бітірген соң төлемнің толық төленуіне (қосымша ақы) кепілдік беремін.
Өтініш берушінің қолы __________, _____жылы, күні "___" ____________________________
Қабылдады _____________________________________________________________________
маманның, инспектордың Тегі, аты және болған кезде және қолы)
жылы______________, күні "_____"________ уақыты: ____ сағат.___минут.
Маманның шығу күні _____________________________________________________________
Құжаттарды беру күні _____________ Тізілімдік нөмір_________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
______________ 20__ж. ___, __________
(Тегі, аты, болса - әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
немесе көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
_________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация КАҚ (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету үшін (мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) _______________________________________….
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарап үшін біреуден жасалды.
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________
Телефон ______________________
Алдым: _____________________________________
көрсетілетін қызметті алушының қолы/Т.А.Ә. қолы
20___ жылғы "___" ________________